7
  • Презентации
  • Презентация по казахскому языку на тему Тіл дамытуға арналған жаттығулар

Презентация по казахскому языку на тему Тіл дамытуға арналған жаттығулар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Қазақ тілі тіл дамытуға арналған сабақтарында топтамасы жаттығулар
Қазақ тілі тіл дамытуға арналған сабақтарында топтамасы жаттығулар
2
Фонетика
Фонетика
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
«Қ» ойыны Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын анықтау, ізденімпаздылыққа бағытт...
«Қ» ойыны Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын анықтау, ізденімпаздылыққа бағыттау. Ойын шарты: Оңнан солға қарай оқылса да, солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін «Қ» әріпінен басталып, «Қ» әріпінен аяқталатын бес әріптен тұратын жеті сөз ойлап жазыңдар Қ а з а қ
4
Қ р ш а ғ ы л а Қыздың аты Қ а ғ р ы б а Қ Қ Қ Қ қ а м р а р а а ғ р а а у р...
Қ р ш а ғ ы л а Қыздың аты Қ а ғ р ы б а Қ Қ Қ Қ қ а м р а р а а ғ р а а у р а Қ Үйдің негізгі бөлігі Балықшы құралы Құс Түс Қыстың сәні Айлакер Қ Ойлан, тап!
5
Морфология
Морфология
6
Мақсаты: Ребусты дұрыс шешсеңдер, бір қаланың аты шығады ,,, ,,,, ,,, ,,,,, ,...
Мақсаты: Ребусты дұрыс шешсеңдер, бір қаланың аты шығады ,,, ,,,, ,,, ,,,,, , Астана
7
Мақсаты: Мына әріптерді пайдаланып, белгілі бір ретпен жүрсеңдер, 18 мемлекет...
Мақсаты: Мына әріптерді пайдаланып, белгілі бір ретпен жүрсеңдер, 18 мемлекеттің атын оқуға болады. Б Қ С І Б І Р Е Г С Р А З С А Х М А Н О С Ф И Ц У Р Г Қ Я М И Р Л И С Е О Н И Л К О Л Я П И Н А К Л А Б У К А Н А Д А Н Т Р М Ә Н Д О К Е З Я И Б Л И У Т А Т И К А Ч И Я Р Ц Л И Я Ш Ш Қ Ы Т А Й Я Н Л
8
Жұмбақтарды шешіп көр *** Ұзын-ұзын ұзын жіп, Ұшы қайдан табылар? (Жол) *** А...
Жұмбақтарды шешіп көр *** Ұзын-ұзын ұзын жіп, Ұшы қайдан табылар? (Жол) *** Аспай піскен, Қайнамай түскен. (Жеміс) *** Үлкен-үлкен түйені Тастапты атам шөгеріп. Өркеші бұлтқа тиеді Бауыры жатыр көгеріп. (Тау) *** Жаны жоқ болса да, Ақылды адам ісін істейді. (Кітап)
9
Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар. *** Ине көзінен сынады, Шешен .... сөзін...
Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар. *** Ине көзінен сынады, Шешен .... сөзінен сынады. *** Теңге – тиыннан, Ынтымақ –... ұйымнан. *** Көп ішінде сөйлеген, Көсемдіктің белгісі. Көпке сөзі ұнаған, ... Шешендіктің белгісі. *** Жылы киім — тәнді жылытар, Жылы сөз — ... жанды жылытар. *** Шайқап сөйлесең, Алды-артыңды ... байқап сөйле. *** Ағайын тату болса – ат көп, ... Абысын тату болса – ас көп. Мақсаты: Сызықшаларды қозғау арқылы есепті шығарыңдар. Есепті сөзбен жазыңдар.
10
Деңгейлік тапсырмалар
Деңгейлік тапсырмалар
11
І деңгей. Тақырыптың алғашқы сөйлемі берілген, мақала түрінде жалғастырыңдар...
І деңгей. Тақырыптың алғашқы сөйлемі берілген, мақала түрінде жалғастырыңдар. Атадан қалған асыл мұра. Бабалар сөзі - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. …
12
ІІ деңгей. Тақырыптың ортаңғы сөйлемі берілген, мақала түрінде жалғастырыңда...
ІІ деңгей. Тақырыптың ортаңғы сөйлемі берілген, мақала түрінде жалғастырыңдар. «Туысы бірдің – уысы бір» … Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. …
13
ІІІ деңгей. Тақырыптың Соңғы сөйлемдері берілген, мақаланың басын жазыңдар. «...
ІІІ деңгей. Тақырыптың Соңғы сөйлемдері берілген, мақаланың басын жазыңдар. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» Халқымызда «баталы құл – арымас, батасыз құл – жарымас», «қарғыс алма, алғыс ал» - деп батаның маңыздылығын айқын, әспеттеп көрсеткен. Сонан болса керек, ақ бата тілеп, теріс батадан сескеніп, қорқып отыратын болған.
14
Деңгейлік тапсырмалар Зат есім З а т е с і м I деңгей 1. Зат есім дегеніміз н...
Деңгейлік тапсырмалар Зат есім З а т е с і м I деңгей 1. Зат есім дегеніміз не? 2. Деректі және дерексіз зат есімдерге мысал келтіріңдер. 3. Мәтіннен жалқы есімдерді табыңдар. Нұра өзеніне таяу жерлердегі әдемі көлдердің бірі: Жаман көл, Маржан көл, Ағашты көл, Күрең көл, Шұңғыл көл, Балықты көл, Шошқалы көл, Сұлу көл, тағы басқа көлдер бар еді. Сол көлдердің бірі – Аққулы көлдің жағасында тізіле қонып алты ауыл отыр. (С.Сейфуллин)
15
Деңгейлік тапсырмалар Зат есім ІІ деңгей 1. Мәтіндегі негізгі, туынды, күрдел...
