Қазақ әдебиеті. Презентация Абай
Автор публикации: Смаилова А.А.
Дата публикации: 03.04.2016
Краткое описание:
1
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Абайды оқы - таңырқа!
2
Білімділік: Оқушыларды Ұлы ақын - А.Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге тәрбиелеу. Тәрбиелік: Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру. Шығармашылық: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу. Мақсаты:
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік.
4
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.
5
Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медереседегі оқуы осымен аяқталадады.
6
Абайдың әр өлеңі бізді жақсы болуға, жаман әдеттерден жиренуге тәрбиелейді.
7
Ғылым таппай мақтанба Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек бекер мал шашпақ- Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой- Бес асыл іс, көнсеңіз. Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз. Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз. Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз? Болмасаң да, ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз. Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де-өзі, мал да -өзі Ғылымға көңіл берсеңіз. Білгендердің сөзіне, Махаббатпен ерсеңіз...
8
“Жұлдызды сағат” ойыны 1. Абай қай жылы туды? 1855, 1963, 1845, 2. Қай жерде туды? Семей, Алматы, Торғай 3. Әкесінің аты кім? Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай, 4. Абай қай рудан? Жігітек, Бөкенші, Тобықты, 5. Анасының, әжесінің аттары кім? Әйгерім, Зере, Ұлжан,