- Презентации
- Презентация по казахскому языку Жетісу- жер жаннаты (9 класс)
Презентация по казахскому языку Жетісу- жер жаннаты (9 класс)
Автор публикации: Дускаева Ж.Б.
Дата публикации: 09.10.2016
Краткое описание:
1
Жетісу -жер жаннаты
2
Жетісу-жер жаннаты. Тізілген таулары бар Жетісудың, Ішінде орман,тоғай біткен нудың. Дариядай сол таулардан тулап тасып, Көресің тамашасын аққан судың. (Ж.Жабаев)
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Алматы, Талдықорған өңірі ертеден-ақ Жетісу деп аталады.Ол- «жер жаннаты» деп аталған өлке.Жеті үлкен өзені бар болғандықтан, ол жер Жетісу деп атанған.
4
Сабақтың тақырыбы: «Жетісуға саяхат»
5
1.Туған ел табиғатының көркемдігі туралы мәлімет беру. Жетісу өңірі туралы түсініктерін кеңейту. 2. Оқушылардың ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту. 3. Оқушыларды айналамен таныстыру арқылы патриоттық сезімін ояту,олардың инабатты,саналы,қамқоршы азамат болып қалыптасуына ықпал жасау. Туған табиғатты көркейтуге, қадірлеуге тәрбиелеу. Сабақтың мақсаты:
6
Қазанның он бірі Сынып жұмысы Жетісуға саяхат
7
Жетісу
8
Жетісу өңірінің ғажайып жерлері
9
Хан тәңірі
10
Көлсай
11
12
Қайыңды
13
Шарын шатқалы
14
15
Айғайқұм(Әнші құм)
16
Үлкен Алматы көлі
17
Іле өзені
18
Түрген шатқалы
19
Шалкөде жайлауы
20
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағы
21
Алатау Көлсай Шарын Жетісу
22
Оқулықпен жұмыс 85 бет. “Жетісу-жер жаннаты” мәтінін оқимыз, жаңа сөздермен танысамыз.
23
Жаңа сөздермен жұмыс Тізілу- қатарлану- қатар тұру Ну- қалың орман- тоған Жаннат- рақат- жанға жайлы Өңір- өлке- алқап Ертеден- бұрыннан- баяғыдан Созылу- жайылу Құнарлы- топырағы жақсы Таңғалдыру- таңдай қақтыру
24
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. 1.Жетісу өңірі қайда орналасқан? 2. Не себептен Жетісу деп аталған? 3. Жетісудың өзендерін атаңдар. 4.Жетісудың қандай керемет жерлерін білесіңдер?
25
Сөйлемдердің дұрыс бұрысын тексеріңдер Алматы, Талдықорған кешеден бері Жетісу деп аталады. Жетісудың табиғаты көркем. Алты өзені болғандықтан, Жетісу атанған. Ол өзендер мыналар: Лепсі, Ақсу, Ертіс, Сарқан, Нұра, Шу, Іле. Жетісу- ғажайып өлке. Жетісу жерінде Шарын шатқалы, Бурабай, Түрген сияқты ғажайып жерлер көп.
26
Құрмалас сөйлемді табыңдар. Алматы,Талдықорған өңірі ертеден-ақ Жетісу деп аталады. Ол- «жер жаннаты» деп аталған өлке. Жеті үлкен өзені бар болғандықтан,ол жер Жетісу деп атанған.
27
Алтынемел құмдарындағы «Әнші құм» немесе «Айғай құм» - танымал жерлердің бірі. Оның ұзындығы екі-үш километрге дейін созылады, ал биіктігі шамамен 120 метрге жетеді. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады. Құрмалас сөйлемді табыңдар
28
Мәтінмен жұмыс 1-қатар- Шарын шатқалы 2-қатар-Әнші құм (Айғайқұм) 3-қатар- Қайыңды көлі
29
Шарын шатқалы Шарын шатқалы Алматы қаласынан 195 шақырым, Талғар ауданынан 180 шақырым қашықтықта орналақсан. Шатқалды бойлай ағып жатқан Шарын өзені ең үлкен өзен аңғары болып есептеледі. Шарын шатқалы сонау 30 млн жыл бұрын пайда болған. Шарын 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын ұлттық паркінің құрамына кіреді. Дүниежүзінде дәл сондай көріністерді тек Солтүстік Американың Колорадо штатындағы «Үлкен шатқал» алқабынан ғана кездестіруге болады. Каньон құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Шарын шатқалы - Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр.
30
Әнші құм (Айғайқұм) Алтынемел Ұлттық табиғи паркі Іле өзені алқабында орналасқан. Парк 1996, осы өңірдің бірегей табиғи кешенін сақтау үшін құрылды. Әнші құм сиқыры Алтынемел құмдарындағы «Әнші құм» немесе «Айғай құм» - танымал жерлердің бірі. Оның алып жатқан жерінің үлкен болуы сонша, ұзындығы екі-үш километрге дейін, ал биіктігі шамамен 120 метрге жетеді. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады. Желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқыт орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр. Осы жерде тұратын адамдар айтатын аңыздарға сүйенсек, дәл осы құмның астында Шыңғысхан және оның сенімді жауынгерлері жерленген екен. Ал сиқырлы құмның әуендететіні – ханның рухы ұрпағына өз жеңістері жайында сыр шерткені.
31
Қайыңды көлі Қайыңды көлі - Қайыңды көлі көшкін жылжығанның нәтижесінде бір ғасыр астам бұрын пайда болған. Алматыдан шығысқа қарай 280 шақырым жерде қарағайлы мен жапырақты ормандармен жабылған Күнгей Алатауында орналасқан. «Қайыңды» деген атауы көлден 5 шақырым жерде қайың тоғайы орналасуына байланысты аталған. Тянь-Шань шыршаларының діңгектері тура судың ішінен 15 метрге дейін көтерілгендей. Алайда, суға түсем дегендерді өзгеше көрініс күтуде: олардың көз алдарына желдің самалымен есілген су бетінде шағылып, күн сәулесінен тараған кемпірқосақтың барлық түстерімен ойнақтаған саз балшықпен басылған ағаштар діңгектері көрінеді. Берілген мәлімет әзірленіп жатқан уақытта, яғни 2010 жылдың маусым айында Қайыңды көлі сел тасқынымен шайылып кетті. Көлдің бүгінгі күндегі деңгейі 10 метрге төмендеген, ал судан өсіп тұратын шыршалы пейзажы енді қалпына келмес. Бұл орынға апаратын жол да бүлінген.
32
Сұрақтарға жауап беріңдер 1. Қазақстан жерінің ең биік шыңын атаңдар. Хан Тәңірі шыңы
33
2. Саты ауылынан шығысқа қарай 11 шақырым жерде қандай көл орналасқан? Қайыңды
34
3. «Әнші құм» немесе «Айғайқұм» -қай ұлттық саябақта орналасқан? Алтынемел ұлттық саябақта
35
4. Талғар ауданынан 180 шақырым қашықтықта не орналақсан? Шарын шатқалы
36
5. Қай көлді өлікөл деп атайды ? Қайыңды көлі
37
Үйге тапсырма: 1. Жаңа сөздерді жаттау, 2. “Жетісуға саяхат” тақырыбына диалог құрастыру,(жазбаша) 3. Тест құрастыру .(жазбаша)