7
  • Презентации
  • Презентация по казахскому языку на тему Тіл дыбыстары

Презентация по казахскому языку на тему Тіл дыбыстары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
2
Фонетика - тіл дыбыстары туралы ғылым. Бұл ғылымды дыбыстау мүшелері, дыбыста...
Фонетика - тіл дыбыстары туралы ғылым. Бұл ғылымды дыбыстау мүшелері, дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі және екпін, буын мәселелері деген салаларға бөліп зерттейді. Фонетика (гректің phonetikos-”дыбыс мағынасы” дегеннен шыққан) тіл дыбыстарын зерттейді, оның негізгі обьектісі-тіл дыбысы фонетика ғылымы дыбыс атаулының бәрін бірдей зерттейді.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Әріп Дыбыс Екпін Үндес-тік заңы Буын Тасымал Орфография Орфоэпия Фонетиканың...
Әріп Дыбыс Екпін Үндес-тік заңы Буын Тасымал Орфография Орфоэпия Фонетиканың зерттеу обьектілері
4
Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты д...
Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты дыбыс дейді. Дыбыс-сөздің ең кішкене бөлігі. Дыбысты айтады және естиді. Дыбыс адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Олар: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, кішкене тіл, ауыз қуысы, көмей, таңдай, тіл, тіс, ерін, мұрын қуысы. Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді. Яғни әріп-дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді. Дыбыс және әріп
5
Қазақ тілінде 42 әріп бар. Олардың тізбектелген қатары мынадай: а, ә, б, в, г...
Қазақ тілінде 42 әріп бар. Олардың тізбектелген қатары мынадай: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я. Дыбыстар саны-37. (Дыбыс бола алмайтындар: я(й+а), ю(й+у), ё(й+о) қосарлы дыбыстары және ь- жіңішкелік, ъ-жуандық белгілері.) Қазақ тілінде ъ (айыру белгісі ) және ь (жіңішкелік белгісі), сондай-ақ э, в, ф, ц, ч әріптері орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде кездеседі. Қазақ тіліне тән дыбыстар (9): ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ, ң, һ.
6
Қазақ тілінде дыбыстар өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай дауысты дыбыс және...
Қазақ тілінде дыбыстар өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс болып 2-ге бөлінеді Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады. Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.
7
Дауысты дыбыстар саны -12. Олар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э. Дауыссыз...
Дауысты дыбыстар саны -12. Олар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э. Дауыссыз дыбыстар саны-25. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ (у).
8
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан-жіңішке, ашық-қысаң,...
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып жіктеледі. Оны төмендегі кестеден көруге болады: Еріннің қатысына қарай Жақтың қатысына қарай Тілдің қатысына қарай Езулік Еріндік Қысаң Ашық Жіңішке Жуан Езудің кейін тартылуы арқылы жасалады Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады Жақтың тар ашылуы арқылы жасалады Жақтың кең ашылуы арқылы жасалады Тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкеруі арқылы жасалады Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады А, ә, е, ы, і, и, э О, ө, ұ, ү, у Ы, і, и, у, ү, ұ А, ә, о, ө, е, э Ә, ө, ү, і, е, и, (у), э А, о, ұ, ы, у
9
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып...
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып 3-ке бөлінеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады: Кейбір қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары бар. Олар: 1 Ұяң Үн мен салдырдан тұрады, салдыр басым Б, в, г, ғ, д, ж, з, һ 2 Үнді Салдырдан үні басым Й, л, м, н, ң, р, (у) 3 Қатаң Тек салдырдан тұрады К, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ п-б ф-в к-г қ-ғ т-д с-з ш-ж
10
Буын Буын – сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны. Буын сөздегі дауысты дыбысқа...
Буын Буын – сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны. Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді, яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар: Ашық буын Тұйық буын Бітеу буын
11
Тұйық буын	Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітеді. (Көбінесе бірі...
Тұйық буын Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітеді. (Көбінесе бірінші буында кездеседі.) Ат, ант, киік, тұңғи-ық, ақи-ық, әдеби-ет Ашық буын 1. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа бітеді. 2. Тек дауысты дыбыстан тұрады. А-ға, ба-ла, қа-ла, ша-на-ны, бо-са-ға Бітеу буын Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын. Бал Тарс Класс Мек-теп Ереже Мысал
12
Тасымал Тасымал – сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келес...
Тасымал Тасымал – сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру. Тасымал буынға негізделеді. Яғни, сөздер тек буын жігімен тасымалданады. Мысалы, “Кереге” сөзін екі жолмен тасымалдауға болады: ке –реге, кере-ге.
13
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар: 1. Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буы...
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар: 1. Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды. (а – та, ә –ке, арми – я.) 2. Бір буыннан тұратын сөзді тасымалдауға болмайды. (қант, төрт, бұлт) 3. Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды. (ТМД, ҚазҰУ, ҚазМУ, ҚР)
14
Ескерту: сөздерді бірінші буындарының қысқарған сөз (кеңшар) бен бірінші сөзд...
Ескерту: сөздерді бірінші буындарының қысқарған сөз (кеңшар) бен бірінші сөздің бірінші буыны мен екінші сөзі толық күйінде қысқарған сөз (педколледж) тасымалданады. 4. Адам атының қысқартылып алынған әрпін фамилиясынан айырып бірінші жолда қалдыруға болмайды. (А.Қ.Жабаев, М.О.Әуезов, Қ.С.Мусин) 5. Қысқарған өлшем бірлігін саннан айырып тасымалдауға болмайды. (15см, 20кг, 100га)
15
Екпін Екпін – сөйлеген кездегі белгілі бір сөздің, буынның және дыбыстың ерек...
Екпін Екпін – сөйлеген кездегі белгілі бір сөздің, буынның және дыбыстың ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы. Екпіннің түрлері: сөз екпіні, ой екпіні, дыбыс екпіні, тіркес екпіні.
16
Сөз екпіні Ой екпіні Дыбыс екпіні Сөздегі бір буынның көтеріңкі дауыспен а...
Сөз екпіні Ой екпіні Дыбыс екпіні Сөздегі бір буынның көтеріңкі дауыспен айтылуы. Қазақ тілінде бұл екпіннің орны тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Сөзге қосымша жалғанғанда, екпін қосымша , яғни соңғы буынға ауысып отырады. Сөйлемдегі бір сөздің көтеріңкі дауыспен айтылуы. Сөздегі бір дыбыстың көтеріңкі дауыспен айтылуы. Сөйлемдегі бір тіркестің көтеріңкі дауыс- пен айтылуы. Тіркес екпіні
17
Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар: Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой,...
Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар: Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой, шейін, соң, арқылы, туралы т.б. Жіктік жалғауына екпін түспейді: оқушымын, барамыз т.б. Болымсыз етістіктің жұрнағына (-ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе) екпін түспейді: айтпа, барма, келме, т.б.
18
Үндестік заңы (Сингармонизм заңы) Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбы...
Үндестік заңы (Сингармонизм заңы) Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы. Үндестік заңының 2 түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
19
Буын үндестігі 1. Буын үндестігі – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай...
Буын үндестігі 1. Буын үндестігі – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі. 2. Қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.
20
3. Буын үндестігі сөз бен қосымша арасында да сақталады, яғни сөзге жалғанаты...
3. Буын үндестігі сөз бен қосымша арасында да сақталады, яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне қарай жуан, не жіңішке жалғанады. Оны төмендегі кестеден көруге болады: Сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыс жуан болса, қосымшадағы дауысты да жуан болады. Қаз-дар / Қаз-дер (емес) Тас-қа / Тас-ке (емес) Ал соңғы буын жіңішке болса, қосымша да жіңішке жалғанады. Үй-лер / Үй-лер (емес) Есік-ті / Есік-ты (емес)
21
Ескерту: Мынадай күрделі сөздерде буын үндестігі сақталмайды: А. Қос сөздерде...
Ескерту: Мынадай күрделі сөздерде буын үндестігі сақталмайды: А. Қос сөздерде: аман-есен, асты-үсті, асығыс-үсігіс т.б. Ә. Біріккен сөздерде: шекара, баспасөз, көзқарас т.б. Б. Тіркескен сөздерде: ала бер, он бір т.б.
22
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: 1. Көмектес септіктің –мен, -бен, -п...
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: 1. Көмектес септіктің –мен, -бен, -пен, жалғаулары сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да, осы күйінде жалғанады. Мысалы: Қаламмен жаздым. Әсетпен бірге келді т.б. 2.Меншік ұғымды білдіретін –нікі, -дікі, -тікі қосымшалары буын үндестігіне бағынбайды. Асан-дікі, бала-нікі, Марат-тікі т.б.
23
3. -Паз, -қор, -қой, -ғой, -кер, -гер, -кеш, -хана, -ист, -изм, -бан, -жан, -...
3. -Паз, -қор, -қой, -ғой, -кер, -гер, -кеш, -хана, -ист, -изм, -бан, -жан, -тал жұрнақтары буын талғамайды, сол күйінде жазылады. Бұл жұрнақтар – қазақ тіліне шет тілінен енген қосымшалар. Мысалы: әсемпаз, әзілқой, еңбекқор, ақылгөй, жұмыскер, арбакеш, дәріхана, мейірбан, сезімтал т.б.
