- Презентации
- Биология пәні бойынша презентация Дәрумендер және олардың маңызы,
Биология пәні бойынша презентация Дәрумендер және олардың маңызы,
Автор публикации: Қалибеков С.М.
Дата публикации: 31.03.2016
Краткое описание:
1
Қош келдіңіздер!
2
Сабақтың тақырыбы: Витаминдер және олардың маңызы
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
“Шаттық шеңбері” 2. Топқа бөлу : “Қоректік заттар”
4
Үй тапсырмасын сұрау: «Сұрақты ұстап ал» тәсілі
5
Миға шабуыл 1. Кез келген тірі организм үшін қоректенудің маңызы қандай? 2. Біз энергияны қайдан аламыз? 3. Органикалық заттардың ішіндегі маңыздысы қайсысы деп ойлайсындар? 4 .Седерге таныс ақуызды көз алдыларыңа елестетіп көріп, түсінік бере аласыңдар ма?
6
Жаңа сабақты игеру: А) Витаминдердің маңызы: Витаминдер (латынша “vita” –тіршілік, өмір) тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше органикалық қосылыстар. Олар ағзада ферменттердің түзілуіне қатысады. Витаминдерсіз ағзаның өсуі, дамуы және іршілігін жалғастыруы мүмкін емес. Витаминдердің көпшілігі тағамдық заттардың құрамында болады, ал аздаған түрлері адам ағзасында түзіледі.
7
1912 жылы поляк ғалымы Казимир Функ күріш жармасынан алынған белсенді заттарды анықтап, оларға “витамин” деген атау берді.
8
Ал витаминдерді 1880 жылы орыс дәрігері Николай Иванович Лунин (1853-1937) тауып, оларға толық анықтамасын берді.
9
10
Витаминдер ағзадағы зат алмасу процестеріне қарқынды әсер етеді. Қазіргі кезде витаминдердің 30-ға жуық түрлері белгілі. Витаминдер, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің дұрыс өсуі, дамуы үшін өте қажет. Ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұруын арттырады. Витаминдер өсімдіктекті және жануартекті тағамдардың құрамында кездеседі. Адамға тәулігіне қажетті витаминдердің мөлшері 180-200 мг.
11
Витаминдердің адам ағзасында жетіспеуінен болатын ауруды – авитаминоз дейді. Авитаминоз кезінде ағзада зат алмасу бұзылады. Витаминдерді шектес тыс көп мөлшерде пайдалану да зиянды. Бұл кезде ағзаның улануы (гипервитаминоз) байқалады.
12
Ә) Витаминдердің топтары мен түрлері:
13
Майда еритін витаминдер: А (ретинол) витамині Физиологиялық әсері: Көзге және көбеюге есер етеді. Жетпесе — көз ауырады және бойдың өcyi баяулайды. Тәуліктік мөлшері 2,5 – 10,5 мг.
14
Негізгі қоры: Мал майлары, ет, балық, жұмыртқаның саруызы, сүт.
15
D (кальциферол) витамині Физиологиялық әсері: Кальций мен фосфор тұздарының алмасуын реттейді. Жетіспесе — түздар азайып, сүйектің құрамы бұзылып, мешел (рахит) ауруы пайда болады. Қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.
16
Негізгі қоры: Балықтың уылдырығында, теңіз балығында, сүтқоректілердің бауырында, құс етінде.
17
Е (токоферол) витамині Физиологиялық әсері: Эритроцттердің қабықшасының бұзылуынан сақтайды. Жетіспесе — қаңқа бұлшық етінің бұзылуына әкеп соғады. Тәуліктік мөлшері 10-20 мг.
18
Астық тұқымдастарының дәнінде, өсімдік майында, жұмыртқада. Негізгі қоры:
19
К (филлохинон) витамині Физиологиялық әсері: Қанның ұюына әсер етеді. Жетіспегенде – жарақаттанған жердегі қанның ұюы баяулайды, қан көп мөлшерде ағып кетеді де адам өліп кетуі мүмкін. Тәуліктік мөлшері – 0,2-0,3 мг.
20
Асжапырақта, қырық қабатта, қызанақда, бауырда. Негізгі қоры:
21
Суда еритін витаминдер С (аскарбин қышқылы) витамині Физиологиялық әсері: Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. Организмде тотығу-тотықсыздану реакциясының өтуіне қатытсады. Бұл реакция жүрмесе, астың сіңімділігі төмендейді. Қан тамырларының жұмысы нашарлатып, тіс түбі қанайды. Адам құрыққұлақ (цинга) ауруына ұшырайды. Адам ағзасы бұл дәруменді тұзбейтіндіктен, тамақпен бірге, тәулігіне 60-100 мг қабылдауы керек.
22
Бұрыш, аскөк, көк-жуа, кызан, қырық қабат, картоп, лимон, күлпынай, итмұрын. Негізгі қоры:
23
РР (никотин қышқылы) Физиологиялық әсері: Жасушалардың тыныс алуына, заталмасуға, ас қорыту мүшелерінің жұмысына, бауырдың қызметне әсерін тигізеді. Жетіспеген жағдайда адам өзін дәрменсіз сезінеді, көңіл күйі өзгереді. Теріде күлдіреген көпіршіктер мен дақтар пайда болады. Адам пеллагра ауруына шалдығады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 15-25 мг.
24
Сиыр еті, бауыр, бүйрек, жүрек, албырт балығы, майшабақ, жұмыртқа, қара нан құрамында болады. Негізгі қоры:
25
В1 (тиамин) витамині Физиологиялық әсері: Көмірсу, нәруыз, май зат алмасуға қатысады, ас қорыту мүшелерінің сөл бөлуін арттырады, жүректін жұмысын жақсартады. Жетіспесе бери-бери ауруына ұшыратады, соның әсерінен жүрек, қарын жұмысы бұзылады. Тәуліктік мөлшері 2,3 мг.
26
Бидай, бүршақ, бауыр, бүйрек, жүрек, сүт өнімдері, жұмыртқа, жемістерде. Негізгі қоры:
27
В2 (рибофлавин) Физиологиялық әсері: Ұрықтың және баланың өсіп, дамуына әсерін тигізеді. Жетіспегенде ересектерде көздін мөлдір қабықшасы қабынып, катаракта ауруына ұшырайды. Ауызда сілекейдің бөлінуін баяулатады. Тәуліктік мөлшері 3 – 4 мг.
28
Бидай, бүршақ, бауыр, бүйрек, жүрек, сүт өнімдері, жұмыртқа. Негізгі қоры:
29
В6 (пиридоксин) Физиологиялық әсері: Ақуыз алмасуына, ферменттердің түзілуіне қатысады. Аминқышқылдарының алмасуын реттейді. Жеткіліксіз жағдайда қояншық, селкілдеу, қан аздық пайда болады. Тәуліктік мөлшері - 2,3 мг.
30
Бидай, бұршақ, ірімшік, сиыр еті, бауыр, қой еті, теңіз балыктары. Негізгі қоры:
31
В12 (цианкобаламин) Физиологиялық әсері: Қарын сөліндегі ақуызбен қосылады. Қан жасауға әсер етеді. Жетіспегенде — қаназдық ауруына (анемия) ұшырайды. Тәуліктік мөлшері 2-3 мг.
32
Балық, сиыр бауырында және бүйректе болады. Ішекте микроорганизмдер тузеді. Негізгі қоры:
33
Б) Тағам өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары: Тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және өңдеу кезінде құрамындағы витаминдер бұзылады. Тағамдық өнімдерді жоғары температурада өңдегенде С витамині жойылып, В тобындағы витаминдердің мөлшері азаяды.
34
Тағамның құрамындағы витаминдерді сақтау үшін, төмеңгі температурада, тоңазытып барып консервілеу әдісін қолданады.
35
36
Бұл кезде тағамдық өнімдер 0-4 ° С температура аралығында өңделеді. Азық-түлік өнімдерін тез арада тоңазыту әдісі кезінде олардың құрамындағы витаминдер толығымен сақталады.
37
Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы витаминдер азаяды. Тұздау кезінде витаминдер сақталады.
38
39
Витаминдерді сақтау үшін, азық-түлік өнімдерін эмаль, шыны ыдыстарда, тоңазытқыштарда сақтаған жөн.
40
41
42
Витаминдерді сақтау үшін, азық-түлік өнімдерін арнайы бумен пысыратын ыдыстарда дайындау керек.
43
44
Бекіту Тест тапсырмалары: 1. “Витамин” терминін ғылымға 1912 жылы кім еңгізді? А) Ч.Дарвин Б) К.Функ В) Ж.Б.Ламарк Г) Н.И.Лунин
45
2. “Витамин” деген сөз латыннан аударғанда қандай мағана береді? А) антидене Б) өлім В) өмір Г) өсімдік
46
3. Авитаминоз ауруы қандай жағдайда пайда болады? А) витамин аз болса Б) витамин көп болса В) зат алмасу бұзылса Г) температура көтерілсе
47
4. Рахит ауруы қандай жағдайда пайда болады? А) Д витамині жетіспесе Б) А витамині жетіспесе В) С витамині жетіспесе Г) К витамині жетіспесе
48
5. Майда еритін витаминдер ... А) А, РР, Е, В4 Б) В1, В2, В6 В) С, РР, В12 Г) А, Д, Е, К
49
6. Суда еритін витаминдер ... А) А, РР, Е, В4 Б) В1, В2, В6 В) С, РР, В тобы Г) А, Д, Е, К
50
7. Никотин қышқылын ... А) А Б) В1 В) РР Г) Д
51
8. Қанның ұюын қамтамасыз ететін витамин ... А) А Б) К В) РР Г) Д
52
9. Адам ағзасы өзі төзе алмайтын витамин ... А) А Б) В12 В) С Г) РР
53
10. Витаминдерді сақтау үшін қандай ыдыстарды пайдалану керек? А) Алюминий Б) Эмаль В) Пластмасса Г) Шыны
54
Дұрыс жауаптары: Рет саны Дұрыс жауаптар 1 Б 2 В 3 А 4 А 5 Г 6 В 7 В 8 Б 9 В 10 Б, Г
55
Рефлексия 1. Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі. Бас бармақ жоғары қараса , онда ... Мен түсіндім Бас бармақ көлденең қараса ... Мен түсінгендеймін Бас бармақ төмен қараса ... Мен түсінбедім
56
2. Сұрақтар салынған қорап Оқушылар осы қорапқа өздері түсінбеген сұрақтарын жазып, салып қалдырады, ол сұрақтар келесі сабақта талқыланады.
57
Бағалау Күлегіштерді көп жинаған топты анықтап, бағалау.
58
Үйге тапсырма § 51, 131-132 беттер. Оқу, мазмұндау. Витаминдердің халықаралық атауларын жаттау.
59
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ! АМАНДЫҚТА ЖОЛЫҚҚАНША, САУ БОЛЫҢЫЗДАР!
60
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға, адам ағзасына қажет дәрумендер туралы ақпараттар бере отырып, олардың ағзадағы маңыздылығын ұғындыру, дәрумендердің жетіспеуінен организмде болатын өзгерістерімен таныстыру. Оқушыны өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу,ізденіске жетелеу. Өздігінен жұмыс істеуге, ойлауға, сұрақ қоюға дағдыландыру, өзін-өзі бағалуға үйрету, өз бетінше білім алуға тәрбиелеу. Денсаулық кепілі – тамақтану мен СӨС екендігі туралы тәрбиелік білімдерін жетілдіру.
61
Сабақтың міндеттері: Ұжыммен жұмыс істеуді, дәрумендер (витаминдер) жайлы біледі. Топпен жұмыс жүргізеді, бірінің пікірін бірі тыңдай алу қабілеттері дамиды. Сабақ барысында алған теориялық білімдерін топ ішінде талқылап, практикада қолдана білуді түсінеді. Логикалық ойлауы дамиды. Денсаулығының қымбаттығын түсінеді. Әдіс-тәсілдері: Модульдық және ұжымдық оқыту технологиялы, ой шақыру стратегиясы, кластер, топтық жұмыс. Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық, интернет, «Биолог» журналы. Ресурстар: Оқулық, слайдшоу, маркер, стикер, кестелер, тест, ватман.