- Презентации
- Презентация на тему Көру мүшесі
Презентация на тему Көру мүшесі
Автор публикации: Хасенова С.Г.
Дата публикации: 18.11.2016
Краткое описание:
1
Көру мүшесі. Көру мүшесі – біздің көзіміз.
2
Көз Көз — оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес , ақ түсті, ол белок деп аталады. Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрун өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар. Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды. Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза. Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен - шыны тәрізді денемен толған.
4
Көз алмасы Көз алмасы (лат. bulbus oculi Bulbus — алма, oculus — көз) — пішіні шар тәрізді, алдыңғы бетінен артқы жағына қарай сәл қысыңқы келген көру мүшесінің негізгі бөлігі. Көз алмасының қабырғасы: сыртқы — талшықты (фиброзды) қабықтан, ортаңғы —тамырлы қабықтан және ішкі — торлы қабықтан құралған. Фиброзды қабық мөлдір қасаң қабыққа және ақ қабыққа бөлінеді. Тамырлы қабық алдыңғы жағындағы нұрлы қабықтан, кірпікті денеден және өзіндік тамырлы қабықтан тұрады. Торлы қабық пигментті эпителиймен қапталған, үш қабатта орналасқан нейроциттер қатарынан түзілген жүйке ұлпасы. Оның бірінші қабатын жарық пен түр-түсті ажырататын фоторецепторлы (таяқша, құтыша) нейроцитгер, екінші қабатын биполярлы (қос өсінділі) нейроциттер, үшінші қабатын мультиполярлы (көп өсінділі) ганглиозды нейроциттер құрайды. Мультиполярлы нейроциттер аксондары көз алмасы мен аралық миды жалғастырып, көру талдағышының өтгізгіш жолын құрайтын көру жүйкесін (ми жүйкесінің II жұбы) түзеді. Көз алмасының мөлдір сәулесындырғыш ортасын — қасаң қабық, алдыңғы және артқы көз қуыстарындағы көз сұйықтығы (шылауық) және шыны тәрізді дене құрайды
5
Көз гигиенасы Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу абзал. 1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу, 2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру, ол тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек. 3. Үстелге коятын шамның жарығын сол жақтан түсіру. 4. Кітапты окығанда, іс тіккенде көзден 30-35 см қашықтықта ұстау. 5. Теледидарды ұзақ қарамау, 2,5-3 м қашықтықтан көру. 6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу. 7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру. 8. Темекі тартпау, ішімдік ішпеу. 9. Кітапты көлікте, жатып оқымау.
6
Дереккөздер https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D0%B7