- Презентации
- Топ сағаты Өмір қауіпсіздігінің негіздері
Топ сағаты Өмір қауіпсіздігінің негіздері
Автор публикации: Мейрамова Б.М.
Дата публикации: 11.11.2016
Краткое описание:
1
2
Ширатпаны салар алдында созады да тартуды әлсіретпей аяқ қолға салады, бұл жағдайда ширақ қабатының әрбір орамын алдын ала салады. Қысудың жеткіліктігін бақылау: күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғуының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. Әлсіз қойылған ширатпа қан ағуды күшейтуі мүмкін ал, қатты тартылған ширатпа жүйкені зақымдауы мүмкін. Таяқшаны бұрау арқылы, жгутты қысып қан тоқтағанша тартады. Қан ағуды тоқтату тәсілдері:
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Байланған таяқша ашылып кетпес үшін бинтпен орау қажет. Қан жүруінің тоқтап қалмауы үшін, әрбір 15 минут сайын, жгутты босатып отыру керек. Ширатпа – қаң тоқтатудың соңғы тәсілі Жарақаттың жоғарғы жағына, жұмсақ орамның (зақымданушының киімдерінен) үстіне жгут салу керек. Жгут салып болған соң оны созу керек. Бірінші орауды байлаудың алдында, қан тамырларының соғуын, қанның тоқтағанын-тоқтамағанын көру қажет, ал жгут астындағы терінің ағарғанын көру керек.
4
Жгуттың келесі орамын, қатты қыспай орау керек, орағанда шығыс бағытында спираль тәрізді етіп, алдыңғы орамды басып орау керек. Ширатпаның (жгуттың) жанына тура уақыты мен күнін көрсетіп мәлімдеме қалдыру қажет. Жгутты таңғыш және шинамен орамау керек. Көрінетін жерге «жгут» (маркет) көрсетіп қою керек. Қан тамырды басып тұрып, бірнеше қабат салынған таңғышты (асептикалық) немесе бірнеше қабат оралған бинтпен байлау қажет.
5
Егер де таңғыш суланса, жоғарғы жағына тағы да бірнеше қабат таңғыш салып, алақанмен басу қажет. Қан көп кеткен жағдайда аяғын жоғары көтеру, капиллярлық және веноздық қан тоқтату тәсілі ретінде қолдану.
6
Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек көрсету Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50о–қа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды. Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.
7
Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру «ауызға-ауыз», «мұрынға-ауыз» әдістерімен жүргізіледі. «Ауызға-ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды. Бір қолды мойынның астына, екінші қолды зардап шегушінің маңдайына қойып оның басын қысады сөйтіп тыныс жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады. Маңдайдағы алақанның саусақтарымен ауаның шықпауы үшін мұрынды жабады. Көмек көрсетуші өзінің ауызымен зардап шегушінің ауызын толығымен жауып оның тыныс жолдарына ауаны қаттырақ үрлейді, содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкіндік береді.
8
Жоғары тыныс жолдарын босату мынадай ретпен жүргізіледі. Ауыз қуысын тез қарап шығып дәкі салфеткасы оралған сұқ саусақпен алынбалы протезді алады, ауызды сілекейден, балшықтан тазартады. Бұдан кейін таңдай қуысының бөгде заттармен кептелгендігін анықтау үшін саусақты сақтықпен қозғалтады.