- Презентации
- Іштен жанатын қозғалтқыштың оталдыру жүйесі тақырыбындағы ашық сабақтың презентациясы
Іштен жанатын қозғалтқыштың оталдыру жүйесі тақырыбындағы ашық сабақтың презентациясы
Автор публикации: Кубиев С.К.
Дата публикации: 18.05.2016
Краткое описание:
1
Сабақтың тақырыбы: Іштен жанатын қозғалтқыштың оталдыру жүйесі Құрастырған :арнайы пән мұғалімі С.К.Кубиев
2
ІШТЕН ЖАНАТЫН ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ОТАЛДЫРУ ЖҮЙЕСІ Іштен жанатын қозғалтқыштардың кез келген түрі қозғалмай тұрғанда айналу моментін туғызбайды.Ол бастап жұмыс істеу үшін,алдымен оны сыртқы энергия көздерімен айналдыру қажет.Олардың мынадай түрлері қолданылады:
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Электрстартері Көбінесе кездесетін өте тиімді әдіс. Қозғалтқышты оталдырғанда аккумулятор батареясынан ток алатын тұрақты токтың машинасы коллекторлы злектрқозғалтқышымен айналдырады.(қозғалтқыш от алғаннан кейін аккумулятор бас қозғалтқыш арқылы қозғалысқа түсетін генератордан қуат алады).Салқын кездері қышқылды аккумуляторлардың күші жетпеуі мүмкін,өйткені майлау жүйесінде майдың тұтқырлығы жоғарылайды.Сондықтан қыста қозғалтқышты оталдыру қиындайды,кей кездері оталдыру мүмкін болмайды.Электр жүйелері жақын жерлерде жүйелік оталдыру құрылғысымен оталдыруға болады(қуты шектелмеген).
4
электрстартері
5
ІШТЕН ЖАНАТЫН ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ҚОСЫМША ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ(ОТАЛДЫРУ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ, «ПУСКАЧ») Басты қозғалтқыш аз қуатты басқа іштен жанатын қозғалтқышпен оталдырылады. ( «пускач» деп аталады), мұндай әдіс көбінесе тракторларда қолданылады. Әдетте оталдыратын қозғалтқыш екі тактылы карбюраторлы болып келеді,оның қуаты басты қозғалтқыштың қуатының 10 % құрайды.Кейбір ыңғайсыз жағдайларға қарамастан,бұл кез келген жағдайда өте тиімді болып саналады, егер аккумулятордың жағдайын бақылауға болмайтын жерлерде,трактор немесе құрылғы тұрғын аймақтан алыс жерлерде пайдаланылса.Оталдыру қозғалтқышы сұйықпен салқындату жүйесіне қосылған,салқын күндері басты қозғалтқышты жылытуға болады.Қосымша қозғалқыштың өзі қолмен(«тросты» тартумен) немесе аз қуатты электрстартерімен оталдырылады.Егер оталдыру қозғалтқышы қолмен оталдырылса,онда аккумулятор батареясының қажеті болмайды.(бұл кезде оталдыру жүйесі электр қуатын электр сезгісінен алады).Қосымша қозғалтқышты оталдырғаннан кейін және салқындату жүйесін жылытқаннан кейін бас қозғалтқышпен қосымша қозғалтқышты фрикционды ілініс арқылы қосады.
6
Іштен жанатын қозғалтқыштың қосымша қозғалтқышы (оталдыру қозғалтқышы, «пускач»)
7
АУА ҚЫСЫМЫ АРҚЫЛЫ ОТАЛДЫРУ Жоғары қысымдағы қысылған ауамен үлкен дизельдерді оталдыру үшін тепловоздарда, су көліктерінде және бронды техникаларда қолданған. Мұндай әдіс бұрын поршеньді қозғалтқыштарды оталдыру үшін ұшатын техникаларда қолданылған. Цилиндрде,кәдімгі енгізу және шығару қақпақтарынан басқа,қосымша оталдыру қақпақтары орналастырылады. Оталдыру кезінде олар ашылады,олар арқылы цилиндрге енетін ауа поршеньдерді итереді және қозғалтқышты айналдырады.Қысылған ауасы бар баллондар басты қозғалтқыш арқылы жұмыс істейтін компрессордан толтырылады.
8
АУА ҚЫСЫМЫ АРҚЫЛЫ ОТАЛДЫРУ
9
Транспортты сүйреу арқылы оталдыру Механикалық БҚ бар автомобильді (мотоциклді),басқа автомобильмен сүйрету арқылы оталдыруқа болады (немесе қолмен итеріп, «итеріп оталдыру» деп атайды), сонымен қатар ілініс өшірулі күйнде,еңісті жолдардан өз екпінімен қозғалу арқылы.Белгілі бір жылдамдыққа жеткеннен кейін іліністі қосады. Бірақ мұндай әдістен жүріс бөлігі істен шығуы мүмкін,әсіресе төмен беріліс қосулы болған кезде: көптеген автомобильдерде пайдалану нұсқаулығы бойынша мұндай әдіспен оталдыруға тыйым салынады. Автоматты беріліс қорабы бар автомобильдерде мұндай әдіспен оталдыру мүмкін емес. Тек қана жұмыс істеп тұрған автомобидьдерде гидротрансформатор гидраликалық сұйыұтыққа толтырылады, айналу күші дөңгелектерден АБҚ берілмейді.
10
«ЖАЛҒЫЗ ОТАЛДЫРУ» Бұл әдістің ерекшелігі автомобильдің дөңгелектерінің біреуін бұрап айналдыру арқылы жүргізіледі( мысалы, оратылған болат арқан арқылы), алдын-ала жоғарғы берілістердің біреуінің қосулы күйінде автомобильді көтеретін құрылғылар арқылы көтеріп қойып, қолды зақымданудан қорғау үшін қолғап кию қажет.Бұл әдістің басты ерекшелігі жүргізушінің қозғалтқышты жалғыз өзінің оталдыру мүмкіншілігінің бар екендігі.Автомобильдің басқа дөңгелектері жерде тұрады, бірақ оларға дифференциалдың арқасында айналу моменті берілмейді.
11
«ТҰТАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ОТАЛДЫРУ» Аккумулятордың қуаты таусылғанда басқа автомобильдің аккумуляторына қосылу жиі кездеседі. (бұл әдіс «тұтандыру» деп аталады). Бұл жұмыс басқа автомобильдің электрондық жүйесі істен шығып қалмау үшін қозғалтқыштың іске қосылмаған кезінде атқарылады.