- Презентации
- Сабақтың тақырыбы: Архимед күші.
Сабақтың тақырыбы: Архимед күші.
Автор публикации: Нугуманов Е.Ж.
Дата публикации: 07.08.2016
Краткое описание:
1
Сабақтың мақсаты: Дамытушылығы: жаңа физикалық заңдылықтың мағынасын ашып, оны тәжірибеде қолдану. ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру, Білімділігі: оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, алған теориялық білімдерін бір жүйеге келтіріп, практикалық біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелігі:Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету, балаларды еңбектене, іздене білуге баулу, тәжірибе нәтижелерін қорыта білуге, есептер шығаруға дағдыландыру.
2
Сабақтың түрі Жаңа сабақты меңгерту сабағы Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, СТО технологиясы, топтастыру, кім білгір, суреттер галереясы,семантикалық карта,ойды қозғау, термин сөздермен жұмыс. Көрнекілігі: Интерактивті тақта,тірек - сызба, бағалау парағы. Пәнаралық байланыс: Тарих, математика, әдебиет,сурет.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
САБАҚ БАРЫСЫ
4
5
Қызықшылығын ояту. Үй тапсырмасына шолу.
6
Суреттер сырын ашайық. Артындағы сұрақтарға жауап берейік. Барометр не үшін қолданыла ды? Манометр нені өлшейді? Бурдон манометрімен нені өлшейді? Шприцтің әрекеті қандай заңға негізделген? Атмосфера ның негізі қабаттары тәжірибе.Стакан,су,бірбетқағаз. Стаканғажартылайсуқұйып,бетінбірпараққағазбенжауып,қағаздықолменбасыптұрып,төментөңкеріндер.Сутөгілмейді. Неге ? Тәжірибе Бөтелке,қағаз,шырпы,қабығы ашылған жұмыртқа. Бөтелкенің ішіне қағазды жағып, жұмыртқаны қойғанда,ол ішіне кіріп кетеді. Неліктен?
7
Енді қазақтардың ауа-райын болжаудағы қалып-тасқан қағидалары мен тәсілдеріне тоқталайық! Мысық керіліп ұйқыға берілсе - онда ұзақ уақыт ауа-райы қолайлы болады, Тауық биікте қонақтаса - жаңбыр болады, Далада көкектің “ку-ку” деген даусы естілсе - күн ашық болады, Егер құмырсқа илеуінің аузын бекітіп алса - ұзақ жаңбыр болады, Құстар ертемен жем іздесе - күн жауын-шашынды болып келеді, Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса - дауылды боран болады, Балықтар су бетіне шығып, ойнай бастаса - жауын сіркірейді, Жылан мезгілінде ұйықтамаса - күз ұзақ әрі жылы болады, Бал аралар шырын жинауға топтанып келсе - күн ашық болады, Қара қоңыз тығылатын жер іздей бастаса - көп ұзамай жауын жауады, Құмырсқалар әбігерленсе - қатты дауыл болады, Қой тісін қайраса - боран болады, Жаз найзағайлы болса - қыс жайлы болады, Тиін ашық күні тысқа шықпаса - ауа райы бұзылады
8
9
100Н 80Н
10
№ Күштің түрлері Анықтамасы Формула сы 1 Ауырлық күші Денелердің жерге тартылу күшін айтамыз. F = mg 2 Серпімділік күші Дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады. F = k I 3 Үйкеліс күші Денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады. F =μN 4 Тең әрекет ті күш Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әркетіндей әрекет жасайтын күшті айтамыз. F= F1+F2 F=F2-F1 5
11
«Кім білгір?» сайысы. Физикалық термин сөздердің аудармасын табу. № Термин сөз Аударма сөз орналасуы 1 спигмоманометр Жүрек соғуы А 2 манометр Сирек емес, тығыз емес Р 3 Барометр Ауырлық Х 4 Анероид Сұйықсыз И 5 Атмосфера Бу,ауа,шар М 6 Гидравлика Су,түтік Е 7 Деформация Бүліну,бұзылу Д 8 Динамометр Күш өлшеймін К 9 Диффузия Жайылу,таралу Ү 10 Инерция Әрекетсіздік,қозғалыссыздық Ш 11 Планета Қыдырма,кезбе і
12
Сабақтың тақырыбы: §55.Архимед күші. Еңбек түбі береке!
13
Архимед күші
14
Архимед (б.з.б. 287-212) Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында туып, сонда өмір сүрген. Архимед астроном Фидийдің баласы деген жорамал бар. Архимед сол замандағы ірі мәдениет орталығы - Мысырды аралап, александриялық ғалымдардан, солардың ішінде Конон мен Эратосфеннен білім алған. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған. Архимедтің көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алды. Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін тапқан, өз атымен аталған гидростатика заңын ашқан, жер суаратын механизмдерді, жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын, қамал бұзатын соғыс қондырғыларын, т.б. ойлап шығарған. Рычагтың математикалық заңын тапқанда, Архимед “Тіреу нүктесін берсеңдер, Жерді де төңкеріп тастаймын” деп айтқан екен. 9-11 ғасырларда Архимедтің еңбектері араб тіліне, ал 13 ғасырда олар араб тілінен латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тараған. АРХИМЕД кім ?...
15
Әкесі Фидий астроном әрі математик болған. Александриядағы атақты математика мектебінде оқыған Архимед Сиракуз қаласына оралғаннан кейін өзін математика мен механикаға арнайды. Оның құрастырған аппараттары мен машиналары замандастарына техника ғажайыбындай болды. Ол көтеру механизмдерінің теориясын зерттеді. Оның ашқан жаңалықтарының ішінде – Архимед бұрандасы арқылы су, құм т.с.с. материалдарды жоғары көтеруге болады. Архимед өзі зерттеген рычаг туралы «Маған белгілі бір нүкте берсеңіздер, мен барлық әлемді төңкеріп тастар едім» деген екен. 212жылы римдіктер Сиракуз қаласына шабуыл жасаған кезде, Архимед бір сарбаздың қолында қаза болды. Есептеп қарасақ, Архимедтің туғанына биыл шамамен 2300 жыл.
16
Архимед туралы аңыз Аңыз бойынша, бұл заңның ашылуына себепкер болған Сиракуз патшасы Гиерон болған екен. Ол Архимедке зергер жасаған өзінің тәжінің таза алтыннан немесе алтын мен күмістің қоспасынан жасалынғанын анықтауды тапсырады.Бұл есепті шеше алмай, Архимед көп күн әуреленді.Бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде кенеттен ойына әлгі есептің шешуі келген екен дейді.Өзінің ашқан жаңалығына шаттана қуанған ол «Эврика!» (Таптым!) деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен.Сірә,жаңалық ашқан адам ерекше бір сезімге бөленетін болар.
17
АРХИМЕД ЖАЙЛЫ АҢЫЗ ... Аңыз бойынша, бұл заңның ашылуына себепкер болған сиракуз патшасы Гиерон болған екен. Ол Архимедке өзінің тәжінің таза алтыннан жасалғанын біліп беруді тапсырады.
18
19
20
Тірек-сызбалар: F=pS=ρghS, FЫ=F2-F1=ρgh2S-ρgh1S =ρgS (h2-h1) =ρghS=ρgV, FЫ= ρС gVД немесе FА= ρС gVД Архимед күші: FА= ρС gVД
21
Архимед заңы Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш, осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең болады. Еңбек түбі береке!
22
Сұйықта орналасқан денеге әрекет ететін күштер: Ауырлық күші және архимед күші
23
Сұрақ :Адам және көптеген аңдар судың үстінгі бетінде көпке дейін жүзе алады. Бұны қалай түсіндіруге болады? 1-оқушы: Адам суда жүзе алуы оның үнемі аяқ пен қолмен суды итергеннен. Менің ойымша адамның суда жүзуі Архимед күшіне байланысты емес. Ол тек жансыз денелерге әсер ететің күш. 2-оқушы: Меніңше Архимед күші су ішінде адамға да аңға да әсер етеді. 3-оқушы: Архимед күші су ішінде адамға да, аңға да әсер етеді және ол адамның орташа тығыздығына байланысты. Адам денесінің орташа тығыздығы судың тығыздығына жуық сондықтан адам суда жүзе алады. Сұрақ . Кейбір адамдар аяқ-қолын қозғамастан суда арқасымен жүзе алады. 1-оқушы: Арқасымен жүзген кезде адам міндетті түрде терең тыныс алып ауа жұту керек. Менің ойымша осында кері итеруші күштің әсері бар. 2-оқушы: Ал менің ойымша жүзген кезде қарапайым еңкейіп жатқаннан гөрі, шалқайып жатқан адамға төменнен жоғары үлкен кері итеруші күш әсер етеді. 3-оқушы: Маған мынадай ой келді. Бар мәселе суда жүзген адамның тығыздығынды болар. Терең тыныс алғанда адам кеудесі ауамен толып, дене көлемі ұлғаяды. Ал массасын тұрақты деуге болады. Сондықтан дем шығарғанда адамның тығыздығы азайып, дем алғанда тығыздығы көбейеді. Өкпесінде ауаны ұзақ ұстау арқылы адам аяқ-қолын қозғамай жүзе алады.
24
· Сұйыққа (газға) батырылған денелерге АРХИМЕД КҮШІ әсер етеді. · Архимед күші ЖОҒАРЫ бағытталған. · Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы САЛМАҚТАРЫНЫҢ айырмасына тең. · Архимед күші дененің ығыстырып шығарған СҰЙЫҚТЫҢ салмағына тең. · Архимед заңы мына түрде жазылады: FА= ρc*g*Vд · Архимед заңы арқылы суда кемелер ЖҮЗЕДІ.
25
Суретті сөйлетіңдер !
26
Апельсинді суға батыр Саған керегі: Аельсин, суы бар шұңғыл ыдыс. Тәжірибе барысы: а) Бүтін апельсинді суы бар шыны ыдысқа сал.Оны суға батыруға тырыс. Б) Апельсинді қабығынан аршып алдыңғы тәжірибені қайтала. Не байқалады: Нәтижесінде, Қабығы бар апельсин суға батпайды,қабығы жоқ апельсин суға батады. Себеі неде? Ғылымның сырын ұғына Шығыңдар білім шыңына. Үқыптылық пен зеректік Жеткізсің сіздей еренді Физиканың сырына-деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
27
Ойды қозғау стратегиясы. 1. Ауада әрең көтеретін тасты су астында неге оп-оңай көтереміз?Мысалы: құдықтағы шелек су астында жеңіл де, ал көтере бастаған сайын ауырлай түседі. Неліктен? Себебі, шелектегі суға 2 күш әсер етеді.Олар ауырлық күші төмен қарай және су астынан кері итеруші күш. 2. Екі банка алып біреуіне тұщы су және тұзды су құйып, картоп салайық, сол кездегі құбылысты түсіндір. Себебі, егер сұйық тығыздығы қатты дененің тығыздығынан артық болса, дене батады,тығыздығы сұйықтың тығыздығына тең болса, онда тепе-теңдік қалыпта болады, егер сұйық тығыздығы кем болса, онда қалқып жүреді. 3. Бірдей бес ыдыс бар. Олардың біріншісі сумен, екіншісі спиртпен, үшіншісі керосинмен, төртіншісі сынаппен, бесіншісі бензинмен толтырылған. Осы сұйықтардың қайсысы ыдыс түбіне ең көп, ең аз, бірдей қысым түсіреді? Жауабы: Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы оның тығыздығына тәуелді. Тығыздығы көп сұйық ыдыс түбіне көп қысым түсіреді.Ыдыс түбіне сынап ең көп қысым,ал бензин ең аз қысым түсіреді.Керосин мен спирт ыдыс түбіне бірдей қысым түсіреді.
28
Апельсинді суға батыр Саған керегі: Аельсин, суы бар шұңғыл ыдыс. Тәжірибе барысы: а) Бүтін апельсинді суы бар шыны ыдысқа сал.Оны суға батыруға тырыс. Б) Апельсинді қабығынан аршып алдыңғы тәжірибені қайтала. Не байқалады: Нәтижесінде, Қабығы бар апельсин суға батпайды,қабығы жоқ апельсин суға батады. Себеі неде? Ғылымның сырын ұғына Шығыңдар білім шыңына. Үқыптылық пен зеректік Жеткізсің сіздей еренді Физиканың сырына-деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
29
30
31
32
1. Анықтама. 2.Белгіленуі. 3. Формуласы. 4. Өлшенетін бірлігі. 5. Аудармасы. 6. Айналдыр. Кубизм әдісімен бекіту сұрақтары. 1 3 2
33
Үйге тапсырма Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайық. Архимед күшінен алған білімді, Ұмытпай есте сақтайық. Ф 55, 29 жаттығу №6-9
34
V. Үйге тапсырма. Венн диаграммасы: Архимед күші мен ауырлық күші
35
Зейін қойып тыңдағанда рыңыз үшін рахмет!!! Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!!!