7
  • Презентации
  • Презентация по предмету Электротехнические материалы на тему Металдар мен қорытпалардың құрылысы мен қасиеттері

Презентация по предмету Электротехнические материалы на тему Металдар мен қорытпалардың құрылысы мен қасиеттері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Қазақстан Республикасының ғылым және Білім министрлігі Қарағанды политехникал...
Қазақстан Республикасының ғылым және Білім министрлігі Қарағанды политехникалық колледжі Энергетикалық пәндер кафедрасы Металдар мен қорытпалардың құрылысы мен қасиеттері
2
Металдар мен қорытпалар жөнінде жалпы мәліметтер беру,олардың атомдық құрылы...
Металдар мен қорытпалар жөнінде жалпы мәліметтер беру,олардың атомдық құрылысы мен механикалық қасиеттерін талдау С а б а қ т ы ң м а қ с а т ы
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Химияның негізгі түсініктерінің бірі — элемент. Элемент дегеніміз атомдарды...
Химияның негізгі түсініктерінің бірі — элемент. Элемент дегеніміз атомдардың жеке түрі. Бұл түсінікті химия ғылымына ағылшын ғалымы Р. Бойль енгізген. Қазіргі кезде химиялық элементтердің 108 түрі белгілі, олардың ішінде 89-ы табиғатта кездессе, қалған 19-ы жасанды жолмен алынған.
4
Химиялық элементтер сыртқы белгілері мен қасиеттер бойынша үлкен екі топқа б...
Химиялық элементтер сыртқы белгілері мен қасиеттер бойынша үлкен екі топқа бөлінеді: Металдар - Al (8,1%),Fe (4,65%), Ca(3,6%), Na (2,64%),K (2,5%),Mg (2,1%), Tі(0,57%), Mn (0,1%),Ba (0,05%),Sr (0,03%),қалғандары (0,1365%). Бейметалдар (металл еместер) – H2, N2 , B,C,Si,P,As,S,Se,Te.
5
Металдар– электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары...
Металдар– электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты. Қазіргі уақытта техникада конструкциялық материалдар ретінде металдар  мен қорытпалар (90%) және металл емес материалдар( пласмассалар, композициялық  материалдар, резенке т.б.) пайдаланылады. Сондықтан басты назар металдар мен қорытпаларға бөлінетін болады. Металдардың әртүрлі физика – химиялық пайдалы  қасиеттерімен қосылыстар түзуге қабілетті қорытпалар алуға қолайлы жағдай туғызады.Тәжірибе жүзінде 10 мыңнан аса қорытпалар пайдаланылады.
6
Алюминий, мыс, темір, мырыш және олардың қорытпалары металды конструкционды м...
Алюминий, мыс, темір, мырыш және олардың қорытпалары металды конструкционды материалдар ретінде қолданылады. Материалдар кристалды және аморфты бола алады. Қатты күйінде металл мен олардың қорытпалары кристалдық құрылымға ие. Кристалдық заттарға атомдардың реттік орналасуы тән, ал аморфтық материалға атормдардың ретсіз орналасуы мен барлық бағыттарда бірдей қасиеттері тән.
7
Кристалдық тор – кристалл заттардағы атомдардың, иондардың, молекулалардың б...
Кристалдық тор – кристалл заттардағы атомдардың, иондардың, молекулалардың белгілі бір ретпен орналасуы. Кристалдық тор бір-біріне тығыз орналасқан параллелепипедтерден немесе кубтардан тұрады. Параллелепипед пен кубтар кристалдық тордың ұяшығы болып табылады. Атомдар, иондар немесе молекулалар орналасқан параллелепипедтің төбелері (бұрыштары) кристалдық тордың түйіндері, ал олар арқылы өтетін түзу сызықтары қатарлары деп аталады. Кристалдық тор статистикалық тұрғыдан тұрақсыз болады, атомдар мен иондар өзінің тепе-теңдік қалпынан белгілі бір амплитудада тербеліп тұрады. Температура өскен сайын бұл тербеліс артады, ал балқу температурасына жеткенде, кристалдық тор ыдырап, зат сұйықтыққа айналады.
8
Белгілі балқу температурасы бар, кристалдық құрылымы бар, физикалық денелер....
Белгілі балқу температурасы бар, кристалдық құрылымы бар, физикалық денелер. Кристалдар – анизотропты, яғни физикалық қасиеттері бағытқа тәуелді, Кристалда жарықтың таралуы жылдамдығы, жылу өткізгіштігі, серпімділігі бағытқа тәуелді болады, Кристалл атомдары кеңістікте қатаң тәртіппен орналасып кристалл торын құрайды. Кристалдар белгілі бір бұрыштармен орналасқан жазық бұрыштардан тұратын болса, монокристалл деп аталады, Егер кристалл өте ұсақ кристалл жиынтығынан тұратын болса, поликристалл деп аталады. К р и с т а л д а р
9
Металдардың элементарлы кристалдық ұяларына орналасуы: 			 Көлемдік центрлік...
Металдардың элементарлы кристалдық ұяларына орналасуы: Көлемдік центрлік кубтық Жақ центрлік куб Гексогональді
10
Металдар бір бірінен кристалдың торкөзден басқа да параметрлерімен ерекшелене...
Металдар бір бірінен кристалдың торкөзден басқа да параметрлерімен ерекшеленеді.Ол көрші атомдар ортасының белгілі бағыттағы ара қашықтығы. Өлшемі – нанометр (Нм) немесе ангстрем (А0). 1Нм = 10 А0 = 108м
11
Механикалық қасиеттер:  материалдардың сырттан түсетін күштерге қарсылық ету...
Механикалық қасиеттер:  материалдардың сырттан түсетін күштерге қарсылық ету қабілеті, олардың қатарына беріктік, қаттылық, созылғыштық және серпімділік жатады, 2) әр түрлі жағдайда күштің әсеріне металдан жасалған дененің қарсы тұру кабілеттілігін бейнелейтін касиет.
12
Беріктік – материалдың жүктеме салмақ әсерінен болатын бүлінуге қарсы тұру қа...
Беріктік – материалдың жүктеме салмақ әсерінен болатын бүлінуге қарсы тұру қабілеттілігі. Бөлшектер созылу, сығылу, бүгілу, кесілу, бұрау жағдайларында жұмыс жасауға лайықталып жасалады. Бөлшектердің жұмыс жағдайында оларда кернеу пайда болады да, өзгеріске ұшырайды.  Беріктік σв - созылуға беріктілік шегімен сипатталады σв =P/F P- үлгіні созушы күш, кг F- үлгінің көлденең қимасының ауданы, м2 σв - беріктіктің физикалық мағынасы
13
Иілгіштілік – бұл материалдың сыртқы күштердің әсерінен бүлінбей, жаңа пішін...
Иілгіштілік – бұл материалдың сыртқы күштердің әсерінен бүлінбей, жаңа пішін мен мөлшер қабылдау қасиеті. Созылу кезіндегі иілгіштілік салыстырмалы ұзару (δ)және салыстырмалы тарылумен (φ)сипатталады. δ=(lr - l0)/l0 ∙100% φ=(F0 -Fr)/l0 ∙100% l0 - үлгінің бастапқы ұзындығы lr - үлгінің ақырғы ұзындығы F0 - үлгінің көлденең қимасының бастапқы ауданы Fr - үлгінің көлденең қимасының ақырғы ауданы
14
Серпімділік – бұл материалдың жүктеме әсерінен кетіп бастапқы пішіні мен өлше...
Серпімділік – бұл материалдың жүктеме әсерінен кетіп бастапқы пішіні мен өлшемін қайта қалпына келтіру қабілеттілігі. Соққы тұтқырлығы – бұл материалдың соққы кезінде бұзылуға қарсы тұру қабілеттілігі. Температура төмендеген сайын соққы тұтқырлығы азаяды. Бұл қасиет суықтай сыну деп аталады. Қаттылық – бұл материалдың оған тым қатты денелердің енуіне кедергілік қасиеті. Қаттылық қатты өлшеу деп аталатын сынақ машинасында өлшенеді. Металл қаттылығы үш әдіспен өлшенеді: 1.Брикелл металл бойынша қаттылықты өлшеу, 2. Роквелл метал бойынша қаттылықты өлшеу, 3. Виккерс металл бойынша қаттылықты өлшеу.
