- Презентации
- Презентация по казахской литературе на темуҚамшының қасиеті
Презентация по казахской литературе на темуҚамшының қасиеті
Автор публикации: Абраймова Л.Т.
Дата публикации: 03.12.2016
Краткое описание:
1
2
Ғылыми жобаның тақырыбы: “Қазақтың қасиетті бұйымы -қамшының сыры” жоба жетекшісі:қазақ тілі мұғалімі Абраймова Лаура Тлеугабыловна
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Чигибаев Ринат 6 “а” сынып оқушысы
4
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мақсаты:Қазақ халқының қолөнер туындыларының шығу тарихы, жасалу технологиясы мен тұрмыста қолданылуы.Ұлттық қолөнерді құрметтеуге үйрету және оның касиетті сыры туралы түсіндіру.
5
6
Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бірнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрілген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал.
7
Қамшы өнер туындысы, сый-сыяпаттың төресі, ер жігіттің серігі, айбыны, шаңырақтың киесі, тіпті, кейде батырдың қаруы да болған. Оны жай ғана ат айдайтын құрал деп айта салу ағаттық.
8
Қамшы түрлері: *ат қамшы, дыр қамшы, дырау қамшы, дойыр қамшы, дойыр қамшы, дүре қамшы, ұзын қамшы, шолақ қамшы, сары ала қамшы, білеу қамшы, орама санды қамшы, мүйіз сапты қамшы, киелі қамшы, қасиетті қамшы, тобылғы санды қамшы, шашақты қамшы, бала қамшы, құрау қамшы, шыбыртқы қамшы
9
Қамшыны жасау түрлері: Нағыз қамшы әбден иленген сиыр терісінен 3 таспадан 40 таспаға дейін өріледі. Таспа неғұрлым көбейген сайын жіңішкере береді, әрі ажарлана, күрделене түседі.і.
10
Қамшыны қалай жасаймыз: Қамшыны жасау үшiн ең бiрiншi терiнi илеп, иiн қандырып, қайыс өңдеп шығару қажет. Әдетте оны бояуға да, боямауға да болады. Сосын қайысты тарам-тарам етiп тiледi. Өрiм саны неғұрлым артқан сайын сапасы да арта түседi. Алайда, оны өру де айтарлықтай қиындайды. Өйткенi, өрiм саны қаншалық көбейсе, соншалық қайыс тармағын жiңiшкерту қажеттiгi туады.
11
Қамшының сыры Қарапайым қара қамшының сырын аша түсу – біздер үшін әлі де терең этнографиялық зерттеуді қажет етеді. Сары ала сапты қайыс қамшымен шайтанды қуады деседі. Қамшының ұшар басында, алақанында пәле - жаладан, ауру – сырқаудан қағатын құдірет ұялайды деп түсінген дана бабаларымыз. Құдіреттің ұялауы қамшыны ұстаған адамның жан тазалығына байланысты. Қамшы өзінің иесін де теріс пиғылдан тазартады.
12
Қамшы – ұстаған адамының қайрат - қуаты артып, жамандықтан, тіл - көзден сақтап жүретінін, сал - серілердің серілігін танытатын, отбасының, отағасының қорығы екенін білдіретін қазақ мәдениетінің киелі сыйы.
13
«Қатын өлді – қамшының сабы сынды» деген аталы сөз бар. Адамның тілі айтып жеткізе алмайтын сөзді қамшы арқылы жеткізу қазақ салтының ертеден қалыптасқан дәсүрі. Қазақ адамның көңіліне кері әсер ететін ауыр сөзді ешқашан ашық айта салмаған, астарлап жеткізген. Сөз сұрағанда, немесе көп сөйлеп, өзгеге сөз кезегін бермегенде, болмаса орынсыз билік айтқан әумесерлікке қамшыны пайдаланған. Алқалы қауымның алдына қамшы тастау осындай жағдайларда пайдаланылады.
14
Мысалы, жайшылықта қамшыны екі бүктеп ұстайды. Қамшы өрімін салбыратып ұстау дұшпандық, әдепсіздік белгісі деп қаралған. Жол, жөн көрсеткенде де саусақпен емес, қамшымен нұсқаған.
15
Құдалық жол-жоралғыда қамшы қайтару деген бар. Қыз айттыруға келген жігіт жағының басшысы (жігіттің әкесі, «жаушы» т.б.) қамшысын қыз үйінің төріне іліп кеткен. Егер қыз әкесі келісімін бермесе, көп ұзатпай қамшыны иесіне қайтарып жіберген. Мұны қамшы қайтару дейді.
16
Қамшымызды халық тіл өнерінде де «ойната» білген. Жүйрік атты- «қамшыдай қатқан» талаптанған жігітті- «өзін-өзі қамшылады» ұрды, соқты дегенді- «қамшы жұмсады» қорқытты деудің орнына- «қамшы үйірді» қаныпезер тентекті - «қамшысынан қан сорғалаған» жүрмейтін атты- «қамшы кесті шабан» жанына батқан істі - «қамшы боп тиді» деп, астарлай сөйлеген. Кейбір берекесіз жанды - «қамшы алып беруге жарамайтын»,- деп кеміткен. Жүрдек атты- «қамшы салдырмайтын мал» деп мадақтаған.
17
Сондай ақ халық қамшыны өлшем есебінде де қолданған, мысалы: қамшы сабындай, қамшы бойындай, қамшы жетер жерде. Бір сөзбен айтқанда: Қара ойдың қамшым қалды қабағында, Шырыны қымыздықтың сабағында, - деп ән шырқаған дала қазағының өмірінде қасиетті қамшы өшпес із қалдырған.
18
Қорытынды Қорытынды: Халқымыз сөзді нақты айтса да, тұспалдап айтса да әр нәрсенің шығу тегін, өзара байланыстылығын меңзеген.Қазақта әрбір отбасы мүшесінің өз қамшысы болған. Көші-қонда, ас-тойларда салт- атты адамның, еркек болсын, әйел болсын қамшысыз жүруі сөлекет саналған. Қамшы – қазақтың ғасырлар бойы ұстаған ұлттық нысандарының бірі болды. Қолына қамшы ұстаған қазақ сұсты, айбарлы, сәнді көрінеді.. Сондықтан қазіргі таңда қамшы өруді, қамшыгерлікті жас ұрпаққа үйретіп, насихаттап отырса елдік, ерлік дәстүріміз жалғасын таба береді.
19
Назарларыңызға рахмет!!!