- Презентации
- Сабақтың әдістемелік тақырыбы: Теңіз өнімдерін өңдеу.
Сабақтың әдістемелік тақырыбы: Теңіз өнімдерін өңдеу.
Автор публикации: Мукатаева А.Ж.
Дата публикации: 10.06.2016
Краткое описание:
1
Краб Тамақтандыру кәсіпорынына крабтың қалбырланған,тірі күйінде, тұтас пісірілген күйінде,бөлінген күйінде түседі.оны аркасын төмен қаратып, қалбырларынан ажыратып, желбезегін алып, сыртқы қабығын алып, ішіндегі ақ етін ине арқылы алады.Крабтардан салаттар, тіскебасарлар, екінші ыстық тағамдар, гарнир ретінде , балық тағамдарын әсемдеу үшін, тұздықтардың құрамына қосу үшін қолданады.
2
Былқылдақ денелілер Мидия Кальмар Трепанга Теңіз тарағы
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Креветка Құйрық жағында орналасқан құрсағы жеуге жарамды болып келеді, жас-тоңазытылған, пісірілген-тоңазытылған күйінде әкелінеді. Тоңазытылған креветкаларды ауада не суда жібітеді, жуады,шала тұздықтайды, 3-4 мин қайнаған суда пісіреді. Креветкалардан салаттар, тіскебасарлар, пісірілген екінші тағамдар, тағамдарды әсемдеу үшін қолданады.
4
Трепанга Тікен терілер.Тамақтандыру орындарына кептірілген, тоңазытылған, пісірілген және консервіленген күйінде әкелінеді. Кептірілген күйінде жуып тәулік бойы суын ауыстырып тұрады. Массасы 5 есе артады, содан соң ішін жарып тазалайды.Оны жұмсарғанша 2-3сағат пісіреді. Оларды салқын, тұздықтар, екінші тағамдар дайындау үшін қолданады.
5
Теңіз тарағы Қос жақтаулы былқылдақ дене.Тамақтандыру орындарына жас, тоңазытылған, пісірілген және консервіленген күйінде әкелінеді. Шала тұздықтап 7-10 мин қайнаған суда дәмдеуіштермен пісіреді, салқындатып турайды.Ыстық және салқын тағамдардың барлық түрлерін дайындайды.
6
Шаян Тамақтандыру орындарына тірі күйінде әкелінеді, оларды жуып, қайнаған тұзды суға салып, дәмдеуіштермен пісіріп алады. Пісірілген шаяндарды табиғи күйінде тіскебасар ретінде пайдаланады.
7
Лангуст Массасы 5-10кг болатын теңіз шаяндары. Жас-тоңазытылған, пісірілген-тоңазытылған, күйінде әкелінеді, ауада немесе 1-3 сағат суда жібітеді. Оларды пісірілген немесе қуырылған күйінде, салқын тағамдармен ыстық тіскебасар дайындау үшін пайдаланады.
8
Теңіз өнімдерінен дайындалған тағамдар.
9
10
11
12
13
14