7
  • Презентации
  • Өзін-өзі тану пәнінен презентация Өзіңді де,өзгені де аяла

Өзін-өзі тану пәнінен презентация Өзіңді де,өзгені де аяла

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Сабақтың тақырыбы: Өзіңді де, өзгені де аяла
Сабақтың тақырыбы: Өзіңді де, өзгені де аяла
2
Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: сұлулық ,адамгершілік, мейірімділік.
Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: сұлулық ,адамгершілік, мейірімділік.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Мақсаты: Оқушыларға өзінде, өзгелерді де аялай білуге үйрете отырып, сүйіспен...
Мақсаты: Оқушыларға өзінде, өзгелерді де аялай білуге үйрете отырып, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Міндеттері: 1.Оқушыларға «аялау» сөзінің мәнін түсіндіру. 2. Қоршаған ортаны аялай білуге баулу. 3. Балаларды өз өміріне, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
4
5
1.Аялау деген сөзді қалай түсінесіңдер? 2.Сендерді кімдер аялайды?
1.Аялау деген сөзді қалай түсінесіңдер? 2.Сендерді кімдер аялайды?
6
7
Дәйексөз. “Аялауды табиғаттан үйрен” Халық даналығы
Дәйексөз. “Аялауды табиғаттан үйрен” Халық даналығы
8
9
Әңгіме айту Балауыздың арманы 	Қашаннан бері жатқаны белгісіз, балауыздың сөр...
Әңгіме айту Балауыздың арманы Қашаннан бері жатқаны белгісіз, балауыздың сөреде жатқанына көп болды. Ешкім оны керек етпейді. Жарқыраған электр жарығы бар. Бірақ, балауыз ешқашан да үмітін үзген емес. Осы үйдегі адамдардың тіршілігін сырттай бақылап, кәдеге жарар күнін сабырмен күтіп жата берді. Бұл үйдің де жандары өзге отбасылар секілді, күндіз ата-анасы жұмыста, балалары сабақта болатын. Кешке бәрінің басы жиналғанда, кешкі астарын іше салып, балалары компьютер алдына, үлкендер жағы демалатын бөлмедегі үлкен теледидар алдына жиналатын. Осылайша бірқалыпты күндер өтіп жатты. Даңғарадай үйдегі адамдар бір-бірімен сырласып, сөйлесуден қалды. Әркім өзімен-өзі әуре. Отбасылық жылу жоғалып бара жатқандай. Осының бәрін көріп жүрген балауыздың адамдарға жаны ашып, сөніп бара жатқан жылуды қалай жандыру керектігін ойлайтын. Оларға шынымен де көмектескісі келді. Бір күні, қатты боран соқты. Қаттылығы сонша, электр желілері үзіліп, бүкіл қала жарықсыз қалды. Электр қуатын тұтынатын құрылғының бәрінің басына үнсіздік туды. Дәл сол сәтте сөреде жатқан балауыздың арманы орындалды. Аналары: - Осы сөрелердің бірінде бір балауыз болған. Қане, іздейікші, - деп ұялы телефондарының жарығымен барлығы жабылып, ұмыт қалған балауызды іздей бастады. Ақыры тапты-ау. Балауыздың табылуын күткендей, ұялы телефондардың да қуат көзі таусылып қалды. Оның астына кішкене ыдыс қойып, тұтатқаны сол еді, тас қараңғы үйге нұр себілгендей болды. Үйдегі жалғыз жарық - ұмыт қалған балауыздың сәулесі. Отбасының барлық жандары балауыз тұрған үстелдің басына жиналды. Олар бір-бірін танымайтын, ортақ әңгімелері жоқ адамдардай біраз үнсіз отырысып қалды. Кенет отағасы: - Балалар, осылай үнсіз отырамыз ба? Мен сендерге балалық шағымдағы қызықты бір оқиғаны айтып берейін, - деп, ең алғаш атқа мініп үйренгендегі қызықтары жайлы майын тамызып тұрып әңгімелеп берді. Содан кейін аналары да, өзіне көйлек тігемін деп, үлкен матаны қалай кескілеп тастағанын айтып, бәрін бір күлдіріп алды. Балалар да мектептегі қызықтарын айтып, ата-аналарын біраз таң-тамаша қылды. Ал балауыз болса, өзінің арманының орындалғанына төбесі көкке жеткендей болып, маздап жана берді, жана берді. Қуанышы қойнына сыймай, осы бір мейірім, жақындық ұшқыны қайта орнаған отбасының жылуын сөндіріп алмас үшін, нұрын аямай төкті. Шаттанғаннан соңғы рет лап-лап жанды да, баяулап сөне бастады. Сол сәтте электр жарығы да самалдай жарқырап кетті. Бірақ, бұған ешкім де қуана қоймады. Олар әлі де болса біраз отыра тұрғысы келген еді. Осылайша, ұмыт қалған балауыз өз арманына жетіп, бір отбасының адамдарының жүрегіне бір-біріне деген шынайы, аналық, әкелік және балалық махаббатты оятыпты. Сол кештен кейін үлкен әсер алған отбасы, кей күндері бүкіл жарықты сөндіріп, балауыз жағып қойып, қызықты әңгімелерін айтып, ақын жырларын оқып, пікір таластыратын болыпты. 1.Неге ертегі «Балауыздың арманы» деп аталады ? 2.Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қарым- қатынасы қандай? 3.Әңгіме сен үшін қалай аяқталды деп ойлайсың ? 4.Отбасында сүйіспеншілік болу үшін не керек ?
10
Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс. 1топ Табиғатқа деген сүйіспеншілік сурет...
Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс. 1топ Табиғатқа деген сүйіспеншілік суретін салу
11
2. топ Әңгіме құрастыру. «Анаға деген аяушылық»
2. топ Әңгіме құрастыру. «Анаға деген аяушылық»
12
3.топ Жағдаятты шешу Мұхит сабақтан келе жатып,шөп арасынан қыбырлаған бір нә...
3.топ Жағдаятты шешу Мұхит сабақтан келе жатып,шөп арасынан қыбырлаған бір нәрсені байқап қалды.Қараса,кіп-кішкентай мысық,үсті-басы су-су.Мұхитқа аянышты көзбен қарап,мияулап тұр.Мұхит мысықты аяп,үйіне алып келді.Оны орап,пештің жанына жатқызды.Жылы үйге кірген мысық маужырап ұйқыға кетті.Сәлден кейін есік қоңырауы сылдырады.Ашса,көршісі Асылхан екен.Ол мысығын жоғалтып,таппай Мұхитқа келген еді.Пештің түбіндегі ораулы өз мысығын көріп,Мұхитқа күдікті көзбен қарап, мысығын құшақтап шығып кетті. 1.Сендер Асылханның орнында болсаңдар не істер едіңдер? 2. Мұхиттың орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?
13
Топпен ән айту Аяулы анашым. Әділет Саматұлы 1.Кішкентайдан мені мәпелеп өсір...
Топпен ән айту Аяулы анашым. Әділет Саматұлы 1.Кішкентайдан мені мәпелеп өсірген Осы күнге мені енбекпен жеткізген Осы күнге мені ұйқысыз жеткізген Аяулы анашым. қ-сы Аяулы анашым ак сүт берген маған, Бұл өмірде жоқ қой сеннен артық адам. Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанам, Аяулы анашым. 2.Міне, менде өстім Осы жаска келдім. Анамның ақ сүтін, Ақтар жасқа келдім. Ұлым өссе егер Бір қайтарар деген Аяулы анашым. Қ-сы Аяулы анашым ак сүт берген маған, Бұл өмірде жоқ қой сеннен артық адам. Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанам, Аяулы анашым.
14
Үй тапсырмасы 48 беттегі «Сүйіспеншілік» мәтінің оқып келу.
Үй тапсырмасы 48 беттегі «Сүйіспеншілік» мәтінің оқып келу.
15
Сабақтың қорытынды сәті: Соңғы тыныштық сәті Баяу әуен қойылады. Оқушылар ден...
Сабақтың қорытынды сәті: Соңғы тыныштық сәті Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көздерін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет. Көздеріңізді ашуға болады.
16
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ ! Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілеймін
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ ! Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілеймін
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию