- Презентации
- Презентация открытого урока на тему: Әбілхан Қастеев
Презентация открытого урока на тему: Әбілхан Қастеев
Автор публикации: Жантемирова Ш.А.
Дата публикации: 24.04.2016
Краткое описание:
1
Әбілхан Қастеев (1904-1973)
2
Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақалды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқүр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған Қарындастың портреті, Автопортрет атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның Мектепте (1930), Түрксіб (1932), Жамбылдың портреті (1937), Ескі және жаңа тұрмыс (1937-1941), Аманкелді сарбаздары (1970), Жас Абай (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.
4
Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның Биік таулы муз айдын (1954), Гул ашқан алма (1958), Менің Отаным (1959), Жайлаудағы авто-дүкен (1963), Қапшағай ГЭС-і (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады.
5
Әбілхан ағаның жүз жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуі: барша қазақ көркемөнеріне деген құрмет. Осы бір қарапайым да қасиетті қылқалам шеберінен біз көп өнеге алдық. Ол — бұрын сурет өнеріне қойылған тыйымды тұңғыш тойтарып, төл өнерді төрге сүйреген жан. Бір бастаған картинасын аяқтамай орнынан тұрмайтын төзімді адам еді. Тіпті, салып отырғанда тау көлеңкесі өзгеріп кетсе де айнытпай, қаз-қалпында келтіретініне әлі таңданамын. Ауқымы, кеңістігі қандай кең?!. Бояу езу, жағу әдісі де әлі жүмбақ. Суретшілер одағының төрағасы кезінде сол түста жаңадан салынып, ашылған галереяға бүрынғы Т.Шевченко орнына Ә.Қастеевтің есімін берейік деп хат жазып, Димекеңе шыққанымды, ол кісі Суретшілерді қолдаңдар! деп қол қойғанын, сол кездегі Министрлер Кеңесі: Ол біз шешетін шаруа. ОК-те нең бар? дегенін, бірақ соған қарамай түбі қайырлы болғанын айтқан жөн. Біреулер Ә.Қастеевті оқымаған деп кемсіткісі келеді. Әлемдік тұлғалар Тициан, Рембрандттар оқып па екен? Әбекеңдер тума таланттар ғой! Ол сурет өнерін дамыту арқылы дінді бүзған жоқ, қайта тарихымызды тірілтті. Біздерге жол салып берді. Сондықтан ол — қандай қүрметке де лайық ізашарымыз.
6
Тұғанына 100 жыл толып отырған ұлттың дара тұлғаларының бірі Әбілхан ағаның сүйікті қызы Гүлнөзия апайдың сағынышты әңгімелерінің ішінен қарапайым әкенің әлемін ойып алдық. Даңқ тұғырына мәңгі көтерілген Қастеевтің қарапайым әлемін қазақтың дана қарттарын, ауылдың сол бір қазына қарттарын сағынғандықтан ба аралай бергің келеді екен. Балалары мен ошағына бақыт, кең байтақ Отанына мерей сыйлаған сирек түлга Ә. Қастеевтің жеке мүражайын ашу — бар, жоғын түгендеп жатқан елдің атқарылар бір ісі екені көрініп түр.
7
Белгілі қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің 1936 жылы салған Бие сауу деп аталатын картинасы. Сурет Өнер мұражайындағы көрмеден түсірілді. Алматы, қазан, 2009 жыл
8
Танымал туындылары «Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері, ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті.
9
Белгілі қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің 1954 жылы салған Тыңдағы алғашқы борозда картинасы. Сурет Өнер мұражайындағы көрмеден түсірілді. Алматы, қазан, 2009 жыл.
10
Белгілі қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің 1937 жылы салған Колхоз тойы картинасы. Сурет Өнер мұражайындағы көрмеден түсірілді. Алматы, қазан, 2009 жыл.