- Презентации
- Презентация по казахскому языку на тему Мақал-мәтелдер
Презентация по казахскому языку на тему Мақал-мәтелдер
Автор публикации: Махмудова Ш.Б.
Дата публикации: 26.10.2016
Краткое описание:
1
Қазақ әдебиеті Ашық сабақ 5 -“В” сынып Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер
2
Сабақтың мақсаты: - оқушыларға мақал-мәтелдер халықтың рухани қазынасы екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктерін, мақалдың ғибраттық, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығын ұғындыру.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, 2. Оқушыларды түгендеу, 3. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
4
«Жүректен - жүрекке» (тренингі) Оқушыларға жүрекшелер таратылып, сабақ барысында білім шыңына жету үшін керекті қасиеттерді бір-біріне тілейді.
5
Қайырлы күн, достым, Сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз, Кілең «бестік» болсын!
6
Үй тапсырмасын сұрау Үйден оқушыларға өз беттерімен ізденіп, мақал-мәтелдерді жазып, жаттап келуге берілген болатын. Оқушылар мақал-мәтелдер айтады.
7
Сөзжұмбақ Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер ... Заттың атын білдіретін сөз табы. Жылқы пірі. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер. Жеке заттарға қойылатын атау. Балаға ең қымбат. Білім беретін мекеме. Мағынасы ашық болмай, ишарамен, тұспалмен айтылады. Көркемдеп суреттеуде затты немесе құбылысты екінші затпен не құбылыстармен салыстырып бейнелеу. Сиыр пірі. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.
8
О М О Н И М З А Т Е С І М Қ А М Б А Р А Т А О Д А Ғ А Й Ж А Л Қ Ы А Т А - А Н А М Е К Т Е П М Ә Т Е Л Т Е Ң Е У З Е Ң Г І Б А Б А Ш Ы Л А У
9
Жаңа білімді меңгерту кезеңі Мақал-мәтелдердің негізгі белгілері: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, тұжырым жасайды. Мағынасы ашық болмай, ишарамен, тұспалмен айтылады. Екеуі де белгілі бір түйінді береді. Мақал Мәтел
10
Мақал-мәтелдердің ерекшеліктері Р/с Мақал Мәтел 1 Құрылысы жағынан екі-үш бөлімді. Әке – асқар тау,шеше-қайнар бұлақ, бала-жағасындағы құрақ. Көбіне бір бөлімді болып келеді. Кәрі түлкі қақпанға түспес. 2 Ой неғұрлым ашық айтылады. Батыр туса - ел ырысы,жаңбыр жауса - жер ырысы. Ой,пікір ишара,тұспал түрінде беріледі. Көп түкірсе – көл. 3 Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылады. Қорқақты көп қусаң, батыр болады. Істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды. Дария жанынан құдық қазба.
11
Мақал-мәтелдер Сұрақтар Болжамдарынрастау Еңбек түбі - береке Құрамындағы сөздердің орны тұрақты ма? Сөздердің орны тұрақты Ақ жүрген азбас Аз сөзбен көп мағына беріліп тұр ма? Аз сөзбен көп мағына береді Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен. Ақыл-өсиет айтылған ба? Жақсыдан үлгі алуға, жаманнан аулақболукеректігі таралыақыл айтыптұр
12
Білім шыңына бірге шығайық...
13
I саты ( Оқушылық деңгей) Бірнеше сөздер беріледі: білім, еңбек,сөз, тіл, өнер. Мақал-мәтелдер құрап, оларды қатыстырып, бір-екі сөйлеммен өз сезімдеріңді білдіріңдер.
14
II саты ( Алгоритмдік деңгей) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой және сол сөзді үш тілде айтып бер. 1) ... тас жарады, Тас жармаса бас жарады. 2) Таяқ еттен өтеді, ... сүйектен өтеді. 3) ... таумен кездеспейді, Адам адаммен кездеседі. 4) ... көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды.
15
II саты ( Алгоритмдік деңгей) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой және сол сөзді үш тілде айтып бер. 1) Тіл тас жарады, (тіл- тил-язык- language) Тас жармаса бас жарады. 2) Таяқ еттен өтеді, Сөз сүйектен өтеді. (сөз-сўз- слова- word ) 3)Тау таумен кездеспейді,(тау-тоғ-гора- mountain) Адам адаммен кездеседі. 4) Досы көпті жау алмайды, (дос-дўст-друг-friend) Ақылы көпті дау алмайды.
16
III саты ( Ізденімдік деңгей ) Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сәулесіне зәру. Екі қораз ен қорағасыймас. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Жақсы адамға жау жоқ. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер қарады. Ауыртпалық ақыл қосар. Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп. Ең әдемі сөз – ең ақылды сөз. Кәрі түлкі қақпанға түспес. Ұжданы ақтың жүзі ақ.
17
Мақал Мәтел Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сіулесіне зәру. Жақсы адамға жау жоқ. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Кәрі түлкі қақпанға түспес. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер қарады. Екі қораз ен қорағасыймас. Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп. Ауыртпалық ақыл қосар. Ең әдемі сөз – ең ақылды сөз. Ұжданы ақтың жүзі ақ.
18
Сергіту сәті
19
«Жылдам жауап» ойыны. Сәйкестендіру тесті Еңбек түбі – Зейнет Бейнет түбі – Береке Ұрлық түбі – Бұлақ Сөз анасы – Қорлық Су анасы — Құлақ
20
«Жылдам жауап» ойыны. Сәйкестендіру тесті Еңбек түбі – Зейнет Бейнет түбі – Береке Ұрлық түбі – Бұлақ Сөз анасы – Қорлық Су анасы — Құлақ
21
IV саты ( Шығармашылық деңгей ) Топтарға тапсырмалар беріледі. Әр топ бір тақырып таңдап алады. І топ – Ата-ана ІІ топ – Отан ІІІ топ – Еңбек ІV топ - Оқу Тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, шағын эссе жазу. Топтық жұмыстың көрініс табуы.
22
Үй тапсырмасы Мақал-мателдер тақырыбын оқып, жаңа мақал-мәтелдер жаттап келу.
23
Бағалау Бағалау критерийі бойынша жинаған ұпайлары арқылы топтарды, бүгінгі сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалаймын.
24
Рефлекция Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар? Өз әсерлеріңді стикерге жазып қалдырыңдар
25
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ! Қош сау болыңыздар!!!