15
Төзімділік – бұл материалдың тозуға қарсы тұру қабілеттілігі. Тозу – бұл ішкі...
Төзімділік – бұл материалдың тозуға қарсы тұру қабілеттілігі. Тозу – бұл ішкі ұсақ жарықшақтардың жинақталу және уақыт ағымында жүктеменің әсерінен бұзылу процесі. Жиі қайталанатын үзілісті жүктеменің әсерінен тозып-бұзылуға қозғалтқыштардың бұлғағы, иінді біліктер, піспек саусақтары, піспектер және т.б. ұшырайды.
16
Қорытпалар — екі немесе одан көп құраушылардан құралған (химиялық дербес затт...
Қорытпалар — екі немесе одан көп құраушылардан құралған (химиялық дербес заттар) балқымалардың қатаюы нәтижесінде түзілетін денелер. Металдық қорытпалар — тек қана металдан (мыс., латунь – мыс пен мырыштың қорытпасы), не болмаса құрамында аз мөлшерде бейметалдық заттар қоспасы бар металдан (мыс., шойын мен болат — темірдің көміртекпен қорытпасы) тұруы мүмкін. Қ о р ы т п а л а р
17
Қорытпалардың негізгі артықшылықтары: металл қорытпалары таза металга қараған...
Қорытпалардың негізгі артықшылықтары: металл қорытпалары таза металга қарағанда арзандау, механикалық қасиеттері жоғары, бойында өте бағалы химиялық және физикалык қасиеттері болады.
18
Қорытпалар,негізі темір,мыс, алюминий, магний, титан, қорғасын мен қалай  қор...
Қорытпалар,негізі темір,мыс, алюминий, магний, титан, қорғасын мен қалай  қорытпаларға бөлінеді. Негізі темір болатын қорытпалар болат пен шойын болып табылады. Негізі мыс болатын қорытпаларға жез бен қола жатады. Жез – мыс пен мырыштың қорытпасы, қола – мыстың мырыштан өзге барлық құраушылармен қосылған қорытпасы. Қорытпалар, негізінен, екі немесе бірнеше қатты фазалардан құралған біртексіз қоспалар және жалғыз ғана қатты фазадан тұратын біртекті қорытпалар болып екі түрге бөлінеді. Біртекті қорытпалар қатты ерітінділерге және химиялық қосылыстарға ажыратылады (қ. Қатты ерітінділер .Екі немесе көп фазадан тұратын эвтектик. (жеңіл балқитын) қорытпалар электрлік қорғауыштар, дәнекер, баббит жасауға, т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады.
19
Баяу балқитын қорытпалар - темірдің балқу температурасынан (1539°С) жоғары те...
Баяу балқитын қорытпалар - темірдің балқу температурасынан (1539°С) жоғары температурада балқитын қорытпалар. Баяу балқитын қорытпалар негізі титан, тантал, ванадий, хром, цирконий, ниобий, молибден,вольфрам сияқты баяу балқитын металдар немесе олардың металл емес элементтермен қосылысынан құралады. Олар ыстыққа төзімді материалдар ретінде қолданылады.  Титанның қорытпалары өте жоғары температураға (3140°C) ұзақ уақыт шыдайды. Мұндай қорытпалардан ғарыштық техника бөлшектері, ыстыққа төзімді лабораториялық ыдыстар, тағы басқа жасалады. Цирконий қосылыстарының маңыздысы - цирконий диоксиді. Ол ыстыққа (2700°C) және химиялық әсерге төзімді болып келеді. Сондықтан одан ыстыққа төзімді бұйымдар (мысалы, тигель, балқуы қиын шыны, зертас, эмаль) дайындалады. .
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию