- Презентации
- Презентация физика Қысым ашық сабақ
Презентация физика Қысым ашық сабақ
Автор публикации: Макенов Н.К.
Дата публикации: 24.10.2016
Краткое описание:
1
Сабақтың тақырыбы: Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы Ашық сабақ
2
Сабақтың өтілу моделі VIІ Қорытын - дылау ІІІ Үй тапсыр- масы V Жаңа материал ІV Өткенді қайталау VIІІ Бағалау І Тақырыбы ІІ Мақсаты VI Жаңа материалды бекіту 15 жаттығу
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Мақсаты Оқушыларға күштің әрекет тіреу ауданына тәуелді болатыны, қысым, қысымның бірліктері мен Паскаль заңы туралы түсінік беру.
4
Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру: а)«Кім жүйрік?» ойыны арқылы өткен тарау материалдарын қайталау сұрақтары беріледі Үй тапсырмасы
5
«Кім жүйрік? 1 2 3 4 5 6 Артқа 7
6
Жаңа сабақ Біз күнделікті тұрмыста пышақ, қайшы, ине сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз. Алайда олардың әсері осы күш түскен беттің ауданына тәуелді болатынын байқай бермейміз. Мысалы, матаны ұшы доғал инеге қарағанда, үшкір инемен тесу оңай, өткір пышаққа қарағанда өтпейтін пышақпен кесу қиын, сол себепті құралдардың кесетін жерінің ауданын кішірейтіп, өткірлеу үшін әр уақытта да олардың жүзін мұқият қайрауға тырысады. Мынадай тәжірибені қарастырайық. Жіңішке төрт аяғы бар үстелшені төңкеріп, ыдыстағы құмның үстіне қояды да, оны массасы 5 кг кір таспен бастырады. Бұл жағдайда үстел құмға батпайды. Ал, үстелшенің бетін жоғары қаратып, үстіне сондай кір тас қойғанда, оның аяғы құмға батып кетеді. Первый заголовок
7
Жаңа сабақ Сол сияқты адамның қармен жүруі қиын, өйткені ол қадам басқан сайын қарға омбылайды. Ал аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не? Шаңғымен де, шаңғысыз да адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады. Бірақ ол күштің бұл екі жағдайдағы әрекеті бірдей емес. Өйткені шаңғы бетінің ауданы адамның табанының ауданынан жиырма еседей үлкен. Сондықтан ол шаңғымен тұрғанда қар бетінің әрбір шаршы сантиметр ауданын шыңғысыз тұрғандағыдан гөрі жиырма еседей аз күшпен басады. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды. Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады: яғни, р-қысым, Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші, S-күш түсетін беттің ауданы. - Первый заголовок
8
Жаңа сабақ ХБЖ-да қысым Паскальмен өлшенеді. . гПа=100 Па=102 Па кПа=1000 Па=103 Па МПа=100000 Па=106 Па Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың барлық қасиеттері олардың құрылысына байланысты болады. Сондықтан біз ең әуелі оларды құрайтын молекулалардың қалай орналасқанын, қалай қозғалатынын және бірімен – бірі қалай әрекеттесетінін, қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың негізгі қасиеттерін еске түсірейік. Алақаныңды жоғары қаратып, сол қолыңды үстелге қой. Кітапты алақаныңа қырымен қойып, оны оң қолыңмен төмен қысып бас. Сол қолың қысымның артуын сезе ме? Енді кітапты алақанға емес, үстелге қой. Бір қолыңмен кітапты үстінен ақырын бас, екінші қолыңды кітаптың қырына тигізіп ұстап тұр. Осы кезде қол қосымша қысымды сезе ме? Міне, осы тәжірибені жасай отырып, кітаптың өзіне түсірілген қысымды бір бағытта ғана тарататынына көз жеткізуге болады. Первый заголовок
9
10
Жаңа сабақ Ал енді сұйықтар мен газдарда қысымның берілуі басқаша болады. Сұйықтар мен газдар қысымды, қатты дене сияқты бір бағытта ғана емес, жан – жаққа бірдей таратады. Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе жасап көрейік. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан және поршеньді цилиндрден тұрады. Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршеньді бассақ, шардың саңылауларынан су немес түтін барлық бағытқа бірдей ұзындықта шапшып немесе будақтап шығатынын байқаймыз. Бұдан қысымның барлық бағытқа таралып қана қоймай, оның мәнінің де бірдей болатыны көрінеді. Бұл сұйықтар мен газдардың өзіне түсірілген қысымды барлық бағытқа бірдей жеткізетінінің дәлелі. Көптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы Блез Паскаль сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеді. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады. Первый заголовок
11
Есеп шығару мысалы: Күйтабаққа ине 0,27Н күшпен әсер етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003см2 болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай? Берілгені: формула: шешуі: Ғ=0,27Н S=0.0003cм2= =3*10-4см2=3*10-8м2 р=? Первый заголовок
12
Жаңа сабақты бекіту
13
Физикалық диктант Қысымды латынның ______әрпімен белгілейді. Бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасы ________ деп аталады Қысымның негізгі өлшем бірлігі __________ Қысымды есептеу формуласы ___________ Қысымды есептеу формуласынан S – аудан _______ мен F – күштің ________ формуласын жазыңдар Қысым бірліктері арасындағы байланысты жазыңдар: 1гПа = _______Па, 1кПа = ______Па, 1МПа = ______ Па, 1500 = ______кПа Бұл құрал қалай аталады? ______________
14
Күректердің қайсысымен жұмыс істеу жеңілірек?
15
Кітаппен жұмыс: 15-жаттығу: №1, №2 Есеп
16
15-жаттығу №1 №2 100см2 ауданға 50Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар. Қар үстінде түрған шаңғышының салмағы 780 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын табыңдар.
17
18
19
Шығармашылық жұмыс: Ағаш білеушенің үстел бетіне түсіретін қысымын анықта
20
21
Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақта нені меңгергенімізді «Кім алғыр?» ойыны арқылы тексереміз
22
Абай Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінен үзінді: Сегіз найза қолында, көз айдармай, Батыр да аял қылмай ертең таңға Қанат құйрық суылдап ысқырады, Көктен қыран сорғалап құйылғанда. Қыс айында шаңғы тебеміз. Шаңғы тебудің талаптарын орындағаннан кейін, жаяу серуендейміз. Осы жағдайларда шаңғымен жүру неге жеңіл? Апаларымыз ертеде көрпені қолмен тіккен кезде неліктен бармаққа оймақ киеді?
23
Себебі қысым түсірілген күшке тура пропорционал, ал оның ауданына кері пропорционал болады, яғни найза ұшының ауданы неғұрлым аз болса, соғұрлым оның түсіретін қысымы көп болады. Адамның қармен жүруі қиын, өйткені ол қадам басқан сайын қарға омбылайды. Шаңғымен де, шаңғысыз да адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады. Шаңғымен тұрғанда қар бетінің әрбір шаршы см ауданын шаңғысыз тұрғандағыдан гөрі 20 еседей аз күшпен басады. Өйткені оймақпенде, оймақсыз да адам тігін тіккендн инеге бірдей күшпен әсер етеді. Бірақ ол күштің бұл екі жағдайдағы нәтижесі бірдей емес. Оймақсыз иненің кері ұшының ауданы аз болады да, оның бармаққа түсіретін қысымы көбейіп, ауырғанын сезінеміз тіпті жарақаттауы да мүмкін. Бұл жағдай болмау үшін кері ұшының ауданын үлкейту мақсатында оймақ киеміз.
24
VІІІ. Бағалау.
25
Бағалау парағы Оқушының аты-жөні Белсенділігі Үй тап. Есеп шығару Физикалық диктант Қорытынды бағасы
26
Үйге тапсырма Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайық. Қысымнан алған білімді, Ұмытпай есте сақтайық. § 33, § 34. 15-жаттығу №3
27
Сау болыңыздар!
28
29
30
31
32
33
34
35
36