7

Презентация по казахскому языку Зат есім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
2
Зат есім. Заттың,ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы зат есім деймі...
Зат есім. Заттың,ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы зат есім дейміз. Сұрақтары: кім?, кімдер?, не?, нелер?.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаул...
Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз. Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады
4
Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды...
Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады. Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.
5
Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді...
Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз. Мысалы: кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.) үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.) өндіріс, мекеме, ұйым аттары (Еңбек, Қайрат, Түрксіб т. б.) газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары (Егемен Қазақстан, Өркен, Менің атым Қожа, Қан мен тер т.б. географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.) қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.) тағы басқа жалқы атаулар жатады.
6
7
Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екінші...
Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екіншісі - туынды зат есімдер. Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбірге және жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз. Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.
8
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған ф...
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрге бөлінеді. Біріккен зат есімдер, Қосарлаған зат есімдер, Тіркес (құрама) зат есімдер, Қысқарған зат есімдер.
9
10
Лексикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге байырғы зат есімдер, сондай-ақ...
Лексикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге байырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тартылу, не ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады. Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі екі я онан астам түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лексикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жатады. Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады. Мысалы: атшы, басшы деген туынды зат есімдер ат, бас деген зат есім түбірлерінен жасалса, атшылық, басшылық деген туынды зат есімдер атшы, басшы деген зат есім негіздерінен (туынды зат есімдерден) жасалған. Ал, жақсылық, үлкендік деген зат есімдер -лық (-дік) жұрнағы арқылы жақсы, үлкен деген сын есімдерден туған. Сондай-ақ, егін, сауын туынды зат есімдері ек, сау деген етістік түбірлерінен жасалса, олардан -шы (-ші) жұрнағы арқылы егінші, сауыншы деген туынды жаңа зат есімдер жасауға болады т. б.
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию