7
  • Презентации
  • Презентация по биологии на тему құстар (7 класс)

Презентация по биологии на тему құстар (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Балықшы тұйғын — сұңқартәрізділер отрядының тұйғындар тұқымдасына жататын жыр...
Балықшы тұйғын — сұңқартәрізділер отрядының тұйғындар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Негізінен Жайық өзені аңғарын қоныстайды. 1] Балықшы тұйғын жойылып кету жағдайында тұрған түр. жерлерде: Марқакөл (Оңтүстік Алтай), Жайық, Ертіс, Іле өзендерінде ғана кездеседі. Саны 60-70 -ке дейін (оның жартысы Шығыс Қазақстанда) кеміді.Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[2][3]
2
Ақбас құмай – сұңқартәрізділер отряды, қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш ...
Ақбас құмай – сұңқартәрізділер отряды, қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш құс Қазақстанда негізінен Іле, Күнгей, Теріскей және Жетісуларында (Жоңғар) кездеседі Өлекселермен қоректенеді. Ақбас құмайдың таралу аймағы өте аз, саны жылдан-жылға азаюына байланысты Алматы облысының «Қызыл кітабына» енгізілген.[2]
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Бақалтақ қыран  — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жырт...
Бақалтақ қыран  — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Кейде бақалтақ қыранды “ергежейлі қыран” деп те атайды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы тау ормандарын,Сырдария, Іле, Шелек, Шарын және Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды мекендейді. Баянауыл, Қарқаралы таулары мен Алтайда да кездеседі. Бақалтақ қыран ұсақ тышқандармен, құстармен қоректенеді. Өте сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).
4
Бүркіт  — сұңқартәрізділер қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе то...
Бүркіт  — сұңқартәрізділер қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Орта Азияда,Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады.
5
Дала қыраны, қыранқара – сұңқартәрізділер отрядының қырғилар тұқымдасына жата...
Дала қыраны, қыранқара – сұңқартәрізділер отрядының қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанның Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында, Мұғалжарда, Шу-Іле тауында кездеседі. Қыранқара зиянды кемірушілерді жеп, өлекселерді жойып пайда келтіреді. Саятшылар Қыранқараны баптап, аңға салады. Қыранқара саны азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
6
Көкқұс – торғайтәрізділер отрядының бір түрі. Көкқұс Қазақстанда Талас Алатау...
Көкқұс – торғайтәрізділер отрядының бір түрі. Көкқұс Қазақстанда Талас Алатауынан Іле Алатауына дейінгі аймақта кездеседіКөкқұстың саны өте аз. Мысалы, 1960 ж. Талас Алатауында 7 ұясы болса,1970 – 80 ж. Ақсу-Жабағылы қорығында бұл құстың 20 жұбы, ал 1990 ж. 24 ұясы бар екені анықталған. Көкқұс Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996), Ақсу-Жабағылы және Алматы қорықтарында қорғалады.
7
Лашын  – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда Іле алабының төм...
Лашын  – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда Іле алабының төменгі ағысында, Ертіс –Есіл өзендері алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңындағы адырларда, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының бөктерлерінде кездеседі. Негізгі қорегін (торғай, қарға, кептер, шіл, кекілік, үйрек, т.б.) ұшып жүріп аулайды. Лашын Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).
8
Сақалтай, қозықұмай, көкжөре — күндізгі жыртқыш құстар отрядының қаршығатәріз...
Сақалтай, қозықұмай, көкжөре — күндізгі жыртқыш құстар отрядының қаршығатәрізділер тұқымдасына жататын ірі құс. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Тянь-Шаньда, Алтайда кездеседі. Теңіз деңгейінен 2000 — 4000 м биіктіктегі шың-құздарды мекендейді. Өлексемен қоректенеді. Кейде тұяқты жануарлардың жас төлін, құс балапанын, тасбақаны аулайды. Қазіргі кезде сақалтайлардың Ақсу-Жабағылы қорығында 5, Алматы қорығында 3 жұбы тұрақты ұялайды.Сақалтай сирек кездесетін құс, оның саны жылдан-жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию