- Презентации
- Атомдық физика сабақтар тізімі
Атомдық физика сабақтар тізімі
Автор публикации: Ошакбаева Ж.К.
Дата публикации: 11.05.2016
Краткое описание:
1
ЖҰЛДЫЗДЫ АСПАН Орындаған: 9 “Г” сынып оқушысы Тастемирова Диана
2
Астрономия Астрономия— ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас ғалам туралы ғылым. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерді немесе денелер жүйелерін, олардың құрылысын, пайда болуын және динамикасын, сондай-ақ, оларда болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне жұлдыздар (соның бірі - Күн), планеталар (соның бірі - Жер), планеталардың серіктері, мысалы, Жер серігі - Ай, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады. Сондай-ақ, ғаламшараралық , жұлдызаралық ортаны, пульсарларды, қара құрдымдарды, галактикаларды және т.б. зерттейді.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Астрономияның негізгі бөлімдері Қазіргі астрономияның зерттеу ауқымы кеңейіп, көп салалы ғылымға айналды. Қазіргі астрономия келесі бағыттарға бөлінген: Астрометрия Теоретикалық астрономия Аспан механикасы Астрофизика - Астрономия нысандарын (объектілерін) физикалық әдістермен зерттейтін ғылым саласы - астрофизика деп аталады. Жұлдыз астрономиясы Космохимия Космогония Космология XX ғасырдың екінші жартысында көне астрономиялық зерттеулерін, ежелгі астрономиялық құрылыстарды зерттейтін археоастрономия қалыптасты.
4
Жұлдыз астрономиясы Жұлдыз астрономиясы – астрономияның жұлдыздық жүйелер құрылысының, құрамының, динамикасының және эволюциясының жалпы заңдылықтарын, сондай-ақ сол заңдылықтардың біздің Галактикада қалай орындалатынын зерттейтін бөлімі. галактикалар мен галактикадан тыс нысандарды нақты зерттейтін сала, 20 ғасырдың орта шенінде Жұлдыз астрономиясынан бөлініп, астрономияның арнаулы бөлімі – галактикадан тыс астрономия деп аталды. Жұлдыз астрономиясы жұлдыз статистикасы, жұлдыз кинематикасы және жұлдыз динамикасы болып бөлінеді.
5
Жұлдыздар жүйесі
6
Жұлдызды аспан Жұлдызды Аспан – аспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы. Түнде жай көзбен аспан сферасының жартысынан, ауа райы жақсы жағдайда, бір мезгілде 2,5 мыңдай жұлдызды көруге болады. Олардың көбісі Құс жолы жолағының маңына орналасқан Бағдарлауға қолайлы болу үшін Жұлдызды аспан, шартты түрде, шоқжұлдыздарға (жалпы саны 88) бөлінген. Жұлдыздарды адамдар ежелден-ақ басты-басты шоқжұлдыздар мен зодиактік жұлдыздарға ажыратқан. Шоқжұлдыздардың атаулары ежелгі гректер мен римдіктердің мифологиясынан алынған (мысалы, Андромеда, Персей, Дельфин, т.б.) немесе егін, мал, аң шаруашылығына (мысалы, Сиыршы, Балықтар, Қоян, т.б.) байланысты қойылған, кейінірек белгіленген шоқжұлдыздардың аттары техниканың дамуына байланысты қойылды
7
Тарихы Жұлдыз астрономиясы 18 ғасырдың соңында В.Гершельдің еңбектерінде қалыптаса бастады. Ол біздің Галактиканың алғашқы моделін жасады. Күн қозғалысының оның айналасындағы жұлдыздармен салыстырғандағы бағытын анықтады. 1847 жылы орыс астрономы В.Я. Струве жарықтың жұлдызаралық кеңістікте жұтылатындығы жөнінде пікір айтты. 1944 жылы біздің Галактикамыздан басқа да жұлдыздық жүйелер – галактикалар бар екендігі толық дәлелденді. 20 ғасырда Жұлдыз астрономиясы саласындағы зерттеулер көптеген елдердің астрономиясы обсерваторияларының басым көпшілігінде, сондай-ақ Қазақстанда Астрофизика институтында жүргізілді
8
Назарларыңызға рахмет!