- Презентации
- Слайд Байлық пен кедейлік
Слайд Байлық пен кедейлік
Автор публикации: Таласова А.Т.
Дата публикации: 04.04.2016
Краткое описание:
1
Тақырыбы:Байлық пен кедейлік
2
Күндердің бір күнінде Байлық пен Кедейлік “Кім сұлу,тартымды?” деп сөз таластырыпты. Алайда бір ымыраға келе алмаған соң, жаяулатып келе жатқан ер азаматқа келіп: -Екеуміздің қайсымыз тартымдымыз,-деп сұрапты. Бұл сұрақтан әлгі кісі абыржып ойға қалыпты: «Кедейлікті тартымдырақ десем, Байлық ашуланып маған қолын бір-ақ сілтейді», ал Байлықты тартымды дейін десем, Кедейлікті ренжітіп алам, ол сосын менің зықымды шығарады ғой».Аз-кем ойланып, былай депті: -Екеуің тап осылай қатарласып тік тұрғанда мен ештеңе айта алмаймын. Қане, жүріс-тұрыстарыңды көрейін, бір айналып өтіңдерші. Кедейлік пен Байлық ерсілі-қарсылы жүре бастапты.Оларға қарап тұрып жанағы ер азамат: - Кедейлік сен кетіп бара жатқанда, ту сыртыңнан қарасам, қандай тамашасың. Ал Байлық, сен келгенде... өзіңнен асатын не бар!? Бүгін Байлық есігімізді келіп қағып тұрған күн, оған есіктеріңді айқара ашыңдар да, Кедейлік пен таршылыққа қол бұлғап қош айтысыңдар.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Бай болдың, батыр болдың, шешен болдың, Ел билеп, топ бастаған көсем болдың. Сен қылмаған өнер жоқ бола қойсын, Бір адам қандай болсын десең, болдың. Немене, қор да болдың, кем де болдың, Малсыз кедей кімменен тең де болдың? Екеуінің бірін ал өзің таңдап, Түбінде мен не болдым, сен не болдың? Мал бағусыз, малшыға сөзің батпай, Қысы-жазы тынымсыз үйде жатпай, «Қарағым, ана малды қайыршы» деп, Қане, сен де жүрмісің көзің сатпай. Мен бақпаймын малыңды ақы бермей, Және өзіме ақырма қарсы келмей. Көңілім сүйсе ұйықтаймын, не жатамын, Енді өзгеге бақтыршы, маған сенбей. Мен сықылды әкелсең тағы біреу, Өз көзіне қоймайды о да тіреу. Аяғында өзіңе келген жоқ па Мал бағып, күл шығарып, боқтық күреу. Байлық жақсы екені елге мәлім, Өзің істеп әдет қыл, келсе халің. Қолың білсе, біреуге жалынбайсың, Шыдамды бол, еріншек болма, жаным. Бай мен кедей
4
Байлықты алып, мұратқа өзің жеттің, Кемдікті маған беріп тентіреттің. Қымыз ішсең, көже ішіп мен де жүрмін, Бәрі бір, бай болғанмен қайтып өттің? Сүйткенмен мен де өлемін, сен де өлесің, Қаза келсе – қалмайсың, жөнелесің. Тәңрі алдында, білмеймін, кім озады, Өлгенде малың жалдап не көресің?
5
Байлық та, кедейлік те әр үйдің босағасында,екеуі де қонақ, келеді, кетеді.
6
7
Байлық туралы: 1)Бір бай болыпты. өлер шағында ,қиналып жаны шықпай жатыр екен. Сонда қасындағыларға айтқаны мына үйдегі алтын,куміс,құмыра кілем, барін алып тастаңдарш, кеудемді басып бара жатыр депті... 2) Бір бай өліпті. Сол байдың байлығын да баймен қоса көмген ғой. Содан түнде біреу ұрлап кетпесін деп туыстары адам жалдайды. Оған бір кедей көнеді. күнде бақсаң динар-динар алтын береміз дейді. Мола қасында бір түн түнейді. Түс көреді. Түсінде кедейден жауап алынып жатыр екен, мына байлықты қайдан алдың, ананыше, деп бар байдың байлығын біртіндеп сұрай бастапты. Содан ертеңіне кедей,қой құрсын, бүйтіп азапталғанша, кедей болғаным артық депті.
8
9
Он екі мүшең сау болса Байлық емей немене?! Он саусағың сау болса Дәулет емей немене?! Сонда бауырым айтағой Кедейлік деген немене?!
10
Байлық, кедейлік туралы 1.Кедей мен бай жолдас болмас, Қасқыр мен қой жолдас болмас. 2.Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін. 3.Базар – бай, алушы – кедей. 4.Байлық — мұрат емес,кедейлік — ұят емес. 5.Сараң бай союға қозы таппай Жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды. 6.Бар мақтанса, табылар, Жарлы мақтанса, шабылар. 7.Барымтаны бай алады, Бәлесі кедейге қалады. 8.Бай баласы балпаң, жарлы баласы — жалтаң. 9.Бай тоқ болмас,батыр аш болмас 10. Жарлы — жомарт,Бай — нәмарт. 11.Байдан пайда артылмас, Қудан айла артылмас. 12.Бай болып көргеніміз жоқ, Кедей болып өлгеніміз жоқ.
11
Назарларыңызға рахмет!