- Презентации
- Атмосфералық қысым тақырыбына презентация (7-сынып)
Атмосфералық қысым тақырыбына презентация (7-сынып)
Автор публикации: Мусалиева Р.Г.
Дата публикации: 13.04.2016
Краткое описание:
1
«Қысым» тақырыбы бойынша қайталау Қысым дегеніміз не? Күш деп нені айтамыз? Күштің қандай түрлерін білесіңдер? Математикада текшенің ұзындығы мен енінің көбейтіндісі қандай шаманы білдіреді? Қысымның өлшем бірлігі 1 Па-неге тең болады?
2
Нанды неге өткір пышақпен тураймыз?
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Суретте пішіндері әр түрлі ыдыстар берілген. Барлық ыдыстарда бірдей деңгейде су құйылған. Сұйықтардың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымдары бірдей ме?
4
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» Сегіз найза қолында, көз аудармай, Батыр да аял қылмай ертең таңға. Қанат құйрық суылдап, ысқырады, Көктен қыран сорғалап құйылғанда.
5
Үш ыдыста бірдей деңгейде керосин, су, бензин құйылған. Сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін қысымдары бірдей бола ма?
6
Раушангүлі сабақтарындағы тікенектерінің бетке үлкен қысыммен әсер ету себебі неде?
7
Қатты аязды күні қарды аяқпен басқанда сықырлаған дыбыс естіледі. Неге?
8
9
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі.
10
Атмосфера-(грекше бу, ауа және шар)- бізді қоршаған ауа қабаты.
11
Атмосфера бірнеше қабаттан тұрады. Ауырлық күшінің әрекетінен оның жоғарғы қабаттары төменгі қабаттарына қысым түсіредi. Атмосфера-газ, сондықтан ол Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық бағытта таратады. Соның салдарынан жер бетіне және ондағы барлық денелерге ауа қысым түсіреді. Ауаның жер бетіндегі барлық денелерге түсіретін қысымын атмосфералық қысым деп атаймыз.
12
Э. Торричелли- итальяндық физик және математик. Атмосфералық қысым теориясының негізін қалаушы. Ауаның салмағын өлшеген. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін де байқаған Торричелли болатын. Кейін Торричелли қондырғысы атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдаланыла бастады.
13
14
Атмосфералық қысымды сынап бағанының биіктігі бойынша есептейді. Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1 мм. сын. бағ. алынады. 1 мм. сын. бағ=133,3 Па. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал-барометр.
15
Эксперименттік тапсырма Ыдыстарда су, өсімдік майы, сүт берілген. Сұйықтардың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын есептеңдер. Керекті құралдар: ыдыстағы сұйықтық, сызғыш.
16
Өлшем бірліктерді түрлендіріңдер
17
18
Үйге тапсырма: «Атмосфералық қысымның қоршаған ортаға және адамға әсері» туралы мәліметтер жинау.