Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға киіз үй түрлері туралы жалпы мағлұмат беріп, әр түрлі тапсырмалар бойынша оқушының өздігінен ізденуіне жағдай жасап, шығармашылықтарын дамыту, өз пікірін айта білуге дағдыландыру. 2. Грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. 3.Ұлт дәстүрі тарихымен таныстыру арқылы Отанын сүю, ұлтжандылық қасиеттерін, имандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ. Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, музыка, орыс тілі, информатика. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, проблема арқылы сұхбат, көрініс, деңгейлік тапсырмалар, эвристикалық әдісі, әңгіме, баяндау, саралап оқыту,рефлексия, Көрнекіліктер: киіз үйдің суреті, слайдтар, жинақталған карточкалар, сөзжұмбақ, үн таспа,тірек-сызба, бағалау кестесі, суреттер.