- Презентации
- Серуеннің маңызы. - Ақпараттық презентация.
Серуеннің маңызы. - Ақпараттық презентация.
Автор публикации: Шуленова К.Х.
Дата публикации: 13.04.2016
Краткое описание:
1
Адам және табиғат. Табиғатпен араласудың үлкенге де, балаға да тигізер пайдасы зор . Айналадаға табиғатпен қауышу арқылы бала:жел мен құмды,жаңбыр мен қарды бақылауды үйренеді. Әрбір бала - қоршаған ортаның кішкентай зерттеушісі. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылау жұмыстары өткізіледі. Жыл мезгілдерінің кез келген уақытында тәрбиеші қызықты әрі пайдалы ойын ұйымдастыра алады. Мысалы: балалармен ойын алаңдағы қураған жапырақтарды,гүлдерді суарып,қоқыстарды жинау,ал қыста ата-аналардың көмегімен қарды үйіп,оған су құю арқылы сырғанақ жасалады. Ойындар мен іс-шаралардың әр-түрлі болғанына қарамастан кей балалар серуенді ұнатпайды,ол ата-аналардың балаларына уақыт бөлмеу себебінен болады. Осындай ата-аналарға балалардың дендері сау,шымыр болуына кедергі жасамау керектігін ескерткен дұрыс. Серуен баланы шыдамдылыққа,көңіл күйінің жақсаруына денсаулығының мықты болуына үлкен ықпал жасайды. Бүлдіршіндермен серуенге шыққанан артық не болуы мүмкін? Серуен – балабақшадағы суықтыру жұмыстарының ең негізі болып табылады, балалардың денсаулығын нығайту, толыққанды денесінің жетілуі,қимыл-қозғалыстың дамуы осыған айғақ. Бала бақшадағы серуен кезінде балалардың үстіндегі киімдері өзіне ыңғайлы, жеңіл болғанны дұрыс. Бұл – баланың кез келген ойынға үсті-басын былғамай, нақты,өзі сүйіп ойнайтын ойынына батыл баруына қадам жасайды. Ұмытпай күнде, су құям гүлге. Тұрады гүлім, құлпыртып түрін. Бақшада көкөністерді бақылаймыз Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады. Қимылды ойын: «Мысық пен тышқан» Қимылды ойын: «Жұбынды тап» Қураған жапырақтарды жинау Серуенге шығамыз, Ашық аспан астында, Шынығамыз,ойнаймыз. Біздің топта ұл қыздар Тату – тәтті ойнаймыз.