- Презентации
- Өзіндік жұмыс «Балалардың тіршілік әрекеті циклограммасының үзіндісі»
Өзіндік жұмыс «Балалардың тіршілік әрекеті циклограммасының үзіндісі»
Автор публикации: Тогузбаева Г.Ж.
Дата публикации: 11.05.2016
Краткое описание:
1
Өзіндік жұмыс Дайындаған: Ақтөбе қаласы №30 “Ұрпақ”МДҰ тәрбиешісі Тогузбаева Гүлмира Жаксылыковна 2016 жыл
2
Тақырыбы: Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру циклограммасының үзіндісі
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Мақсаты мен міндеттері: Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету. Балалардың жалпы физиялогиялық жетілуін жақсарту, қимыл қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоцияналды көңіл күй ортасын жасау. Жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттыру, достық қарым қатынасын қолдау.
4
Дүние жүзіндегі денсаулық сақтау саласы елдің даму және нығаю тарихын көрсетеді. Бүгінгі күні балалардың денсаулығы қиын жағдайда, сондықтан да кең түрде сауықтыру бағдарламасы керек. Соның бірі – МАССАЖ. Массаж өкпедегі зат алмасуын үдетеді, тыныс алу үшін оның тереңдігін, жиілігін, өкпенің қимылын, тіпті кеуде қуысының дем алуға дұрыс қатынасуын реттеп, бір жүйеге түсіруге үлкен көмек көрсетеді. Адам денесінде болып отыратын зат алмасулардың бәріне әсер етеді. Нүктелі массажды әр түрлі ауруларға тән нүктелеріне зер салайық. Мұны әркім өзіне қолдануына болады. Бас ауырғанда, бетке, аяққа, қолдануына болады. Тұмау тигенде немесе мұрын бітеліп қалғанда мұрынның екі жағындағы нүктелері, арасындағы нүктені табу керек.
5
Массаждың бұл түрі басқалардан өзгеше. Нүктелі массажды үйде ата-аналар да жасай беруге болады. Массаж жасаған нүктеде терінің температурасы көтеріліп, электр өткізгіш қабілеті жоғарылайды.. Нүктелі массаж жасағанда әр түрлі тәсілдер қолданылады. Ол үшін бір нүктені—1,5 минут саусақпен нығарлап басып отырып. оң жаққа бұрайды (бұранда кіргізгендей), одан соң керісінше 6ұрап саусақты босатқандай басады. Арасында сәл кідіреді.
6
Майтабандылықты жоюға арналған сауықтыру жаттығулары бала туылғаннан бастап жасайды. Майтабан ауруы аяқ астынан пайда болмайды. ол бала кезден басталып,сатылап дамиды. Егер 2-3 жасар бала болса, онда емдеуге көп мүмкіншілік бар.Бөтелке сияқты дөңгелек заттарды табанымен басып домалата берсе кетеді!!!
7
Балалар ұйқыдан оянады: Жалпы денеге арналған жаттығу-балалардың денсаулығын нығайтып, дене, қолдың саусақтарын ашып-жұму бітімін жақсы қалыптастырады.
8
Көзімізді ашайық, Бойымызды жазайық. Қолымызды созайық, Жаттығулар жасайық. Ұйқыдан тұру
9
Табанға арналған массаж Массажды доптармен Арқаға арналған массаж
10
№ 30 «Ұрпақ» балабақшасында күнделікті нүктелі массаж жасалады. Әр нүктенің өзіне тән емдік қасиеті бар. Нүктелі массажды балалар өз еріктерімен қызығушылық танытып жасайды.
11
Табанға жасалатын массаж сергітеді немесе тыныштандырады, ой еңбегін белсендетіп, шаршау мен абыржудан арылта алады. Мұндай массаж – бұлшықеттердегі ауруды жоюдың тамаша құралы. Табандағы белгілі бір нүктелерге әсер ете отырып, жалпы ағзаның көптеген ішкі ақауларынан арылуға болады.
12
Массаж доптарын домалату арқылы қол үстінен домалату, 2 алақан ортасына домалатуға болады. Бұл массаж түрі барлық ағза қызметінің және қан айналымының жақсаруына көмектеседі.
13
Әдемі ирек жолдармен Лақтарша біз ойнақтап Тастан-тасқа секіріп Жалаң аяқ жүреміз. Табанға біз нүктелі Массаж жасау білеміз.
14
Массаж қолғаптарын қолдарына киіп немесе алақандарымен арқаларын жай уқалау арқылы, денедегі қан айналымын жақсартады.
15
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізу қажеттігін атап көрсеткен болатын. Біз де жас ұрпақтың санасына «дені саудың-жаны сау» екендігін ұғындыра бермекпіз. Н.Ә.Назарбаев
16