- Презентации
- Презентация по физике Линзалар.Жұқа линзаның формуласы
Презентация по физике Линзалар.Жұқа линзаның формуласы
Автор публикации: Макенов Н.К.
Дата публикации: 29.10.2016
Краткое описание:
1
ЛИНЗАЛАР. Жұқа линзаның формуласы
2
ЛИНЗАЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК БЕРЕ ОТЫРЫП,ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ СИПАТТАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, оқушыларға ҰБТ-те кездесетін линзаларға, жұқа линзаларға арналған есептерде кездесетін қиыншылықтарды түсіндіру, линзалардағы кескін салуды үйрету. Жұқа линзаның өрнегін талдау. ГРАФИКАЛЫҚ ӘДІС КӨМЕГІМЕН ЛИНЗАДА КЕСКІН АЛА ОТЫРЫП,ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ САБАҚ МАҚСАТЫ
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
СФЕРАЛЫҚ БЕТПЕН ШЕКТЕЛГЕН МӨЛДІР ДЕНЕ Линза Линза (нем. Linse, лат..lens - чечевица) Линза
4
ЛИНЗАЛАР Линза дегеніміз – екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене. Олар шашыратқыш және жинағыш линзалар болып екіге бөлінеді. Біріншілері өзі арқылы өткен жарықты шашыратады, ал екіншілері оларды бір нүктеге жинайды. Жинағыш линзаның ортасы шетіне қарағанда қалың, ал шашыратқыш линзалардың, керісінше, шеті қалың, ортасы жұқа болып келеді.
5
*Линзаның негізгі ұғымдары мен сипаттамалары. 4.48-суретте кескінделген линзаны қарастырайық. Мұндағы О1 мен ОС2 линзаның сфералық беттерінің қисықтық центрлері, R1 мен R2 – сфералық беттердің қисықтық радиустары. Линзаны жасайтын сфералық беттердің қисықтық центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның бас оптиклық осі деп атайды. Линзаның бас оптикалық осінің бойында, линзалар центрінде жатқан О нүктесін линзаның оптикалық центрі деп атайды. Оптикалық центрі арқылы өткен сәулелер сынбайды, яғни таралу бағытын өзгертпейді. Оптикалық центр арқылы өтетін, бірақ қисықтық центрлері арқылы өтпейтін КL қосымша осьтер деп аталады. В нүктелері линзаның төбелерін, ал линза төбелерінің арақашықтығы линзаның қалыңдығын береді.
6
ЛИНЗА БЕТТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІНЕ ҚАРАЙ: ДӨҢЕС ЛИНЗАЛАР ОЙЫС ЛИНЗАЛАР
7
Дөңес линза түрлері: Қос дөңес (1) Жазық дөңес (2) Ойыс дөңес (3)
8
Ойыс линза түрлері: Қос ойыс (екі жақты ойыс) (4) Жазық ойыс (5) Дөңес ойыс(6)
9
Егер жинағыш линзаның оптикалық осіне параллель жарық сәулелерін түсірсек, олар бір нүктеде, линзаның бас Ғ фокусында жиналады. Бұл нүкте линзаның бас оптикалық осінде жатады. Линзаның екі жағында орналасқан екі бас фокусы бар. Егер линзаға оның қосымша осіне параллель болатын сәуле шоқтарын түсірсек, онда олар бір нүктеде, линзаның қосымша Ғ1 фокусында жиналады. Бұл нүкте линзаның ҒҒ1 фокустық жазықтығында жатады. (4.50-сурет). Линзаның фокустық жазық жазықтығы деп линзаның бас фокусы арқылы линзаның бас осіне перпендикуляр жүргізілген жазықтықты айтады. Линзада фокустық жазықтық екеу, ал қосымша фокустар саны шексіз. Тұрмыста негізінен жұқа линзалар қолданылады.
10
Ғ- линзаның бас фокусы О- линзаның оптикалық центрі . Линзадағы негізгі белгілеулер:
11
Жұқа линза формуласы Жұқа линзаның формуласын қорытып шығарайық. 4.51-суретті қарастырайық. S – жарық шығарып тұрған нүкте, S1 - нүктенің кескіні, SA – түскен сәуле, АS1 - линза арқылы өткен сәуле, F – линзаның бас фокусы, ВҒ – фокальдық жазықтығы, о – линзаның оптикалық центрі, ОВ – линзаның қосымша осі (ол түсетін сәуле SA – ға параллель), В – нүктесі линзаның қосымша фокусы. Нәрседен (жарық нүктесі) линзаның оптикалық центріне дейінгі SO қашықтықты d әрпімен, линзаның оптикалық центрінен нәрсенің кескініне дейінгі ОS1 қашықтықты ƒ әрпімен, ал линзаның фокустық арақашықтығы ОF – ты F әрпімен белгілеп, келесі есептеу жұмыстарын жүргізейік.
12
Жұқа линза формуласы SA S1 мен OBS1 үшбұрыштары – үшбұрыштар ұқсастығының үшінші белгісіне сәйкес ұқсас үшбұрыштар. Ұқсас үшбұрыштардың сәйкес қабырғалары және қабырғаларының кесінділері пропорционал болады. Демек, немесе жоғарыда аталған белгілеулерді пайдалансақ, болады. Түрлендіруден кейін аламыз. Теңдіктің екі жағында d – ға бөлсек, Бұл формула жұқа линзаның формуласы деп аталады.
13
Линзаның оптикалық күші дптр D >, 0 жинағыш линза. D <, 0 шашыратқыш линза. (диоптрия). 1 диоптрия –фокус аралығы 1 м болатын линзаның оптикалық күші. Линзаның сәулені қалай сындыратынын анықтау үшін линзаның оптикалық күші деп аталатын физикалық шама енгізіледі. Оны D әрпімен белгілейді. Линзаның оптикалық күші деп бас фокус арақашықтығына кері шаманы айтады:
14
Линзаларда кескіндерді тұрғызу. Линзалардағы кескіндерді тұрғызу үшін негізгі үш сәулені пайдаланады (4.54-сурет) 1. Бас оптикалық оське параллель сәулелер линзадан сынғаннан кейін оның фокусы арқылы өтеді. 2. Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәуле сынбайды. 3. Линзаның бас фокусы арқылы өтетін сәуле линзадан сынғаннан кейін бас оптикалық оське параллель кетеді. Жинағыш линза нәрсенің нақты кескінін де, жорамал кескінін де беруі мүмкін. Сынған сәулелердің қиылысуы нақты кескінді, ал сәулелердің созындыларының қиылысуы жорамал кескінді береді.
15
Жинағыш линзада кескін алу
16
Жинағыш линзада кескін алу А В А’ B’ O 2F F F 2F
17
Жинағыш линзада кескін алу
18
Жинағыш линзада кескін алу А В А’ B’ O 2F F F 2F
19
Жинағыш линзада кескін алу
20
Жинағыш линзада кескін алу
21
Жинағыш линзада кескін алу
22
Шашыратқыш линза әруақытта жалған кескін береді Шашыратқыш линзада кескін алу
23
Сұрақ-жауап Линза дегеніміз не? Түрлерін ата? Линзада кескінді қалай саламыз? Жұқа линза формуласын жаз? Линзаның оптикалық күші дегеніміз не? Линзаның ұлғайтуы дегеніміз не?
24
Екі суретті салыстыр. Ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары қандай? Ойланып жауап бер:
25
есеп Фокус аралығы 25 см шашыратқыш линзаның оптикалық күшінің абсолют мәні нешеге тең?
26
Графикалық әдісті пайдалана отырып,линзаның фокус аралығын анықтаңыз Есеп
27
2 сұрақ Кескінді сипаттаңыз
28
Линзалардың қолданылуы
29
Рефлексия (кестеде өз ойларыңызды белгілеңіз) Пікірлер иә жоқ білмеймін Сабақта: Көп жаңа нәрселер үйрендім, Өз білімімді көрсеттім, Сыныптастарыммен бірге жұмыс жасадым. Сабақта мен өзімді Еркін сезіндім, Қысылып отырдым , Сабақта маған ұнағаны Топпен жұмыс, көрнекілігі, Басқалай……………
30
Назарларыңызға рахмет! Үй тапсырмасы § 4.11 оқу, Өз бетінше шығаруға арналған есептер