- Презентации
- Мәтінмен жүйелі жұмыс- оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту әдісі.
Мәтінмен жүйелі жұмыс- оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту әдісі.
Автор публикации: Токтарова С.Н.
Дата публикации: 09.04.2016
Краткое описание:
1
Мәтінмен жүйелі жұмыс- оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту әдісі. Мақсаты: мәтінмен жұмысының кезеңдерімен таныстырып, кезеңдік жаттығуларын жұмыс үрдісіне енгізу жолдарын көрсету. Міндеті: мәтін кезеңдерін түсіндіріп, тапсырмаларды орындау Қазақ тілін меңгерудің басты мақсаты – тыңдау, сөйлеу, ойлау, оқу, жазу болса, мәтінмен жүйелі жұмысын меңгеру барысында тілдік қызметтің барлық түрі жан – жақты қамтылады
2
Мәтінмен жүйелі жұмыстың жағымды жақтары: Мәтінмен жүйелі жұмыс барысында қазіргі заманға сай жаңа технологияларды енгізуге болады, Дыбыстармен жұмыс. Сөздіктермен жұмыс істеуге баулиды, Ауызекі сөйлесе білуге дағдыландырады, Ережемен жұмыс істеуге үйретеді. Оқулықта мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлесе білудің жолдары меңгертіледі. Өз ойларын айтып жеткізуге үйретеді,
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіреді, Мәтіннің мазмұнын түсініп,айтып беру деңгейін жоғарлатады, Мәтінді өз ойымен бірнеше сөйлем арқылы жеткізе білуге үйретеді, Мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып, есте сақтауын қадағалайды, Мәтіндегі негізгі ойды қысқаша баяндау және дәптерлеріне сауатты жазуға бағыттайды, Өз бетімен жұмыс істеу дағдылары мен біліктіліктерін меңгеруге арттырады, Мазмұндама жазу барысында оқушылардың фразаларды, мәтіндегі сөз тіркестерін есте сақтау икемдерін дамытады, Шығарма мен мазмұндама оқушылар алдына өз ойын жатық, шебер тілмен баяндауға, стиль, логикалық толғанысты, шығармашылық ізденіс қабілеттерін дамытады, Пікір айту қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді, Сабаққа қызығушылық арттырады, еңбектенуге талпындырады.
4
Мәтіналды кезең Сыртқы белгілері бойынша сөздерді тануға арналған жаттығулар мәтіннен жұрнақтары бар сөздерді жазып алып, алфавит бойынша ретте, жұрнақ, жалғау арқылы сөз табын анықта, сөздерді оқып, қай сөзден шыққанын айт, жалпы белгілер бойынша сөздерді топтастыр (бір түбірлі, негізгі, туынды, күрделі), Семантикалық белгілері бойынша сөздерді тануга арналган жаттыгулар. көп нүктенің орнына керекті сөздерді жаз (сөздер тізім ретінде немесе мәтіннен алынады), сөз қатарынан синоним, антонимдерді тап, сөйлемнен нақты мағынаны білдіретін сөзді, сөз тіркесті тауып, орысшаға аудар (әртүрлі жағынан пайдаланған сөз, с/тіркесі бірнеше сөйлемде беріледі), мәтіннен бір мағынадағы сөздерді жазып ал, оқылатын тақырып бойынша мәтіннен сөздерді жазып ал.
5
Лексикалық бірліктерді автоматты түрде тануға арналған жаттығулар. орыс тіліндегі сөзге ұқсас сөзді тап, жалпылау сөзді немесе нақты мағынадағы сөзді тап, ұқсас немесе мағынасы жақын сөзді тап. Грамматикалық құбылыстарды айыруға арналған жаттығулар. грамматикалық тұлғаның қызметі мен мағынасын анықта, оқыған грамматикалық ережеге қатысты құбылыстарды жазып алып топтастыр, сөйлемдегі ырықсыз етістерді сыз, берілген сөз қатарынан зат есімдерді тап. Ауыстыру жаттығулар. шашылған сөздерден сөйлем құрастыр, берілген сөз таптарынан бірнеше сөйлем құрастыр. Құбылту өзгерту жаттығулар. екі сөйлемнен бір жай сөйлем құрастыр, жай сөйлемдерден сабақтас, салалас құрмалас сөйлем құрастыр, берілген ойды басқаша айтып бер.
6
Сөздік макалалармен жұмысқа үйрету жаттығулар. мәтінде кездесетін грамматикалық тұлғадағы сөзді негізгі сөздік грамматикалық тұлғаға қой, мәтінге қатысты көп мағыналы сөздің, тұрақты және фразеологиялық сөз тіркесінің мағынасын тап Оқылып отырган материалдың мазмүнын болжау жаттығулар. мәтіннің атауын оқып, бұл мәтінде не, кім туралы жазылғанын айт, бірінші абзацтың сөйлемдерін оқып, қандай мәселелер көтерілетінін айт. Оқырманның мәтіналды бағыты. сұрақтарға жауап бер, мазмұндаудың жоспарын құр, кілтті сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын айт.
7
Мәтіндік кезең. Мәтінді жинауға арналган жаттығулар. керекті хабар беретін элементтерді жазып ал, әр сөйлемдегі хабардың маңыздығын бағала, абзац сөйлемдерін хабардың маңыздығының деңгейі бойынша ретте, керексіз хабары бар сөйлемдерді, абзацтарды, мәтіннің бөлшектерін қысқарт, Цитат келтіруге арналған жаттығулар. негізіг атауларды (географиялық, термин, суреттеу) сызып жазып ал, абзацтан кілтті сөйлемдерді тауып, олардың мазмұнды құңдылығын бағала, қорытындыны белгіле. Мәтінді қайта құруға арналған жаттығулар. берілген кілтті сөздерден сөйлемдерді құрастыр, шашылған сөйлемдерге қисынды жүйеге сай құрастыр, үлгі бойынша мәтінде, абзацта сызылған кілтті сөздерден пікір құрастыр, ұсынған 20 сөйлемнің негізінде қысқартылған нұсқа ретінде 10 сөйлем құрастыр.
8
Басқаша айтуға арналған жаттығулар. үлгі бойынша сөзді синониммен алмастыр, зат есімді есімдікпен алмастыр, фразеологизмді сөзбен алмастыр, мәтіннің мазмұнын етістіктің басқа тұлғасын пайдаланып айтып бер, антонимдерді пайдаланып сөйлемнің құрылысын қайта құр, сөйлемдерді жоспар пункті бойынша топтастыр, әр абзацтың тіректі негізгі ойын белгіле, мәтіннің логикалық жоспарын құр, а) тірекі сөйлемдерді тауып жаз, б) әр абзацтың негізгі ойын қалыптастыру арқылы құрастыр. Авторлық қарым-қатынасты және мәтіндегі бағаны анықтауға арналған жаттығулар. баяндаған мәселеге қатысты автордың қарым-қатынасы суреттелген сөздер, фраза, сөйлемдерді белгіле, авторлық ой қорытындысын белгіле, автордың төл сөзін төлеу сөзге ауыстыр, қарастырылған мәселе бойынша өз көзқарасыңызды білдіріп мәтінді айтып бер.
9
Материалды жалпылауга арналған жаттығулар. тұжырымы бар сөйлемдерді белгіле, мәтіннің мазмұны бойынша тезистерді жаз, мәтіннің мазмұны бойынша қорытынды немесе резюме жаз.
10
Мәтіннен кейінгі кезең. Мәтін тақырыбын анықтауға арналған жаттығулар. абзацтан тақырыпты анықтайтын сөздерді жазып ал, сұрақтарға жауап беріп, абзац тақырыбын қалыптастыр, жалпылау сөздерді тауып, тақырыпты анықта, өз бетіңмен тақырыпты белгіле. Идеяны анықтау үшін қолданылатын әдістер. идеяны ашу үшін маңызды эпизодтарын мәтіннен таңда, автордың қалыптасқан идеясы бар фрагменттерді мәтіннен жазып ал, абзацтың негізгі ойын анықта, автор айтқан идеясын раста, мәтіннің идеясын өзін шығар. Сюжетті жеткізуге арналған жаттығулар. маңызды эпизодтарды таңда, сюжетті айтып бер. Мәтіннің басты кезеңдерін бағалауға арналған жаттығулар. мәтінде суреттелген уақиғалардың сіздің көзқарасыңызға ықпал еткен фактілерді жазып ал, мәтінде суреттелген оқиғаларға өз пікіріңді айт және оны дәлелде.
11
Сюжетті жеткізуге арналған жаттығулар. маңызды эпизодтарды таңда, сюжетті айтып бер. Мәтіннін басты кезеңдерін бағалауға арналған жаттығулар. мәтінде суреттелген уақиғалардың сіздің көзқарасыңызға ықпал еткен фактілерді жазып ал, мәтінде суреттелген оқиғаларға өз пікіріңді айт және оны дәлелде.