7

Жамбыл Жабаев Кәдірбайдың төбеті презентация

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаевтың сатиралық өлеңдері “Кәдірбайдың төбеті” атты ө...
Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаевтың сатиралық өлеңдері “Кәдірбайдың төбеті” атты өлеңі
2
Сабақтың мақсаты: Білімділік - оқушылардың ақын туралы алған білімдерін молай...
Сабақтың мақсаты: Білімділік - оқушылардың ақын туралы алған білімдерін молайту, сатиралық өлеңдері мен таныстыру. Дамытушылық - ақын өлеңдері арқылы жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, шындықты ашық айту дағдыларын арттыру. Тәрбиелік - адамгершілікке, адалдыққа, шыншылдыққа, ұлтын сүйе білуге, өнерді құрметтеуге баулу.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Жамбыл Жабаев (1846-1945) Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясыны...
Жамбыл Жабаев (1846-1945) Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық–жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М.Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Макөт пен Майлықожаның келуі, ту-у Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді. Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған.
4
“Кәдірбайдың төбеті” Бұл сюжетке құрылған, композициялық құрылымы бар өлең....
“Кәдірбайдың төбеті” Бұл сюжетке құрылған, композициялық құрылымы бар өлең. Оқиғаның байланысы - Жамбылдың жолаушылап шығуы. Оқиғаның байланысуы - Жамбыл мен жолаушының кездесуі. Оқиғаның шиеленісуі - Жамбылдың Кәдірбайдың итін мақтап жатқан жиынға баруы. Оқиғаның шарықтау шегі - Кәдірбайдың мақтау айтқан ақындарға сыйлық дайындауы. (2 жорға, ет, қымыз, 100 тақта шәй, 1 қатын...). Оқиғаның шешімі - Жамбылдың иттік мінезін бетіне басып, жырлауы.
5
“Кәдірбайдың төбеті” 1. Авторы: Ж.Жабаев 1846 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм а...
“Кәдірбайдың төбеті” 1. Авторы: Ж.Жабаев 1846 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 2.Тақырыбы: Кәдірбайдың өлген төбет иті жайлы баяндалады. 3. Жанр түрі - поэзия (өлең). Өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен қиыстырып, 7. Бунақ саны - 2. үйлесімді ырғақпен ұйқасып келген өрнекті сөз жүйесі. Яғни, бұл - сатиралық өлең. 4. Идеясы - мақтаншақ байдың итін ақынсымақтардың сыйлық үшін қызыл кеңірдек болып жырлауы. 5. Шумақ - 43 (төрт бөлімнен тұрады). 6. Тармақ - 176. 8. Буын саны - 7,8 буын.
6
4	 3 Аяқтары /алдырып, а/7 3	 2	 3 Астымда атым /болдырды. б/8 4	 3 Айдалада...
4 3 Аяқтары /алдырып, а/7 3 2 3 Астымда атым /болдырды. б/8 4 3 Айдалада /қалдырып, а/7 2 2 3 Құба жонға /қондырды. а/7 9. Ұйқас түрі - кезекті ұйқас а, б, а, б. 10. Әдеби теориялық ұғымдар: Теңеу - төредей, оттай жалынды. Эпитет - шынжыр балық, шұбар төс. Метафора - жорғаң - судың құндызы, өз мінезің - қырмызы. 11. Сөздікпен жұмыс. Бәйіт - баяндау, қотан - мал түлейтін орын, ашық қора. 12. Өлеңнің тәрбиелік мәні. Өлеңде мақтаншақтық жат әдеттен сақтануға, адал, шыншыл болуға, өзгеге қиянат жасамай, адамгершілікті болуға тәрбиелейді.
7
Төбет ит Мал қоритын Сезімтал, Қарақұрт ит күшті ит шағып өлтірген
Төбет ит Мал қоритын Сезімтал, Қарақұрт ит күшті ит шағып өлтірген
8
Сабақты қортындылау. Жамбыл - ақыл-ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқш...
Сабақты қортындылау. Жамбыл - ақыл-ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет-бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бір өзі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны. М.Әуезов Үй тапсырмасы. Ж.Жабаевтың сатиралық өлеңдері, Кәдірбайдың төбеті өлеңінен үзінді жаттау.
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию