- Презентации
- көліктер №9 орта мектеп жанындағы шағын топ тәрбиешісі Тажигулова Нургул Салауатқызы
көліктер №9 орта мектеп жанындағы шағын топ тәрбиешісі Тажигулова Нургул Салауатқызы
Автор публикации: Тажигулова Н.С.
Дата публикации: 04.11.2016
Краткое описание:
1
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Көліктер. Жүк машинасы Мақсаты: Көліктер туралы түсінік беру.
2
Білімділігі: Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, әуеде, суда) атқаратын қызметіне сай салыстыра білуге, сөйлем құрастырып, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге, жұмбақ шешуге үйрету Дамытушылығы: Ұжымда бірігіп жұмыс жасай білу іскерліктерін дамыту. Тәрбиелілігі: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Жылулық шеңбері: Біз көңілді баламыз, Шаттық әнге саламыз. Би билейміз дөңгелеп, Біз өнерлі баламыз.
4
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Қыс мезгілінің басқа мезгілден ерекшелігі қандай? Далада не жатыр?
5
Тізбектелген көк үйлер, Көшіп жүрген көп үйлер. Жұмбақтар Жұмбақтар
6
Кейпін алып кеменің, Инелікке теңедім. Қанаттарын қаққан жоқ, Жүрген жері аспан, көк.
7
Ұшады қанатсыз, Зырлайды аяқсыз.
8
Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялдайды.
9
Балалар сіздер жұмбақтың жауабы ұшақ, автобус, пойыз, зымыран екенін шештіңіздер. Бұлардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз? Тағы қандай көлік түрлерін білесіңдер? Көліктер не үшін керек? Балалар жалпы көліктерді неше топқа бөледі екенбіз? З топқа Жерде жүретін көліктер Суда жүретін көліктер Әуе көліктері
10
Суда жүретін көліктер
11
Әуе көліктері
12
Жерде жүретін көліктер
13
Көліктер туралы кім тақпақ біледі? Қане, еске түсірейік. Жол – көліктің жүрегі, Машина көп жүреді. Қауіп жоқ деп ойлама, Жолда футбол ойнама. 2. Үлкенмін ғой, міне мен, Ойыншықтарды жинаймын. Машинаға мінер ем, Кабинаға сыймаймын.
14
Балалар, осы жол көліктерін реттеп тұратын не болу керек? (бағдаршам) Бағдаршамның неше көзі бар? З көзі бар: қызыл сары жасыл
15
Сергіту Ал балалар тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.
16
Балалар, біз осы көліктер ішінен бүгін жүк көлігімен танысамыз. Мынау – жүк машинасы. (Ойыншық машинаны қарап көру). Бұл машина ауыр заттарды тасиды, сондықтан оны жүк машинасы дейді. Оның төрт дөңгелегі бар. (Санау). Жүргізуші отыратын кабинасы бар. Жүк артатын қорабы бар. Мынау жүргізушінің отыратын жері. Ол машинаны рөлдің көмегімен жүргізеді.
17
Балалар біздің ? «құрастыркөлігіміз қандай пішіндерден тұрады? Неше бөліктен құралғанКөлікті құрастыр» дидактикалық ойыны. Мақсаты: көліктерінің құрылысын білуді, көліктер туралы әңгімелеу.
18
Қорытынды. Қандай көлік түрлерін көрдіңдер? Су көліктерін атаңдаршы. Әуе көліктерін кім атайды? Бағдаршам неге керек? Бүгін көліктердің ішінен қандай көлік түрімен таныстық? Жүк көлігімен не тасуға болады? Жүк көлігін жүргізетін адамды кім дейміз?
19
«Не қайда жүреді?» дидактикалық ойыны. Мақсаты: Көлемді бейнелі сурет арқылы көліктердің жүру жолдарын тауып, көліктерді орналастыру.
20
21
22
23
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетімізде қандай көңіл – күйде болғандарыңды алдарыңдағы смайлик арқылы көрсетіңдер.
24
Күтілетін нәтиже Нені үйренеді: Машина түрлерінің айырмашылықта-рын айтады. Өз ойларын тиянақтап, пікірін еркін айтып үйренеді Қандай түсініктерді игерді: Бір – біріне көмек беруді, бірігіп жұмыс жасауды түсіне біледі. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жұмбақ шешіп, тақпақ айтады, сұраққа жауап беріп, көліктерді топтастырады және құрастырады.