- Презентации
- Презентация тақырыбы Ата-аналар жиналысы
Презентация тақырыбы Ата-аналар жиналысы
Автор публикации: Сулайманова М.А.
Дата публикации: 07.11.2016
Краткое описание:
1
2
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Мектеп, ата -ана, бала арасындағы байланыс
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Мақсаты: Ата – аналарды пікір айтуға ынталандыру, ортақ шешімді анықтау, болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу.
4
Жоспар 1.Білім сапасының көрсеткіші 2. Оқушының білім сапсын көтеруге жоспар құру 3.Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың ролі 4. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы.(тәрбие мәселесі) 5.Жағдаяттар 6.
5
“Мектеп пен ата – ана байланысы неге аз?”
6
7
Баға дегеніміз не? Қандай бағаны жақсы, қандай бағаны жаман деп айтамыз? Қорытынды бағасы “3” болғанда ата – ана не істейді, бала не істейді? Қорытынды бағасы “4,5” болғанда ата –ана не істейді, бала не істейді?
8
БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ Сыныпта 30 оқушы бар.Оның ішінде 15-ұл бала,15-қыз бала. Білім сапасы- 33%. «5»-3 оқушы, «4»-7 оқушы, «3»-20 оқушы ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ-100% АЛГЕБРА-50% ГЕОМЕТРИЯ-50% АҒЫЛШЫН ТІЛІ-100% ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ-70% БИОЛОГИЯ-73% ФИЗИКА-60% ХИМИЯ-57% ГЕОГРАФИЯ-90%
9
Қорытынды бағасы “4,5” болғанда ата –ана не істейді, бала не істейді? АТА - АНА БАЛА
10
Қорытынды бағасы “4,5” болғанда ата –ана не істейді, бала не істейді? АТА - АНА БАЛА ҚУАНАДЫ МАҚТАНАДЫ РИЗАБОЛАДЫ ҚУАНАДЫ МАҚТАНАДЫ КӨҢІЛ– КҮЙІ КӨТЕРІЛЕДІ
11
Қорытынды бағасы “3” болғанда ата – ана не істейді, бала не істейді? АТА - АНА БАЛА
12
Қорытынды бағасы “3” болғанда ата – ана не істейді, бала не істейді? АТА - АНА БАЛА РЕНЖИДІ ҰРСАДЫ КҮЙІНЕДІ ҚОРҚЫНЫШПАЙДА БОЛАДЫ, МҰҢАЙАДЫ,КӨҢІЛ– КҮЙІ ТҮСЕДІ
13
Қорытынды бағасы “3” болғанда ата – ана не істейді?
14
БІРАҚ МАҚТАУ КЕРЕК СЕНУ КЕРЕК СЕНБЕЙМІЗ МАҚТАМАЙМЫЗ АТА – АНАМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛУ МҰҒАЛІММЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛУ КЕРЕК ЕРІНЕМІЗ КӨМЕКТЕСУ КЕРЕК
15
Сіз төмендегі ескерту, шектеулерді балаңызға қаншалықты жиі айтасыз? Баршы, қазір қолым бос емес! Қарашы, тағы бүлдірдің! Дұрыс емес! Сенің бірдеңе үйренетін күнің бола ма? Сен мені жындандырасың! Әкең (немесе шешең) екеуіңнің менсіз күндерің қараң қалар!
16
- Жаным менің! Қуанышым менің! - Сенің қолыңнан бәрі келеді! Сен болмасаң, біз қайтер едік? Ботам келді! Неге көңілсізсің? кел, көмектесіп жіберейін. ақылыңнан айналайын! - Балам өсіп қалыпты ғой! сенің көмегің керек болып тұр!
17
Бала мен қарым – қатынастағы кейбір қателіктер Баланың астар санасындақабылдануы Дұрысы Жылама!Жаман балалар ғана жылайды Мен әлсіз, жаман баламын! Жарайды, кішкене жылап ал, жеңілденіп қаласың! Әкесіне (шешесіне) ұқсап сүймірейіп тұрғанынқарашы! Әкемді (шешемді) жек көреді Сенің әкең (шешең) ең жақсы адам. Қандай ақылды еді! (жақсылықтарын айтып отыру). Ой,ақымақ – ай! Менің ақымақтығымды жақсы көреді. Бала меніңақылды, әдемі... Біз сені жақсы болсын деп... Сен болсаң... Мені ата – анам да жек көреді. Үмітін ақтай алмайтын босбелбеумін Біз сені жақсы көреміз, түсінеміз. Әлі – ақ бәрі орнына келеді “Бәленбайдың баласынқарашы...” Мен одан кеммін “Менің ойымша ондайдысен де, жасай аласың!” “Әйтеуір бәрін былықтырасыңда жүресің!” Келесі жолы өздері істесі. Енді ештеңе істемейсін! “Әрбір адамныңқателесуге құқығы бар. Ештеңе етпейді келесіде байқап істе!” “Сенің ақылың жететін іс емес...” үлкендердің ісінеараласпай жайыңа отыр Менің қолымнан ештеңе келмейді. Мен түкке тұрмайтын байқұспын. Менің ойым ешкімге қызық емес. Араластыруғаболатын іс болса: “Қане, сенің ойы қалай?” – деп болмаса, “Бұл істің шешімін өзімізге қалдыр!”
18
«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» Әл-Фараби Білімді адамды алыстан тануға болады. Сөзі майда, барынша ұстамды, жүрісінің өзі ерекше. Үнемі өзгелерге қолғабыс етуге асығады. Әңгіме арасында айтар орынсыз сөзі мен көрсетер қылығы да жоқ. Бірақ осы білімді дұрыс бағытта қолданбайтын кездері де болады. Өйткені жер бетіндегі түрлі ядролық қаруды, зиянды заттарды өз ісінің шеберлері, яғни білімді адамдар жасап отыр. Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дейді. Сондықтан білімді адамдарға сенім артпаймын. Оқушыларға адам болуға көмектесейік.Біздің еңбегіміздің нәтижесі —оқу мен жазу, есеп-қисап балаларымызға адам болуға көмектескен кезде ғана қажет».
19
1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы, 2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету, 3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу, 4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу, 5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету, 6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу, Ата – ананың міндеттері
20
1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз. 2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз. 3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз. 4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз. 5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз. Ата – аналарға арналған этикалық кодекс
21
6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз. 7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз. 8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз. 9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз. 10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз. 11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.
22
12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, ауыл көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз. 13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады. 14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз: 1. Сынып жетекшісі, 2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда), 3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 4. Мектеп басшысы
23
Жағдаяттар
24
Ашу үстінде балаңыз сізге қатты сөйлесе... Жылда үздік оқып, балаңыз биылғы жылы үштік алып жатса... Балаңыздың достары сізге ұнамайды... Сіз күні – түні балаңызға сын айтасыз ... Жағдаяттар
25
Кез келген уақытта өзіңіздің бар ісіңізді тастай салып, балаңызға көңіл бөлесіз бе? Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба? Балаңызбен арадағы қарым – қатынас барысында жасаған қателігіңізді мойындай аласыз ба? Балаға берген уәдеңізді мойындай аласыз ба? Балаңыздың достарын білесіз бе? Сізді және балаңызды қызықтыратын ортақ істерді білесіз бе? Сабақтарын орындалуын тексересіз бе? Сіз балаңыздың қандай азамат болғанын қалайсыз? Балаңызды қандай баламен жолдас болғанын қалайсыз? Балаңызға кімді үлгі тұтасыз? Сұрақ - жауап
26
Үндеу. Құрметті мектеп оқушылары! Біз 7 – сынып оқушылары, барлық мектеп оқушыларын салауатты, яғни нашақорсыз, ішімдіксіз, шылым шекпей өмір сүруге шақырамыз. Бұл індеттер – денсаулықтың жауы, қоғамға жат әдеттер екенін естеріңізге саламыз! Үндеу. Құрметті ата –аналар! Біз сіздерді мектептегі оқушы өміріне қатысты өтетін іс – шараларға және мектептегі жиналыстарға белсенді түрде қатысуларыңызды шақырамыз!