7

Презентация по казахской литературе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Ертегілердің жанрлық ерекшелігі, халықтық сипаты; Қазақ ертегілердің жиналуы...
Ертегілердің жанрлық ерекшелігі, халықтық сипаты, Қазақ ертегілердің жиналуы мен зерттелуі, Қазақ ертегілерінің жіктелуі, Қазақ ертегілерінің құрылымы, Қиял-ғажайып ертегілері, Тұрмыс-салт ертегілері Жан-жануарлар туралы ертегілер,
2
Барлық елдердің фольклорынан мол орын алатын ауыз әдебиетінің үлгісі - ертегі...
Барлық елдердің фольклорынан мол орын алатын ауыз әдебиетінің үлгісі - ертегілер. Ертегілер ел арасында қара сөз үлгісінде, көркем әңгіме түрінде айтылып таралған. Демек, ертегілердің жанры – көркем проза. Ертегілер адам баласының тұрмыс- тіршілігіне, кәсібіне дүние танымына байланысты туған. Көркем прозаның бұл түрінде халықтың ой-арманы, мақсат-мұраты, әдет-ғұрпы көрініс тапқан.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Ертегі жанрының атқаратын қызметі зор. Ең бастысы – оның тәрбиелік қызметі. С...
Ертегі жанрының атқаратын қызметі зор. Ең бастысы – оның тәрбиелік қызметі. Сонымен қатар тыңдаушының көркемдік-эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығы. Ертегілердің басты мақсаты - сюжетті барынша ғажап, көркем, тартымды түрде әсірелеп баяндау. Демек, ертегі шындық өмірді суреттеуден гөрі, оны әсірелеп баяндауды міндет санайды.
4
Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналуы, хатқа түсіріліп, баспасөзде жариялан...
Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналуы, хатқа түсіріліп, баспасөзде жариялануы ХІХ ғасырдың II жартысынан басталады, Бұл ретте Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Г.Н. Потанин, В.В. Радлов, И.Н. Березин, Ә. Диваевтың үлестері бірінші кезекте аталады. МәшҺүр Жүсіп Көпеев “Дала уәлаяты газетінде” қазақ ертегілерін жариялап отырған. Ахмет Байтұрсынұлының “Тіл-құрал” оқулығында мақал- Мәтелдер мен ертегілер көптеп кездеседі.
5
Сол сияқты Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезов, С. Сейфуллиндер ауыз әдебиеті үлгілер...
Сол сияқты Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезов, С. Сейфуллиндер ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жариялауға маңыз берген. Бұл кезеңде ертегі таза таптық тұрғыдан бағалау бағыты үстемдік алғандықтан, көптеген ертегі нұсқалары назардан тыс қалды, тіпті жинаққа енген ертегілердің мазмұнына да түзетулер енгізілді.
6
Бұл үрдіс ХХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейін жалғасты. 60-шы жылдан бастап ерт...
Бұл үрдіс ХХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейін жалғасты. 60-шы жылдан бастап ертегі жанрын зерттеу ғылыми негізде жүргізіле бастады. Әсіресе, М. Әуезов, Е. Ысмайылов, В. Сидельников, М. Ғабдуллиндер жемісті еңбек етті. Аталған ғалымдар 3 томдық қазақ ертегілерін қазақ және орыс тіліндерінде басып шығарды. Қазақ ертегілері жаңа бағытта зерттеліп, олардың түрі және құрылымы туралы көлемді мақалалар жазылды.
7
Ертегілердің сөйлем құрылымы ауызша айтуға ыңғайлы болып келеді. Қомпозициясы...
Ертегілердің сөйлем құрылымы ауызша айтуға ыңғайлы болып келеді. Қомпозициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Әдетте бастамада кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі мәліметтер ұйқасқан проза түрінде беріледі. Эпикалық баяндау қаһараманның ер жетуін, үйленуін, бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкер мақсат-мұратына жетеді. Бастама мен аяқтау үшін тұрақты тіркестер қолданылады. Мысалы бастама: Бар екен де, жоқ екен Аш екен де, тоқ екен Ерте, ерте, ерте екен Ешкі жүні келте екен Қырғауыл жүні қызыл екен, - деп басталса, соңы “... Сөйтіп, барша мақсат- мұратына жетіпті”, - деп аяқталады.
8
Қазақ ертегілері негізінен 3 топқа жіктеледі. Олар: Қиял-ғажайып ертегілері;...
Қазақ ертегілері негізінен 3 топқа жіктеледі. Олар: Қиял-ғажайып ертегілері, Тұрмыс-салт ертегілері, Жан-жануарлар ертегісі. Бұлардың өзі іштей жіктеледі
9
Қиял-ғажайып ертегілері - қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі. Ға...
Қиял-ғажайып ертегілері - қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі. Ғалымдар олар алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасып дамыған. Сондықтан бұл ертегілерде адамзат дамуының алғашқы сатысындағы (матриархат, магия, анимизм, тотемизм сияқты діни наным-сенім) белгілері сақталған деп санайды. Қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар, аңшы-мергендер, бақташы-малшылар. Олар жыртқыш аңдармен, табиғаттың дүлей күшімен күреседі. Ал жағымсыз кейіпкерлер ретінде жалмауыз кемпір, жезтырнақ, албасты, шайтан, пері, дию, жалғыз көзді дәу, айдаһар, жеті басты жылан, қорқау қасқыр бейнеленеді. Бұл ертегілерде жақсылық пен жамандық, қастық пен достық, жауыздық пен әділдік күресіп, соңында адам баласы өзінің ақыл-парасаты, күш-қайратымен қиындықтарды жеңіп отырады.
10
Қиял-ғажайып ертегілерінің бір түрі – батырлық ертегісі. Батырлық ертегілерін...
Қиял-ғажайып ертегілерінің бір түрі – батырлық ертегісі. Батырлық ертегілерінің басты тақырыбы – ерлікпен үйлену, неше түрлі құбыжықтармен, адам жегіш жалмауыздармен күресу, рудың, елдің намысын қорғау. Қаһармандық үйлену болашақ батырдың өзіне қалыңдық іздеп, ұзақ жолға сапар шегумен байланысты болып келеді. Бұның арғы түп негізінде өз руластарының ішінен қыз алуға тыйым салатын экзогамия заңы жатыр.
11
Ертегілердің бұл түрінде өмірде болған немесе болуға тиісті уақиғалар орын ал...
Ертегілердің бұл түрінде өмірде болған немесе болуға тиісті уақиғалар орын алған. Кейіпкерлері қарапайым адамдар. Басты тақырыптары отбасы, ел, еңбек, жақсылық пен жамандық және т.б.
12
Жануарлар туралы ертегінің түп-төркіні адамзат тарихының ең көне заманында, а...
Жануарлар туралы ертегінің түп-төркіні адамзат тарихының ең көне заманында, аңшылық өмір кезінде жатыр. Адамдар күн көру үшін жабайы аңдарды пайдаланып, оларды қолға үйрету, асырау жайын қарастырды. Олардың қасиеттері туралы мифтік ұғым- түсініктер пайда болды. Кейін келе қоғамдық сананың өзгеруімен ертегілерде жануарлар туралы реалистік түсініктер көрініс тапты. Жануарлардың ерекшеліктерін айқындайтын мінездемелер беріледі. Мысалы, маймыл жұртқа мазақ, күлкілі, түлкі айлакер, қасқыр аңқау. Жануарлар жайындағы қазақ ертегілерінің бір түрі – мысал ертегілер (аполог) деп аталады. Қазақтың мысал ертегілері шығыс фольклорымен тығыз байланысты. Ертегіде суреттелген жан-жануарлар бейнесі арқылы адамдардың жағымсыз мінез-құлықтары сын алынады.
13
Арыстан, қасқыр, түлкі (қазақ халық ертегісі) Арыстан, қасқыр, түлкі үшеуі аң...
Арыстан, қасқыр, түлкі (қазақ халық ертегісі) Арыстан, қасқыр, түлкі үшеуі аң аулауға шығады. Бұлардың қолдарына бір есек, бір киік, бір қоян түседі. Орталарына жинап, арыстан қасқырға: “Сен бөліп бер бізге” – дейді. Қасқыр: Жарайды, бұл белгілі нәрсе ғой, есек арыстандікі, қоян түлкінікі, киік менікі”-, дегенде арыстан ашуланып, қасқырдың мойнын жұлып алып, лақтырып жіберіп, түлкіге: “Сен бөл, мына жолдасың бөлістен шатасты ғой”, - дейді. Түлкі: “Жарайды, бұл ашық жұмыс қой. Есек сіздің таңертеңгі тамағыңыз, киік кешкі тамағыңыз, қоянды таңғы және кешкі астың арасында ауқат қыларсыз”, - депті. Сонда арыстан түлкіге: “Ой сен не деген ғажап бөліске шебер едің, бұл білімді сен кімнен үйрендің”, - дейді. Түлкі: - Жә, ақсақал, бұл бөліс білімін маған үйреткен денесінен ұшып түскен қасқырдың басы емес пе?, - депті. (Қазақ халық әдебиеті: Ертегілер. Бірінші том. Алматы “Жазушы”, 1988. -121 б.)
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию