- Презентации
- Презентация по самопознанию на казахском языке на темуҮйренгенім көп менің
Презентация по самопознанию на казахском языке на темуҮйренгенім көп менің
Автор публикации: Иманбаева Н.К.
Дата публикации: 25.03.2016
Краткое описание:
1
2
Адамгершілік құндылықтар, адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту - “Өзін-өзі тану” пәнінен 4-сынып бойынша алған білімдерін жинақтау, - жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту, - өзін және өзгені сыйлай білуге тәрбиелеу, Сайыс сабақ
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ- жауап, сахналау, ойын, көркем сөз “Өзін-өзі тану” елінің картасы, оқулық, Данышпан атаның, Махаббаттың, Алпамыстың, Ақботаның суреттері, үш жалауша, қағаздан жасалған жүрекшелер.
4
Қол ұстасып тұрайық Үлкен шеңбер құрайық. Жаңа шыққан бұл күнге, Иіліп сәлем қылайық. Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Балалар, өздерің көріп отырғандай, бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр. Сол қонақтармен амандасып шығайық... (қимыл-қозғалыспен көрсету).
5
Қане барлықтарыңызды шаттық шеңберіне шақырамын. Бір-бірімізге жылы лебіздер айты көңілімізді көтерейік. Қол ұстасып тұрайық Үлкен шеңбер құрайық. Жаңа шыққан бұл күнге, Иіліп сәлем қылайық. Балалар мұғаліммен бірге шеңберге тұрады. Үнтаспадан естілген “Дос болайық, бәріміз” әнін бәрі бірге қосылып айтады.
6
Оқушылардың “Өзін-өзі тану” пәнінен 4-сынып бойынша алған білімдерін жинақтау және адмгершілік құндылықтар,адами қасиеттер туралы түсініктерін бекіту үшін әңгімелесу жүргізу. - Өзін-өзі тану пәнінен не үйрендіңдер? Достарыңа, сыныптастарыңа қандай ақыл айтар едіңдер? Ата-аналарыңмен қандай тақырыпта кеңскенді қалар едіңдер? Балаларадың жауаптары - Балалар, бүгін «Өзін-өзі тану» пәнінің осы сыныптағы соңғы сабағы, осы сабақта «Өзін-өзі тану» елін аралап, үйренгендерімізді көрсетуіміз қажет. Ондағы әр елді мекеннің бізге дайындаған сыны бар. Сол сындардан сүрінбей өткен оқушылар «Өзін-өзі тану елінің көшбасшысы» атанып, «Адагершілік шыңына» шығады. Сабақ сайыс түрінде өткізіледі. Оқушылыр үш топқа бөлінеді. «Талап» тобы, «Ақыл» тобы, «Ой» тобы. Араларынан топ басшылары сайланады.
7
“Өзін-өзі тану” елінің суретінен “Тіл табысу” мекені көрсетіледі. Онда Данышпан атаның суреті болады. Оның қолындағы қағазға “Ең жақсы көретін қасиеттерің” деп жазылған. Тапсырманың орындалу жолын түсіндіремін. - Қазір тақтаға Данышпан атаның сұрағын ілемін. Топ басшылары сол сұраққа жауапты өз тобында талқылап, жария етеді. Сұрақ: Адамдармен тіл табысу үшін өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер болу керек? Топ басшыларының жауаптары тыңдалады. - Дұрыс айтасыңдар, кешірімділік, келісушілік, татулық, достық, бірлік, көпшілдік, қамқорлық, сыйластық, әдептілік, адалдық, шыншылдық, әділдік сияқты жақсы қасиеттері бар адам барлық адамдармен қандай жағдай болмасын тіл табыса алады. Осы қасиеттер жазылған жүрекшелерді “Өзін-өзі тану елі” суретіндегі “Тіл табысу” мекеніне ілемін.
8
Мынау – менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау – басым ақылды, Бәрін осы басқарған. Мынау - менің оң қолым, Мынау – менің сол қолым. Барлық істі басқарған. Қимыл – қозғалыспен көрсету.
9
Тақтадағы «Өзін-өзі тану елі» суретіндегі «Білім сарайы» көрсетіледі. Онда Махаббаттың суреті болады. Оның қолындағы қор- жында сұрақтар болады. Тапсырманың орындалу жолын түсіндіремін. - Бұл турда біз «Білім сарайындағы» ақылды Махаббаттың сұрақтарына жауаптарды сахналау түрінде жеткіземіз. Әр топқа үш сұрақ қойылады. Әр топ басшысы қоржыннан сұрақтарды алып, сол сұрақтарға жауаптар бойынша көріністер көрсетеді. Сұрақтар: 1) Өз ұстаздарыңа құрметтеріңді қандай іс әрекетпен көрсетер едіңдер? 2) Өздеріңнің жақсы оқушы екендіктеріңді немен дәлелдейсіңдер? 3) Білімнің адамға пайдасын қалай дәлелдей аласыңдар? 4) Сыныптастарыңды қалай сыйлайсыңдар? 5) Білім алуға көмегі тиген ата-анаңа, ұстазыңа, сыныптастарыңа қандай тілек айтар едіңдер? 6) Өзіңнен кейінгі мектепке алғаш баратын жасы кіші балаларға қандай ақыл айтар едіңдер? - Сендер білім, оқу, ұстаз, еңбек құндылықтарының адам өміріндегі маңыздылығын жақсы ұғынғандарыңды көрсеттіңдер. Осы құндылықтар жазылған жүрекшелерді «Өзін-өзі тану елі» суретіндегі «Білім сарайына» ілу.
10
Тақтадағы «Өзін-өзі тану елі» суретіндегі «Табиғат пен денсаулық» мекені көрсетіледі. Онда Ақботаның суреті бар. Оның қоржынында тапсырма жазылған қағаздар болады. Топ басшылары қоржыннан үш түрлі заттың аты жазылған қағазды алады. Әр топ осы үш затты пайдалана отырып, табиғатқа пайдалы жақсы іс жасау жолын табуы тиіс. 1- қағазда жазылған заттар: күрек, тырма, сыпырғы. Күтілетін жауаптар: Егер мен бұл заттарды алсам, табиғатқа тазалық жұмыстарын жүргізер едім, арық қазып өсімдіктерді суарар едім, тырмамен жер жыртып, дән себер едім, ағаш,гүл отырғызар едім. 2- қағазда жазылған заттар: топырақ, су, гүл тұқымы. Күтілетін жауаптар: Егер мен бұл заттарды алсам, топыраққа тұқымды егіп, суды гүлге құяр едім және т.б. 3- қағазда жазылған заттар: шеге, тақтай, дән. Күтілетін жауаптар: Егер мен бұл заттарды алсам, шегені тақтайға қағып, торғайға жемсауыт жасап, дәнді соған салар едім және т.б. - Балалар сендер өз бойларыңа қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық сияқты жақсы қасиеттерді дарытыпсыңдар. Жауаптарыңды тыңдап, мен риза болып қалдым. Осы адами қасиеттер жазылған жүрекшелерді «Өзін-өзі тану елі» суретіндегі «Табиғат пен денсаулық» ілу.
11
Тақтадағы «Өзін-өзі тану елі» суретіндегі «Адамгершілік шыңы» көрсе- тіледі. Алпамыстың суреті берілген. Тапсырманың орындалу жолын түсіндіру. - Қазір біз «Адамгершілік шыңына» шығу үшін Алпамыстың тапсырмаларын орындаймыз. Оның тапсырмасы бойынша әр топ өз атына сәйкес әрекеттер жасауы тиіс. Мысалы: «Талап тобы» талап қояды, «Ақыл тобы» ақыл айтады, «Ой тобы» ойларын айтады. Тақтада «Адамгершілік шыңының» етегіне жалау тігілген. Әр бала тапсырманыорындағаннан кейін жалаушаның орнын қозғалтып отырады. Алдымен тақтаға «Талап» тобы шығады. Олар адамгершілікке шығу үшін басқа оқушыларға талап қояды: Мысалы: Жақсы оқушы болғаның дұрыс. Бастаған ісіңді соңына дейін аяқтауға тырыс. Мақсатқа жетуде шыдамдылық танытқан жөн және т.б. Олардан кейін тақтаға «Ақыл» тобы шығады, олар Адамгершілікке қол жеткізу үшін басқаларға ақыл айтады: - Менің ақылым - әрқашан да сыйлы болыңдар! - Менің ақылым - жасаған жақсылығың алдыңнан шығады. - Менің ақылым – ерінбей еңбектенсең мақсатыңа жетерсің және «Ой» тобы шығып, балаларға өз ойын айтады: - Менің ойым - өзімді, өзгелерді, айналамды сыйлау. - Менің ойым - әр іске жауапкершілікпен қарау. - Менің ойым – нағыз адам болып қалыптасу және т.б. Әр топ оқушысы тапсырмасын орындаған сайын, өз жалаушасын жылжытып тырады. Жалаушалар «Өзін-өзі тану елінің» адамгершілік шыңына көтеріледі.
12
Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұты, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббатпен тыныштыққа толы, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Ал, енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
13
Сабақты дәйексөзбен қорытындылау: -Балалар, сендердің жауаптарың, пікірлерің,ойларың, әрекеттерің “Өзін-өзі тану” пәні арқылы көп адамгер- шілік құндылықтар мен қасиеттерді ұғынғандарыңды көрсетіп тұр. Бәрің де “Өзін-өзі тану елінің” көшбас- шысы болуға лайықтысыңдар. Осы үйренгендеріңді өмірде пайдаланып, олардың сендерге нағыз адам болып қалыптасу жолында көмектесетініне көздеріңді жеткізіңдер. Өйткені халық “Үйренгенің өзіңе жақсы” деп тектен-тек айтпаған.
14
Оқушылар шеңбер құрып тұрып, кезектесіп “Өзін-өзі тану” пәніне, ұстазына, өзін-өзі тануда бірге болған сыныптастарына алғыстарын, тілектерін айтып, ризашылығын білдіреді. Бәрі бірге қол ұстасып, ән шырқайды. Ризашылық әні Сөзі мен әнін жазған Л.Хей