Әдебиет 7-сынып жусан иісі
Автор публикации: Жолдаякова Ж.Б.
Дата публикации: 03.10.2016
Краткое описание:
1
v Cайын Мұратбеков «Жусан иісі» ,
2
Мақсаты а) өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту, ә) сөйлеу тілін байыту,тіл мәдениетіне көңілдерін аударту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу, б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру,
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
«XXI ғасыр көсбашсысы» интеллектуалды ойын Ойын ІV кезеңнен тұрады.
4
I . Бәйге. Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Ғибрат», «Қасиет» тобы. Әр топқа бес сұрақтан қойылады.
5
1-топқа 1. Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. 2.Шығармада баяндалатын оқиға қай жылдары өткен? 3. Аян ертегісі қалай басталады? 4.Аян тайдырып алған тобығын кімге салғызды? 5. Аянды талай жерге дейін шығарып салған кім?
6
2-топқа 1. Аян алғашқы сауатын кімнен ашты? 2. Әжесі қайтқан соң Аян кімнің қолына көшті? 3. Аянның кешкі қорегі не еді? 4. Аян алғаш рет қалай тобығын тайдырды? ( 5. Ауыл қай жерде орналасқан?
7
II. Көкпар. Әр топтан бір оқушы шығып билет суырады. Берілген тақырып бойынша мақал-мәтел айтады. Топ мүшелері толықтырады. Қанша мақал-мәтел айтса сонша ұпай жинайды.
8
III. Тіл өнер. Әңгімеден бір сөйлем алынады,ішінен бір сөз қалдырып кетеді. Сол сөзді тауып орысша,ағылшынша аудармасын айтады.Толық жауап берсе 30 ұпай.
9
Әуелде біз-балалар оның ..... айтпайтынын білгеніміз жоқ. Менің көкем де,атам да жоқ,сондықтан төбелессем .... ұрсады ғой. Шіркін,ағама .... жазар едім. Ал, жүріңдер мен кешегіден де ... ертегі айтамын. Ағамның .... сіңіп қапты. Аян есік жақтағы темір пештің түбіне төселген құрым киіздің үстінде кір-кір жұқа құрақ .... жамылып жатыр екен. Аян арық ..... отқа тығып жіберіп,шала піскен күйелеш масақты лып дегізіп суырып алатын.
10
«Жетім көрсең жебей жүр» Монолог
11
ІV . Шешендік сөз. Әр топтан бір-бір оқушы шығып тақырып суырады. Тақырыпқа байланысты өз ой-пікірін ортаға салады.
12
Білімді бағалау: Оқушылырдың жинаған ұпайларын есептеп,жеңімпаз қатарды анықтау, белсене қатысқын оқушылырды бағалау.
13
Үйге тапсырма: Аян ертегісін «Баяғыда бір жетім бала болыпты» деген тақырыпта ертегіні жалғастырыңдар.