Желсіз түнде жарық ай
Автор публикации: Оңғарбаева М.М.
Дата публикации: 01.12.2016
Краткое описание:
1
Сабақтың тақырыбы Абай Құнанбайевтың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі
2
Сабақтың мақсаты: Өлең туралы жан-жақты мәлімет беру. Өлеңінің идеясын ашу, білімдерін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге үйрету.Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру. Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың бойына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, отаншылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі:жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, дидактикалық материалдар Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі 1.Сынып оқушыларының, сабаққа дайындығын тексеру 2. Сабақтың мақсаты, барысы туралы түсінік беру 1. Қызығушылығын ояту, оқушыларды топқа бөлу. 1-топ «Күз» 2-топ «Қыс» 3-топ «Көктем» 2. «Ой қозғау»: -әр топтан бір оқушы жыл мезгілдеріне байланысты өз ойларын айтып суреттейді.
4
Мұғалімнің түсіндірмесі Сендер, жаз мезгілі туралы осылай суреттейді екенсіңдер. Ал, енді Абай атамыз қалай суреттеген екен? Өлеңді оқымас бұрын Абай атамыз туралы білетіндерімізді есімізге түсірейік Әр топқа постер беріледі.
5
Қарым-қатынас шеңбері 1 топ: Абай Құнанбайұлының өмірбаянын жазыңдар 2 топ: Абай Құнанбайұлының аудармаларын, поэмаларын жазыңдар 3 топ: Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің атауларын жазыңдар.
6
Сергіту сәті «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындау
7
Желсіз түнде жарық ай өлеңін оқушыларға тыңдату Өлеңнің мазмұнын айту. Мазмұнын ашу Топпен жұмыс 1 топ: Веен диаграммасы 2.топ: Буремэ әдісі, оқушылар өлең ұйқастырады 3 топ: Көңіл-күй диаграммасы
8
Кері байланыс Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай? Сен үшін маңыздысы не болды?
9
Үйге тапсырма «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттау