- Презентации
- Менің ана тілім 5-сынып
Менің ана тілім 5-сынып
Автор публикации: Торжанова А.Д.
Дата публикации: 15.11.2016
Краткое описание:
1
Сабақтың тақырыбы: «Менің ана тілім» 5-сынып
2
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: Тіл туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету, ә) дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілін дамыту, дүниетанымын кеңейту әрі ойлау қабілеттерін қалыптастыру, б) тәрбиелік: Сөз құдіретінің адам өміріндегі маңызын ұғындыру әрі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтере отырып, тілді құрметтеуге тәрбиелеу, Негізгі идеялар: Оқушылар тақырыптың мағынасын ашады, ана тілі туралы түсінік алады, сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. Күтілетін нәтиже: Ана тілі туралы мәліметтер алады, қолданады, жинақтайды, көшбасшылықты анықтайды.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Психалогиялық хал-ақуал Шаттық шеңберде тұрып бір-біріне жақсы тілектер айту. Сыныпты кеспе қағаз арқылы топқа бөлу. І-топ «Қазақ тілі», ІІ-топ «Орыс тілі» және ІІІ-топ «Ағылшын тілі». ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Сөздікті жатқа айту. Мәтінді мазмұндау. 3-тапсырманы тексеру. «Кітап, оқулық, күнделік» сөздерін үш топ тәуелдейді.
4
ІІІ. Жаңа сабақ Бейнекөрініс арқылы сабақтың тақырыбын ашады. Ана тілім - болашағым, өркенім, Ана тілім - болашағым, ертеңім. Ана тілім - сайыс далам, жер көгім, Ана тілім - арман, ойым, көрнегім. Бауыржан Момышұлы. Балалар бейнекөріністен не көрдік және Бауыржан атамыздың өлең шумақтары не туралы екен, қалай ойлайсыңдар сабағымыздың тақырыбы қандай? -Дұрыс айтасыңдар « Ана тілі». -Онда біз бүгін, сендермен «Менің ана тілім» тақырыбымен танысамыз.
5
1 – тапсырма. «Менің ана тілім» мәтіні бойынша жұмыс жасау. Әр топ мәтінді оқиды. І-топ мәтін бойынша сұрақ құрайды ІІ-топ мәтін бойынша жоспар құрайды ІІІ-топ мәтінді сурет арқылы мазмұндайды І-топ «Қазақ тілі» тобының тапсырмасы. 2 – тапсырма. «Менің ана тілім» тақырыбындағы сөйлесуді жалғастыру. - Сенің ана тілің қандай тіл? - ... . - Сен өз ана тіліңде еркін сөйлесе аласың ба? - ... . ІІ-топ «Орыс тілі» тобының тапсырмасы. 3-тапсырма. «Кім көп біледі?» ойының өткізу. 1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989). 2. Сенің тілің қай тіл? (орыс, шешен, неміс тілі). 3. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл). ІІІ-топ «Ағылшын тілі» тобының тапсырмасы. 4-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті тірек сөздерді қою. Біз жаз..., сен үйрен.., мен оқы..., ол жатта...,сіз шығың..., олар келе.., сіздер айтт....
6
ІҮ. Сергіту сәті. Әр топ аттарына сай диалог құрайды. І-топ «Қазақ тілі»- қазақ тілі туралы диалог құрайды. ІІ-топ «Орыс тілі» - орыс тілі туралы диалог құрайды. ІІІ-топ «Ағылшын тілі»- ағылшын тілі туралы диалог құрайды. Әр топ өз аттарына сай постер қорғайды. Ү. Кері байланыс: «Есте қалғаны...» ойыны арқылы бүгінгі тақырыпты туралы білімдерін толықтырады. Оқушыға гүл шоғы беріледі, осы гүл шоғын бір-біріне кезектесіп беріп, бүгінгі өтілген сабаққа қатысты есте қалғандары туралы айтады.
7
ҮІ. Қорытынды: «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді». Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? ҮІІ. Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі. Жасыл,сары және қызыл смайликтер арқылы оқушылар өз пікірлерін жазып тақтаға іледі. ҮІІІ. Үйге тапсырма 1 – тапсырма (Мәтінді мазмұндау) Тіл туралы мақал-мәтелдерді тауып жаттап келіңдер. ІХ. Бағалау бөлімі. Сабақта белсенді қатысқандары бойынша бір-бірін бағалау.