Деңгейлік тапсырмалар Зат есім ІІ деңгей 1. Мәтіндегі негізгі, туынды, күрделі зат есімдерді тауып, бөлек-бөлек жазыңдар. Қарагөздің әкесі жас кезінде өліп еді. Жесір қалған шешесі Үсеннің немере қарындасы болатын. Ол Үсен аулын төркін қылып, ылғи араласып жүретін. Қарагөз де кішкене күннен Үсен аулын нағашы етіп, көңіліне ерекше жақын тартып, кейде шешесімен, кейде жалғыз өзі де келіп, көп уақыттар жатып қайтып жүретін. Сол халмен жүргенде Әзімханның бұрынғы алған келіншегі қайтыс болған. (М.Әуезов «Қаралы сұлу») 2. Мақал–мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіріңдер. Ішінен зат есімді табыңдар. 3. Қазақстандағы күрделі зат есімге жататын жер-су, қала аттарын жазыңдар.
16
ІІІ деңгей Бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалған зат есімдерге сөйлем ке...
ІІІ деңгей Бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалған зат есімдерге сөйлем келтіре отырып мысалдар жазыңдар. 2. «Менің қалам» деген тақырыпта шығарма жазыңдар.
17
I деңгей Е л і к т е у с ө з д е р 1. Еліктеу сөз дегеніміз не? 2. Төмендегі...
I деңгей Е л і к т е у с ө з д е р 1. Еліктеу сөз дегеніміз не? 2. Төмендегі еліктеу сөздермен сөйлем құрастырыңдар. Жалт-жұлт, тарс-тұрс, ербең-ербең, дүрс-дүрс. 3. Сөйлемдегі көп нүтенің орнына тиісті еліктеуіш сөздерді қойыңдар. 1) Жүрегім лүп-лүп етіп, алқымыма тығылады. (Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа») 2) Кісендер даусы гүрс-гүрс етеді. (Ш.Мұртаза «Тұтқын бала») 3) Федоров жалт етіп, тұздай көк көзімен Еламанға қадала қарады. («Балықшылар»)
18
II деңгей 1. Еліктеуіш сөздерді бір бөлек, бейнелеуіш сөздерді бір бөлек жазы...
II деңгей 1. Еліктеуіш сөздерді бір бөлек, бейнелеуіш сөздерді бір бөлек жазыңдар. Томпаң-томпаң, қалт-құлт, гүр-гүр, шаңқ, сақ-сақ, маң-маң, шолп, қолп, шарт-шұрт, сатыр-сұтыр. 2. Төмендегі сөздерге негізгі, туынды, күрделі, еліктеу сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. Жеті қазына: жүйрік ат, қаққыш тазы, алғыр қыран, түзу мылтық, қара қазан, алмас кездік, шаңырақ. 3. Өлеңдегі еліктеу сөздерді табыңдар, құрамына, тұлғасына қарай талдаңдар. Бірде дүмп-дүмп жұдырық... Бірде баж-баж, бірде күңк, Бірде тұрып, жығылып Айналада шығады үн.
19
ІІІ деңгей Төмендегі әңгімені еліктеу сөздерін қатыстыра отырып, өз ойыңша жа...
ІІІ деңгей Төмендегі әңгімені еліктеу сөздерін қатыстыра отырып, өз ойыңша жалғастырыңдар. Екі елдің басшылары шабындыққа таласып келе жатып, қой бағып жүрген он төрт жасар Күдеріге кез болады да: «Кел осы балаға жүгінісейік» дейді. Біз шөпке таласып келеміз, олар: «біз орамыз» дейді, біз: «жоқ, біз орамыз» дейміз. Осыған жас та болсаң төрелік айт, - дейді даугерлер.
20
Берілген сурет бойынша сын есімді қатыстыра отырып, шағын әңгіме құрастырыңдар.
Берілген сурет бойынша сын есімді қатыстыра отырып, шағын әңгіме құрастырыңдар.
21
, ,,, ,,,,,, , ,,,, ,, , ,,,, Мақсаты: Ребусты дұрыс шешсеңдер, сын есім шыға...
, ,,, ,,,,,, , ,,,, ,, , ,,,, Мақсаты: Ребусты дұрыс шешсеңдер, сын есім шығады Әдемі
22
Шығармашылық диктант «Абай жолы». 1-бөлім: «Қайтқанда» Мәтінді мұқият тыңдап,...
Шығармашылық диктант «Абай жолы». 1-бөлім: «Қайтқанда» Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер. Бұл мәтін қай шығарманың үзіндісі? 1-тарау қалай аталады? Абай қайдан келе жатыр? Оны қарсы алуға кімдер барды? Абай мен оның ағалары Есенбайдың жартасына дейін қалай жетті? Жұмабайдың және Байтастың мінген аттары жайлы не білдіңдер? Байтас пен Жұмабай Есенбайдың жартасы туралы Абайға не деді? Абай Жұмабайға қалай қалжындасты?
23
2. Мәтіннен түсінгендерінді конспектілеп, тезис жазыңдар. 3. Төменде берілген...
2. Мәтіннен түсінгендерінді конспектілеп, тезис жазыңдар. 3. Төменде берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар. Сөйлемдерден етістіктерді тауып, морфологиялық талдау жасаңдар. 1) Күн ұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. 2) Белге шығып алып шауып келе жатып қарағанда, бала көрінбеді.
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию