7
  • Презентации
  • Презентация по биологий на тему Егіздер (8 класс)

Презентация по биологий на тему Егіздер (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
егіздер Бір жұмыртқалы егіздер Екі жұмыртқалы егіздер Сиям егіздер Егіздер де...
егіздер Бір жұмыртқалы егіздер Екі жұмыртқалы егіздер Сиям егіздер Егіздер деп бір мезгілде екі немесе екіден көп туылған балаларды айтады.
2
Бір жұмыртқалы егіздер дегеніміз — бір жұмыртқа жасушаның бір сперматозоидпен...
Бір жұмыртқалы егіздер дегеніміз — бір жұмыртқа жасушаның бір сперматозоидпен ұрықтануынан екі зиготаның дамуы. Мұндай егіздер бір-біріне айнымастай ұқсас болады, себебі, олардың генотипі бір.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Екі жұмыртқалы егіздер дегеніміз-екі жұмыртқа жасушасының екі сперматозоидпен...
Екі жұмыртқалы егіздер дегеніміз-екі жұмыртқа жасушасының екі сперматозоидпен ұрықтануынан екі зиготаның түзілуі. Мұндай егіздер бір-біріне онша ұқсай бермейді.
4
Сиам егіздер- егіздердің бас не дене мүшелері бірге болуымен қатар, кей ағзал...
Сиам егіздер- егіздердің бас не дене мүшелері бірге болуымен қатар, кей ағзалары екеуіне ортақ болады.
5
6
Бір жұмыртқалы егіздердің генотипі біркелкі,барлық белгілері ұқсас, міндетті...
Бір жұмыртқалы егіздердің генотипі біркелкі,барлық белгілері ұқсас, міндетті түрде бір жынысты болады. Әр түрлі жұмыртқалы егіздердің генотипі әр түрлі ,бір жынысты немесе екі жынысты болуы мүмкін.
7
Әр түрлі жұмыртқалы егіздер бір қатар белгілері бойынша бір-біріне ұқсас болм...
Әр түрлі жұмыртқалы егіздер бір қатар белгілері бойынша бір-біріне ұқсас болмайды. Мысалы, қан топтары, бетте секпілдің болуы. Алғаш рет бұл әдісті адам генетикасында қолданған ағылшын антропологі Ф. Гальтон болды. Қазір бұл әдісті көптеген генетикалық зерттеулерде кеңінен қолданады.
8
Егіздер туралы аңыз Өткен дәуірлердегі аңыздардың желісіне көз салсақ, адамда...
Егіздер туралы аңыз Өткен дәуірлердегі аңыздардың желісіне көз салсақ, адамдар егіздерден қорыққанын да аңғаруға болады. Аңыз бойынша көбіне екеуінің бірі жақсылық, бірі жамандықтың белгісі болған. Ол кездері бір ер адамның екі баланы бірден ұрықтандыруы санаға қонымсыз, сиқырлы әрі табиғи емес құбылысқа баланған. Егер ана жұп балаларды дүниеге әкелген болса, онда бұл іске құдайлар мен әзәзілдер, жын-перілер мен хайуанаттардың атсалысқандығы деген түсінік болған.
9
Бүгінгі күннің аңыздары Заманауи заманның егіздері жайында өз аңыздары бар. Е...
Бүгінгі күннің аңыздары Заманауи заманның егіздері жайында өз аңыздары бар. Егіздердің мінездері екі түрлі болады. Бірі – «жақсы», бірі «жаман» деген аңыз әлі күні халық арасында жүр. Олар өсу барысында бір-біріне әсер етуі мүмкін. Бірақ олардың мінездері, темпераменті, әдеттері бір-біріне емес, ата-аналарына ұқсайды деп айту жөн болар. Ендігі бір аңыз, егіздер айнымастай ұқсас әрі оларды ажырату мүмкін емес. Егіздер еш уақытта бір-бірінен айнымастай ұқсас болып келмейді. Гендері мен хромосомдарының топтамасы бірдей болғанының өзінде олар біз ойлағандай біріне-бірі ұқсамайтын көрінеді. Қай жағынан қарасақ та бойы, салмағы, мінезі бәрі де 100 пайыздық ұқсастық бермейді. Және жеке отбасын құрып, бақытты өмір сүріп жатқан егіздерді күнделікті өмірден көруге болады.
10
Ғылымның тілінде Екі жұмыртқадан пайда болатын егіздер тұқым қуалайтын болса,...
Ғылымның тілінде Екі жұмыртқадан пайда болатын егіздер тұқым қуалайтын болса, бір жұмыртқадан пайда болатын (полярлық) егіздердің тұқым қуалау оқиғасы осы күнге дейін әлі тіркелмеген. Полярлық егіздер, яғни бір-бірінен айнымайтын егіздер – өте сирек кездесетін егіздер түрі. Бір-бірінен айнымайтын бір жұмыртқалы яғни, бір ұрықтың екіге жарылып, екі бірдей тіршілік иелерінің пайда болуына не әсер ететініне әлі күнге дейін ғалымдар нақты жауабын бере алмай келеді. Бір жұмыртқалы балаларды туу ешқандай сыртқы (экологиялық, физикалық, химиялық) және мұрагерлік (гендік) факторларға тәуелді емес. Статистика әрбір 1000 жүктіліктің үшеуі бір жұмыртқалы жүктілік болады дейді. Бұдан бөлек, түрлі жұмыртқалы, екі жұмыртқа жасушалары екі түрлі ұрықпен аралас ұрықтанатын және өте сирек кездесетін екі түрлі ер адамнан екі жұмыртқа ұрықтану түрлері табиғатта кездеседі екен.
11
Егіздердің дүниеге келуіне тамақтанудың қандай қатысы бар? Ғалымдар егіздеп б...
Егіздердің дүниеге келуіне тамақтанудың қандай қатысы бар? Ғалымдар егіздеп бала табудан әлем бойынша көш бастап келе жатқан Нигериядағы Йоруба халықтарының әйелдері немен тамақтанатынын зерттеген екен. Олар бұл құпияның шешімін ямс көкөнісінен тапты. Бұл көкөніс тұрғылықты халықтың негізгі асы. Ямстың химиялық құрамы әйелдің эстроген гармонымен ұқсас келеді екен. Көкөністегі көп мөлшердегі жоғары концентрациялық зат гонадотропин гармондарын өндіруге ықпал ете алады. Екеуінің бірлесуінен бірнеше жұмыртқа пайда болатын көрінеді.
12
Ямс өсімдігі
Ямс өсімдігі
13
14
15
Егіздер елі Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жөнінен әлемде 48 орында. К...
Егіздер елі Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жөнінен әлемде 48 орында. Көш басында жаңа айтылғандай Нигерия тұр. Онда әрбір 22 адамға бір егізден келеді екен. Жер шарының төрттен бір бөлігін құрайтын Қытай соңғы орынға жайғасыпты. Мәселен, онда 250 қытайға бір егізден келеді. Ал, біздің елде мұндай социологиялық зерттеулер жасамайтын сынды. Елдегі егіздер санын анықтайтын нақты көрсеткіштері бар мәліметтер жоқтың қасы. Жер шарында егіздер Еуропа құрлығында көп өмірге келеді. Кәріқұрлықта 1000 баланың сегізі егіз болады. Ал, АҚШ-та қаранәсілді нәзік жандар егіздеп бала табатын көрінеді. Өркениетті елдерде егіздер мен үшем дүниеге келген отбасыларына мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетеді. Оларға арнайы күтушілер бөлінеді. Қаржылай көмектер беріледі. Қазақстанда егіздер мен үшемдерге байланысты арнайы жәрдемақы түрлері көрсетілмейді. Олар басқа балалар сияқты жәрдемақы алады.
16
Қазақстандағы егіздер мекені Қазақстандағы егіздер ең көп туылатын елді меке...
Қазақстандағы егіздер мекені Қазақстандағы егіздер ең көп туылатын елді мекен ол – Қостанай облысындағы Тәгіл ауылы. Соңғы 20 жылда мұнда 29 жұп егіз бала дүниеге келген. Яғни, жыл сайын Тәгілде бір немесе екі жұп егіз туады деген сөз. Тұрғындардың саны 1350-ды құрайтын ауыл үшін бұл сөз жоқ өте жоғары көрсеткіш. Тәгіл ауылының тұрғындары үшін қатар жүрген егіздер таңсық көрініс емес. Мұнда жылына бір немесе екі бірдей егіз жұптар туылуы қалыпты құбылысқа айналғалы қашан. Тұрғындар өздерінің туған ауылының жері қасиетті деп сенеді. Ал, Қазақстан бойынша егіздерге өмір сыйлаудан алдына жан салмай келе жатқан Қызылордалық келіншектер екен.
17
Егіздер туылатын жас Дәрігерлердің айтуынша бала туылған сайын егіздер туылуы...
Егіздер туылатын жас Дәрігерлердің айтуынша бала туылған сайын егіздер туылуына мүмкіндіктер көп болады. Яғни, жатыр қабаттары өскен сайын ана егіздеп бала табуға қабілеті артады екен. Жасына қарай егіздер 35-39 жастағы аналардан көп туылады. Себебі дәл осы жаста әйелдің бойындағы гармондары нағыз күшіне мінетінін ғалымдар дәлелдеп шыққан. Және көктем мезгілінде ұрықтанған балалардың арасында егіздер көп туылады дейді ғалымдар.
18
Сиам егіздері Егіздер арасында өте сирек кездесетін «Сиам егіздері» деген ата...
Сиам егіздері Егіздер арасында өте сирек кездесетін «Сиам егіздері» деген атаумен кемтар балалар туылады. 65-85 мың жаңа туған нәрестеге біреуі кездеседі. Сиам егіздерінің пайда болуын ғалымдар «жұмыртқа жасушаларының дұрыс бөлінбеуінен» деп түсіндіреді. Жұмыртқаның даму кезінің белгілі бір сатысында жасушалардың бөлінбеуіне байланысты бұндай егіздер дүниеге түрліше жабысып туып жатады. Ғалымдар бұның салдарын генетикалық тұрғыдан да іздеді, енді біреулері психологиялық ауру деп есептеді.
19
Алғаш елімізде сиам егіздер турулы мәлеметтер «Түркістан уәлияты» газетінің 1...
Алғаш елімізде сиам егіздер турулы мәлеметтер «Түркістан уәлияты» газетінің 1871-ші жылғы 30-шы маусым күнгі нөмірінде жарияланған екен. Белгісіз автор 1811-ші жылы Сиам қаласында дүниеге келген Чанг пен Энг жайлы(аттарын көрсетпеген екен) жазып өтеді. Мәліметтерді жүрдім — бардым бере салмай екеуінің кейінгі өмірлеріне де шолу жасап, олардың 20 жастарында апалы-сіңлі қыздарға үйленіп 24 бала сүйгенін, олардың 5-уі шетінеп, он тоғызының тірі екенін де жаза кетеді. Жастары келген соң дәрігерге барып ота жасауын өтінгендіктерін, бірақ өмірлеріне қауіп төніп тұрған соң ота жасалмағанын да айтып өтеді. 1871-ші жылы осынша жазылғанда біздің қазіргі кезімізде бұл тақырыпқа кеңінен тоқталмасақ ұятты болып қалармыз.
20
Жоғарыда аталып өткен Чанг пен Энгке дейін де бұндай егіздер дүниеге келген....
Жоғарыда аталып өткен Чанг пен Энгке дейін де бұндай егіздер дүниеге келген. Тек, бұған дейін ондай сәбилерді «ақырзаман әкелушілер» деп өлтіріп отырған, кей жағдайларда аналарымен қоса «ана жаққа» жіберіп отырған екен. Кейін келе бұндай егіздерді табыс көзінде пайдаланған. Түрлі жәрмеңкелерде халық назарын егіздерге аударып, ақша тауып отырған. Бұндай дәстүрдің бастауын Чанг пен Энг арқылы жасағандықтан, жабысып туылған егіздер «Сиам егіздері» деп атала басталды. Чанг пен Энг осы жол арқылы байып, жеке ферма сатып алып, тіпті құлдар қызметін де пайдаланған екен. Энг құмар ойындарға құмар болып, Чанг болса спирттік ішімдікке кет ары болмапты. Чанг ішкен арақ Энгке ойын барысында көптеген кедергілер келтіріп отырған екен. Ол ойынға жеткілікті назар аудара алмай көбіне ұтылып отырған. Бұның соңы екеуінің ұрсысып қалып, ақыры екі бөлек тұруларына әкелген деседі. Үш күн Энгтің үйінде, үш күн Чангтың үйінде қонып отырған екен. Өмірінің соңғы жылдары Чанг ішімдік ішуін үдете түскен екен. Ақыры 1874-ші жылы қайтыс болады. Энг болса өз егізінің өлімінен соң 3 сағаттан кейін көз жұмған екен.
21
Жабысып туған егіздердің тағы бір жұбы ХV ғасырда, Яков 4-шінің сарайында өмі...
Жабысып туған егіздердің тағы бір жұбы ХV ғасырда, Яков 4-шінің сарайында өмір сүрген екен.Шотландтық ағайындар аталып кеткен бұл екеуіне король оң көзбен қарап, жағдайларын жасап, оқытқан екен.Дегенмен бір денедегі екі адамның көзқарастары біреу болып шығып жатуы сирек шығар. суретшілік өнер, музыка жанрындағы түрлі пікірталастарда қызылкеңірдек болған екеуі кей кездері дауды жұдырық арқылы шешіп отырған сыңайлы. 28 жыл өмір сүрген егіздердің біреуі, жұбының өлі денесін сүйретіп бар- жоғы одан бес күн ғана ұзақ өмір сүріпті.
22
Маша-Даша атты орыс сиам егіздерінің өмірін ешкімнің басына бермесін. Бұл еке...
Маша-Даша атты орыс сиам егіздерінің өмірін ешкімнің басына бермесін. Бұл екеуі шеше құрсағынан шыққан кезде акушерке талып қалған екен.Егіздерде екі бас, бір дене, үш аяқ бар еді. Шырылдап жылаған балаларының бұл түрін көрген анасы жынданып кетіп, Берияның жеке жүргізтушісі қызметіндегі әкелері балалардан бас тартқан екен. Бұдан кейінгі жеті жыл бойы егіздер зертеу институында, кейінірек қарттар үйінде өмір сүріпті. Ешқай жерге жұмысқа алмаған себепті, Даша ішімдікке салынып кетіп, арты Маша екеуінің 53 жастарында дүниеден өтуімен аяқталған екен.
23
Сонымен неліктен бұндай жандарды қинамай, күрделі болса да ота жасамасқа?! Бұ...
Сонымен неліктен бұндай жандарды қинамай, күрделі болса да ота жасамасқа?! Бұның бір ғана себебі егіздерде маңызды ағзалардың біреу ғана болуы. 2000-шы жылы Ұлыбританияда соттың шешімімен Джоди және Мэри атты сиам егіздеріне ота жасалынды. Меридің қан айналым және тыныс алу жолдары толық жұмыс жасамай, бұл жайт Джодидың екі денеге қатты күш жұмсауына әкелген екен. Дәрігерлер ота жасалмаса нәрестенің екеуі де ұзаса 1 жарым ай өмір сүреді деген екен. Ақыры 15 сағаттық отаның нәтижесінде Джодидың өмірін аман алып қалудың өзі медицинаның жетістігі деп танылды.Соттың шешімімен деген себебіміз, ата-анасы бұл отаға қатты қарсы болған екен.
24
2001-ші жылы Сингапурлық дәрігерлер жасаған ота әлемді дүр сілкіндірді. Себеб...
2001-ші жылы Сингапурлық дәрігерлер жасаған ота әлемді дүр сілкіндірді. Себебі, ота 88 сағатқа жалғасқан еді.Ганг пен Джамун аты сиам егіздері бас жақтарымен жалғасып, мидың кейбір бөліктері екеуіне ортақ еді. Бұл жағдайда дәрігерлерге мидың қай бөлігі кімдікі екенін дәл анықтау керек еді. Ота жасаған дәрігерлер сиақыдан бас тартып, Сингапур халқы жинап берген 390 мың доллар қаржы дәрі-дәрмек пен аурухана күтіміне, кейінгі күтімге жұмаслды.
25
Мұндай егіздер елімізде Қызылорда облысының Шиелі аймағында 1998—2000 жылдары...
Мұндай егіздер елімізде Қызылорда облысының Шиелі аймағында 1998—2000 жылдары үш анадан туылғаны белгілі.
26
Қосақтасқан егіздердің кәдімгі егіздермен ортақ қасиеттері баршылық. Бірінің...
Қосақтасқан егіздердің кәдімгі егіздермен ортақ қасиеттері баршылық. Бірінің көңіл күйі түссе, екіншісіне бірден беріледі. Сондықтан олар барлық істі ақылдаса отырып, бірігіп шешеді. Үш қолды, төрт аяқты, екі басты болса да, олардың өмірге деген құштарлығына таңғаласың. Алла тағала соларға қуат беріп, құлшынысын азайтпасын деп тілейік...
27
28
Егіздер қаласындағы "Егіздер" фестивалі АҚШ-тың Огайо штатындағы Твинсбург қа...
Егіздер қаласындағы Егіздер фестивалі АҚШ-тың Огайо штатындағы Твинсбург қаласында жыл сайын Егіздер фестивалі өткізіліп тұрады. Ең қызығы, егіздер сайысы өткізілетін қала атауын біздің тілге аударсақ, «твинсбург» - «егіздер қаласы» дегенді білдіреді екен.
29
Твинсбургтегі ең алғашқы фестиваль 1976 жылы өткізілген болатын. З6 жылы бойы...
Твинсбургтегі ең алғашқы фестиваль 1976 жылы өткізілген болатын. З6 жылы бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан додаға былтырғы жылы үш жарым мыңнан астам егіздер жұбы қатысқан болса, биылғы жылы екі мыңнан астам жұп бақтарын сынады. Ең жас егіздердің жасы – бірнеше ай ғана болса, ең үлкендерінің жасы – тоқсан жетіде екен.
30
Жер шарында өтетін көптеген сайыстарға қарағанда "Егіздер" фестиваліне жинала...
Жер шарында өтетін көптеген сайыстарға қарағанда Егіздер фестиваліне жиналатын халық едәуір көп екендігін айта кетейік. Фестивальға Аустралия, Жапония, Канада секілді алыс-жақын шет елдерден келген қонақтардың ризашылығында шек жоқ десе де болады. Фестивальға кез келген жастағы «егіздер», «үшемдер», тіпті«төртемдердің» де қатыса берулеріне болады. Фестиваль барысында түрлі-түрлі сайыстар, таланттылар байқаулары және қаладағы ең ұзын көше бойында «егіздер шеруі» өткізіледі. Ең бастысы, фестивальдің «ең сымбатты Патшасы», «ең сұлу Патшайымы», «ең сүйкімді Ханзадасы», «ең көрікті Ханшайымы» анықталады.
31
Хеллин заңы Американдық Хеллин атты ғалым егіздердің туылу жиілігі туралы «за...
Хеллин заңы Американдық Хеллин атты ғалым егіздердің туылу жиілігі туралы «заң»-ды ашқан. Оған сенсек, орта есеппен әрбір 89 жүктілікте бір ғана екі балалы егіздер болады, әрбір 89 екі балалы жүктілікте бір ғана үш балалы жүктілік кездесе, әрбір 89 үш балалы жүктілікте бір ғана төрт балалы жүктілік кездеседі екен.
32
Қызық дерек Әдеттегі жүктілік 39-40 аптаға созылса, екі балалы егіздер кезінд...
Қызық дерек Әдеттегі жүктілік 39-40 аптаға созылса, екі балалы егіздер кезінде 36 аптаға, үш балалы егіздер кезінде 33-34 аптаға, төрт балалы егіздер кезінде 30 аптаға, ал бес балалы егіздер кезінде 28-29 аптаға созылады екен.
33
Егіздер шоқжұлдызының шығу тарихы гректердің құдайларға байланысты аңыздарына...
Егіздер шоқжұлдызының шығу тарихы гректердің құдайларға байланысты аңыздарынан басталады. Аңыз бойынша,Зевс пен Ледадан егіз балалар туылады. Біреуі - Поллукс, екіншісі - Кастор. Олардың біреуі шексіз өмірге ие болса, екіншісі адамға берілер жаспен ғана өмір сүреді. Әрқашан бір-бірінен бөлінбей жүретін екі ағайындыны да бөлетін күш табылады. Ол күш адамға берілетін жаспен ғана өмір сүретін бауырының қазасы. Асылы, екі егіз бір-бірімен сансыз рет күш сынасқан екен. Бірақ Идас пен Линкей соғыс олжасын бөліскен кезде олар ортасында қайшылық туылады да, жекпе-жек басталады. Линкей Касторден өледі, сосын Идас Касторды өлтіреді. Сосын Идасты Поллукс өлтіреді. Сосын Поллукс Зевстен сыңарын тірілтуді сұрайды және өзінің өлместік қасиетінен бас тартатынын айтады. Бірақ грек құдайлары адамдарға жан беруді ұнатпайды. Әкесі егіздің сыңарына бауырыңмен өз өміріңмен бөліс деп кеңес береді. Бауыры әкесі айтқандай істейді. Екеуі бір күнін өлілер жерінде өткізсе, келесі күнін тірілер жерінде өткізеді. Грек Құдайлары әсерленіп, екі егізді аспанның солтүстік жартышарындағы Егіздер шоқжұлдызына айналдырады. Егіздер шоқжұлдызының шығу тарихы
34
35
сөзжұмбақ Е Г І З Д Е Р
сөзжұмбақ Е Г І З Д Е Р
36
1)Егіздеп бала табудан әлем бойынша көш бастап келе жатқан ел? 2)Әр түрлі жұм...
1)Егіздеп бала табудан әлем бойынша көш бастап келе жатқан ел? 2)Әр түрлі жұмыртқалы егіздер бір қатар белгілері бойынша бір-біріне ұқсас болмайтындығын адам генетикасында қолданғын ғалым? 3)Қазақстандағы егіздер ең көп туылатын елді мекен? 4) 1998-2000жылдары елімізде сиям егіздері туылғант облыс? 5) “Твинсбург” біздің тілге аударғанда қандай мағына береді? 6)Егіздердің туылу жиілігі туралы «заң»-ды ашқан ғалым? 7)Бір жұмыртқалы егіздерді басқаша қалай атайды? Сұрақтар
37
Сөзтүйін. Егіздердің дүниеге келуіне ендігі ешкім таң қалмайды. Ғалымдардың м...
Сөзтүйін. Егіздердің дүниеге келуіне ендігі ешкім таң қалмайды. Ғалымдардың мәлімдеуінше некедегі бір жұптың 80 баланы дүниеге әкеліп, оның біреуінде ғана егіздер тууына себепкер бола алады екен. Яғни, адамда егіз туудың жиілігі орташа есеппен алғанда 1 % шамасында болады, олардың 1/3 бір жұмыртқалы егіздер. Өмірге егіздерді әкелуді мақсат тұтсаңыз алдымен көп балалы ана немесе әке атануыңыз абзал.
38
Назарларыңызға рахмет!!!
Назарларыңызға рахмет!!!
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию