Презентация по ТКИ на тему Крем (1 курс)
Автор публикации: Жабыков А.С.
Дата публикации: 12.06.2016
Краткое описание:
1
Үгілмелі қамыр Қабылдаған:Алтын Амантайқызы Орындаған:Жабыков Азамат
2
Үгілмелі қамырдай бәліш, печенье, пирожный жасауға болады. Үгілмелі қамырлы әзірлеудің көптеген рецептері бар. Оны әзірлеуге негізінен май, қант, жұмыртқа, бидай ұны пайдаланылады, бірақ тағамдық түріне қарай олардың мөлшері өзгереді. Қамырға арналған сары майды (немесе маргарин) езу оңай болуы үшін оны жылы жерге қояды, бірақ отқа ерітуге мүлде болмайды, бәрінен жақсысы түнде бөлме температура жағдайындағы үйде қалдыру.
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Ұн құрғақ болуы тиіс, пайдаланар алдында оны елеу керек. Қамырлы тақтайға қатты нығыздамай илейді, сонда май біркелкі тарайды. Қамыр тақтайға жабыспаса және тегіс болса, онда даяр болғаны. Содан кейін қамыр нығыз болуы үшін оны аз уақыт тоңазытқышқа қояды. Қамырлы жайғанда оқтаулы қатты баспау керек.
4
5
Егер қамырдан рулетке арналған жайма жазылатын болса, онда әуелі қолмен ұзын ширатпа жасайды, кейін оны қажетті мөлшерге қарай жаяды. Қамыр жаймаларын қаңылтыр табаға салу үшін, алдымен оларды оқтауға орайлы, содан кейін табаға салып, еппен тарқатады. Үгілмелі қамырлың майын шылқытып та, өте құрғақ етіп те даярлауды болады.
6
Қамырдың майы көп болса, табаға немесе қалыпқа май жақпайды, ал майы аз болса, табаға май жағыл, келтірілген нанның ұнтағын немесе ұн себеді. Үгілмелі қамырға лимон немесе апельсин цедрасын, ваниль, талшын қосуға болады. Оған жаңғақ,какао салады. Тағамға көпіршітілген ақуыз жағады.
7
Үгілмелі қамырға, әсіресе майлы қамыр пісіретін духовканы алдын ала жақсылап қыздырады, бірқалыпты температурада (180—200ᵒС) пісіреді. Тағамның дайын болғанын оның түрінен біледі (ол қызғылт түсті болуға тиіс). Пісіп, дайын болған тағамды табадан немесе қалыптан дереу алу керек. Оны салқындағаннан кейін ғана кескен жөн.
8
Жұмыртқаның сарыуызын ақуыздан айырып алады да, қант қосып, ағарғанша езеді. Одан соң кезектеп ұн және көпіршіген ақуыз (бір қасықтай) қосады, массаны араластыра отырып, қамырлы еппен аударады. Салмағы 1,5 кг тортқа арнай бисквит әзірлеу үшін 10 жұмыртқа, 250 г қант, 250 г бидай ұлы керек. Келтірілген нан бисквитін әзірлеу үшін ұнның орнына түйіліп, еленген келтірілген нан пайдаланылады.
9
10