24
Кірме сөздердегі буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар: 1. Кірме сөздерде да...
Кірме сөздердегі буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар: 1. Кірме сөздерде дауысты дыбыстар жуан-жіңішке болып араласып келе береді. Мысалы: араб тілі: кітап, мұғалім, құдірет т.б. Орыс тілі: кино, театр, алгебра т.б. 2. Х әрпіне біткен сөздерге қосымшалар жуан түрде жалғанады. Мысалы: тарих-тың, цех-тан т.б.
25
3. Рк, нк, кс, кт дыбыстарының тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қ...
3. Рк, нк, кс, кт дыбыстарының тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: парк-тен, танкі-ні, пункт-ке т.б. 4. Ль әріптерінің тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздергет қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: рольді, ролі, рульді, рулі, т.б.
26
Дыбыс үндестігі Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-бір...
Дыбыс үндестігі Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі. Оның 2 түрі бар: 1. ілгерінді ықпал 2. кейінді ықпал
27
1.Ілгерінді ықпал Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өз...
1.Ілгерінді ықпал Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы (1 2). Ілгерінді ықпалдың кездесетін орындары: Сөз ішінде: а) Сөз бен қосымша арасында: аш-са (ашша) ә) Біріккен сөзде: Сәтбек (Сәтпек), Екі сөз арасында: а) Тіркескен сөзде: алып бер (алып пер), ә) Сөз тіркесінде: ақ балық (ақ палық), б) Қос сөзде: құрбы-құрдас (құрбы-ғұрдас)
28
Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары: 1. Сөздің соңғы дыбысы дауы...
Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары: 1. Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді я ұяң дауыссыздар болса, жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысы дауысты дыбыс немесе ұяң, үнді дауыссыздан басталады. Терезелер Терезеге Терезеден Қаздар Қазға Қазбен
29
Ескерту: ш, с дыбыстарынан басталатын қосымшалар ілгерінді ықпал заңына бағын...
Ескерту: ш, с дыбыстарынан басталатын қосымшалар ілгерінді ықпал заңына бағынбай, сөздің соңғы дыбысы ұяң не үнді болса да, сол күйінде жалғана береді. 2. Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болса, оған жалғанатын дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болады. Малсыз Кірсіз Кімсің Келсін Құлыншақ Тілші Кітаптар Кітапқа Орақтар Ораққа
30
Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары: (ш+с=шш) Қатар келген екі...
Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары: (ш+с=шш) Қатар келген екі дыбыстың біріншісі «ш», ал екіншісі «с» дыбысы болса, онда айтылуда с дыбысының орнына ш дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді. Жазылуы Айтылуы Қашса Ашса Ішсін Қашша Ашша Ішшін
31
2) (қатаң дауыссыз +б=қатаң дауыссыз п) Қатар келген екі дыбыстың біріншісі “...
2) (қатаң дауыссыз +б=қатаң дауыссыз п) Қатар келген екі дыбыстың біріншісі “қатаң дауыссыз”, ал екіншісі “б” дыбысы болса, онда айтылуда б дыбысының орнына қатаң п дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді. 3) Қатар келген екі дыбыстың біріншісі “дауысты дыбыс немесе үнді не ұяң дауыссыз”, ал екіншісі “к, қ” дыбысы болса, онда бұл екі дыбыс ұяң г,ғ болып естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді. Ықпал орны Жазылуы Айтылуы Біріккен сөз Тіркескен сөз Сөз тіркесі Қос сөз Жүсіпбек алып бер жас бала алыс-беріс Жүсіппек алып пер жас пала алыс-періс Ықпал орны Жазылуы Айтылуы Біріккен сөз Тіркескен сөз Сөз тіркесі Қос сөз Жиенқұл ала кел Боз көйлек ескі-құсқы Жиенғұл ала гел Боз гөйлек ескі-ғұсқы
32
2. Кейінді ықпал Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың соңғысының өзінің...
2. Кейінді ықпал Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың соңғысының өзінің алдыңғы дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы (1 2). Кейінді ықпалдың кездесетін орындары: Сөз ішінде: а) Сөз бен қосымша арасы: ас+шы- ашшы, ә) Біріккен сөзде: Есенгелді (Есеңгелді), Екі сөз арасында: а) Тіркескен сөзде: он бес (ом бес), ә) Сөз тіркесінде: ақ лақ (ағ лақ), б) Қос сөзде: астан-кестен (астаң-кестен)
33
Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары: 1) (қ, к, п + дауысты = ғ, г,...
Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары: 1) (қ, к, п + дауысты = ғ, г, б дауысты) Қатар келген екі дыбыстың біріншісі “қ, к, п”, ал екіншісі “дауысты дыбыс” дыбысы болса, онда к, қ, п дыбыстары өзгеріп, ұяң г, ғ, б дыбыстарына айналады. Мысалы, аяқ + ы = аяғы доп + ы = добы төк (төге бастады) күрек + і = күрегі жақ (жаға бастады) сеп (себе бастады)
34
2) (п + ып, іп = уып, уіп) Қатар келген екі дыбыстың біріншісі «п», ал екінші...
2) (п + ып, іп = уып, уіп) Қатар келген екі дыбыстың біріншісі «п», ал екіншісі көсемшенің «-ып, -іп» жұрнағы болса, п дыбысы өзгеріп, үнді у дыбысына айналады. Шап + ып=шауып Кеп + іп=кеуіп
35
Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары: 1) (н + ғ, г=ңғ, ңг), (н +...
Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары: 1) (н + ғ, г=ңғ, ңг), (н + к, к=ңқ, ңк) Қатар келген екі дыбыстың біріншісі «н», ал екіншісі «ғ, г, қ, к» дыбыстары болса, онда айтылуда н дыбыстарының орнына ң дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді. Жазылуы Айтылуы Жанғали Сенгім жанқайғы Жаңғали Сеңгім Жаң қайғы
36
2) (с + ш=шш), (з + ш=шш) Қатар келген екі дыбыстың біріншісі «с, з», ал екін...
2) (с + ш=шш), (з + ш=шш) Қатар келген екі дыбыстың біріншісі «с, з», ал екіншісі «ш» дыбысы болса, онда айтылуда с, з дыбыстарының орнына ш дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді. Жазылуы Айтылуы Басшы Жазшы Башшы Жашшы
37
3) (з+ж=жж), (з+с=сс) Қатар келген екі дыбыстың біріншісі “з”, ал екіншісі “ж...
3) (з+ж=жж), (з+с=сс) Қатар келген екі дыбыстың біріншісі “з”, ал екіншісі “ж, с” дыбыстары болса, онда айтылуда з дыбысының орнына ж немесе с дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді. Жазылуы Айтылуы Бозжан Жүз жыл Көзсіз Божжан Жүж жыл Көссіз т.б.
38
Орфография және орфоэпия 1. Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айты...
Орфография және орфоэпия 1. Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы бар. Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы, Орфоэпия – сөздердің дұрыс оқылу заңдылығы. 2. Қазақ тілінде сөздер көбіне қалай жазылса, солай оқылады. Кейде сөздердің жазылуы мен айтылуында өзгешелік болады: дыбыс үндестігі, яғни қатар келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі, Еріндік дауыстылардың (ұ, ү, о, ө) өзінен кейін келген езулік дауыстыларға (ы, і, е) әсер етуі,
39
Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты төмендегі кестеден көруге бо...
Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты төмендегі кестеден көруге болады: 3.Орфографиялық заңдылық төмендегі принциптерге негізделеді: а) Фонетикалық принцип: Сөз бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады. Бұл принцип, негізінен, сөздегі қосымшалардың жазылуында ескеріледі. Мысалы: адамдар, ағаштар, қартқа т.б. Жазылуы Көзілдірік Жұлын Қара ала Ақ ешкі Айтылуы Көзүлдүрүк Жұлұн Қарала Ағ ешкі
40
Ә) Дәстүрлі принцип: Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай жазылса, қазір де с...
Ә) Дәстүрлі принцип: Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай жазылса, қазір де сол қалыптасқан күйінде жазылады. Мысалы: хайуанат, кейуана, миуа, қиуа, белбеу, Ботагөз, Амангелді, жаздыгүгі т.б. Б) Морфологиялық принцип: Күрделі сөз бен сөз тіркестерінің айтылуында олардың бір сыңарының кейбір дыбысы өзгеріске ұшырауы мүмкін, бірақ жазылуда морфологиялық принципке сай түбірлері сақталып жазылады. Айтылуы Жер-гөк Қоян-ғолтық Жазылуы Жер-көк Қоян-қолтық
41
Кез келген тіл дыбыстарының нышандарын анықтайтын мынадай шарттар бар: - бірм...
Кез келген тіл дыбыстарының нышандарын анықтайтын мынадай шарттар бар: - бірмәнділік - тіл дыбыстарының бірмәнді анықталатындығын талап етеді, - тұлғалылық – артикуляциялық орында пайда болу сапасының табиғи тұрақтылығын, әрі баламасыз жеке даралығын байқатады,
42
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию