Еңбек - бәрін жеңбек
Автор публикации: Ваваа В.В.
Дата публикации: 30.03.2016
Краткое описание:
1
Еңбек – бәрін жеңбек ОҚО экологиялық орталық
2
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, - еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту, - еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
4
5
Болайықшы осындай. Сөзі мен әні –А. Меңжанованікі. Жақсы бала еңбекшіл, Ер азамат болады. Қиындықты жеңіп кіл, Құшағы гүл толады. Еңбекшіл осындай, Болайықшы, досы-ай! Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған, Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам.
6
7
Әңгімелесу: Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз? Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар? Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
8
Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.
9
Тапсырма. Суреттерге қарап, еңбектің түрін анықтау.
10
11
12
13
14
Мәтінмен жұмыс Б.Әділов «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» мысал әңгіме Қара пышақ қандай адамға ұқсайды? Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады? «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
15
Дәйексөз Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап. Абай
16
Сахналау: «Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжанов
17
Автор: Дастарханда шашылып Жатты аппақ бауырсақ Бауырсаққа қызығып Қарап тұрып көзін сап. Қуыршақ: -Қайдан келдін бауырсақ? Бауырсақ: -Дүкеннен келдім нан сатқан. Қуыршақ: Дүкенге келдің қай жақтан? Бауырсақ: -Наубайдан келдім нан жапқан Қуыршақ: -Наубайға келдің қай жақтан? Бауырсақ: Диірменнен келдім ұн тартқан. Қуыршақ: -Диірменге келдің қай жақтан? Бауырсақ: Даладан келдім жан-жақтан. Жер-анам менің көсілген Дихандар мені өсірген
18
Жүректен жүрекке Бір – біріне жүрекжарды тілектерін айту
19
Дәптермен жұмыс «Еңбек – бақыт бастауы» әңгіме жазу
20