7
  • Презентации
  • Презентация по казахскому литературе на тему Абайдың қара сөздері (9 сынып)

Презентация по казахскому литературе на тему Абайдың қара сөздері (9 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі...
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Камбарова Бану Бақытқызы Ашық сабақ Әдебиет
2
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Сабақтың мақсаты Білімділік:		Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін 			түсіну,...
Сабақтың мақсаты Білімділік: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, жиырма тоғызыншы қара сөзінің мағынасын меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным- түсініктерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тығылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
4
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Жаңа сабаққа кіріспе 3. Жаңа сабақ...
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Жаңа сабаққа кіріспе 3. Жаңа сабақ 4. Жаңа сабақты бекіту 5. Қорытынды 6. Бағалау 7. Үйге тапсырма
5
философ 1845 -1904 Күйші Композитор Ю.Лермонтов «Бородино» (27)   Ақын	 1909ж.
философ 1845 -1904 Күйші Композитор Ю.Лермонтов «Бородино» (27)   Ақын 1909ж.
6
Абайдың қандай өлеңдерімен таныстық? «Ғылым таппай мақтанба» «Әсемпаз болма ә...
Абайдың қандай өлеңдерімен таныстық? «Ғылым таппай мақтанба» «Әсемпаз болма әрнеге» «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» «Қансонарда бүркітші шығады аңға» «Адамның кейбір кездері» «Құлақтан кіріп бойды алар» «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» «Жазғытұры» «Жаз» «Қыс» «Күз»
7
Абайдың қандай күйлері бар? «Желдірме» «Май түні» «Торы жорға»
Абайдың қандай күйлері бар? «Желдірме» «Май түні» «Торы жорға»
8
Абайдың әндері «Көзімнің қарасы» «Желсіз түнде жарық ай» «Сегіз аяқ» «Айттым...
Абайдың әндері «Көзімнің қарасы» «Желсіз түнде жарық ай» «Сегіз аяқ» «Айттым сәлем, Қаламқас» «Бойы бұлғаң» «Қор болды жаным»
9
Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған...
Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі, Көрінбей жердің, топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі. Тау жаңғырып, ән қосып Үрген ит пен айтаққа. Келмеп пе едің жол тосып Жолығуға аулаққа?
10
Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. Ш...
Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. Шығармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды.
11
Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жа...
Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз. Абайдың қара сөздері – өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. 46-шы сөз
12
Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауиян...
Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы Уәсила былай дейді: «Әкем балаларын 7-8-ге шыққанда оқуға беретін, балалармен қабат, қыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан, балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Молдаға қарап: «Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қара сөзбен жазған кітабы екен». Қара сөздерінде Абай әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланады. Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер айтқан М.Әуезов еді. «...Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». (М.Әуезов. 20-том).
13
Абай қара сөздерінің жанрлық және стильдік ерекшелігі өсиет- ғақлия философия...
Абай қара сөздерінің жанрлық және стильдік ерекшелігі өсиет- ғақлия философиялық трактат көркем прозалық элементтері бар әңгіме нақыл сөз сын- мақала ретіндегі публицистика кеңес әңгіме
14
Қазақтардың мінез-құлқы: 4,10, 12, 15, 22, 24, 35,38   Абайдың қара сөздері Д...
Қазақтардың мінез-құлқы: 4,10, 12, 15, 22, 24, 35,38   Абайдың қара сөздері Дүниенің тылсым сырларын тану: 7, 19, 31, 38, 43 Ғылым, білім, өнер: 25, 32, 33, Ар-ұят, адамгершілік: 5, 9, 11, 18, 24, 40   Надандық, жалқаулық т.б. сынау: 3, 6, 8, 11, 18   Еңбек: 2, 4, 25, 42 Қазақ мақалдары: 5, 6, 37, 29
15
ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да б...
ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар. Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі. «Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой. «Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған  буралық неге жарайды? «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы  айтқаны. «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен  айтылған  сөздеріне  бек сақ болу керек.
16
«Пікірі жоқ адамнан қорық» дейді шығыс даналығы. (Ауызша тіл, ой дамыту) Мақа...
«Пікірі жоқ адамнан қорық» дейді шығыс даналығы. (Ауызша тіл, ой дамыту) Мақал-мәтелдер   Абайдың сыны   Өз пікірің Жарлы болсаң, арлы болма     Қалауын тапса, қар жанады            Атыңшықпаса, жер өрте     Алтын көрсе, періште жолдан таяды       Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті.     Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын   Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.   Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат?   Періштеалтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қоштағалы айтқан Ата-анасынанмал тәтті көрінетұғын антұрған-ның тәтті дерлік не жаны бар? Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе?
17
1-нұсқа р/с Абайдың сөзі     Сенің сының немесе пікірің 1. Адамның адамшылығы...
1-нұсқа р/с Абайдың сөзі     Сенің сының немесе пікірің 1. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.   2. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
18
2-нұсқа р/с Абайдың сөзі     Абайдың айтпақ ойын анықтап, мағыналас қазақ мақ...
2-нұсқа р/с Абайдың сөзі     Абайдың айтпақ ойын анықтап, мағыналас қазақ мақал-мәтелдерін тап 1. Әкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың. 2. Жаман дос – көлеңке: Басыңды күн шалса, Қашып құтыла алмайсың, Басыңды бұлт шалса, Іздеп таба алмайсың.
19
3-нұсқа р/с Қазақ мақалдары   Сенің сының 1 Ұялған сыбағасынан құр қалар   2...
3-нұсқа р/с Қазақ мақалдары   Сенің сының 1 Ұялған сыбағасынан құр қалар   2 Жаман көрген досыңа Жаман көрген малың бер Көре-көре күйінсін.   3 Тойған үйге тоғыз бар.
20
Қ о р ы т ы н д ы Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл Абай ақынның сөздері халқы үші...
Қ о р ы т ы н д ы Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады. Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ.
21
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес. Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес. Мені мен...
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес. Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес. Мені мен, менікінің айырылғанын, “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
22
Үйге тапсырма: «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» Эссе жазу неме...
Үйге тапсырма: «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» Эссе жазу немесе Абай атаға хат
23
Бағалау
Бағалау
24
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию