7
  • Презентации
  • Биология пәнінен презентация Гүл,оның құрылысы

Биология пәнінен презентация Гүл,оның құрылысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Сабақ тақырыбы: Гүл,оның құрылысы және маңызы
Сабақ тақырыбы: Гүл,оның құрылысы және маңызы
2
Сабақтың мақсаты : гүл, оның құрылысы мен функциясын теориялық және практикал...
Сабақтың мақсаты : гүл, оның құрылысы мен функциясын теориялық және практикалық тұрғыда сипаттап түсініктеме беру.  Білімділік: гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне толық сипттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру,  Тәрбиелілік: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,табиғатты қорғауға үйретіп эстетикалық тәрбие беру.  Дамытушылығы: пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.  Сабақтың әдісі: топтық,зерттеу
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг. Шаттық шеңбер. Ұнатқан гүлде...
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг. Шаттық шеңбер. Ұнатқан гүлдерін таңдау. Сыныпты үш топқа бөлу . 1-топ «Қызғалдақтар» Лалагүлдің атауы галл тілінен аударғанда «ақ-ақ» деген мағынаны білдіреді. Лалагүл лалагүлдер тұқымдасына жатады және 85 түрі бар. Қызғалдақ 2-топ «Раушан»  Раушан  – гүлдердің патшайымы. Жалынды махаббат пен тәжім етудің, сүйкімділіктің нышаны. Раушан бағзы замандардан-ақ ең сәнді өсімдік саналып келген. Аталған гүлдің әдемілігі жағынан да, түсінің байлығы жағынан да, мұрныңызды жарардай хош исі тұрғысынан да теңдесі жоқ .
4
3 -топ «Түймедақ» Түймедақ гүлі – көпшіліктің ең сүйікті гүлдерінің бірі. Ті...
3 -топ «Түймедақ» Түймедақ гүлі – көпшіліктің ең сүйікті гүлдерінің бірі. Тіпті гүл өсіруге енді ғана бетбұрыс жасаған гүлпаздың өзі көгалдандыруды түймедақтан бастары анық. Жаз мезгілінің жаршысы болып есептелетін түймедақ еліміздің барлық аймағында өседі.
5
Үй тапсырмасын тексеру: І. Білімділер сайысы 1- топ. Қызғалдақтар тобы Ағзаны...
Үй тапсырмасын тексеру: І. Білімділер сайысы 1- топ. Қызғалдақтар тобы Ағзаның белгілі қызмет атқаратын рөлі. Өсімдіктің жер асты мүшесі Тамырдың түктер орналасқан бөлімі Тамыр бөліміне кірмейтін жері Тамырдың жас жасушалар бөлінбейтін бөлімі Тамырдың қарқынды өсу мезгілі Жасуша қабықшасын түзуге қажет элемент
6
І. Білімділер сайысы 2- топ. Раушан тобы Бүршіктің сыртындағы қабыршақтарының...
І. Білімділер сайысы 2- топ. Раушан тобы Бүршіктің сыртындағы қабыршақтарының түсу мерзімі Өсімдіктің бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінетін жері? Құлмақтың сабағы қандай сабақ? Тыныс алуға қатысатын, пішіні төмпешікке ұқсас сабақта болатын жасушаның атауы Сабақтың ішкі құрылысында қабықтан кейін орналасқан қабат Ауа-райы қолайлы болса,сабақтағы жылдық шеңбердің ені қандай болады? Сабақта су мен минералды тұздар қозғалатын қабат
7
Жапырақтың қызметі Өркеннің орталық тірек бөлімі Бүршіктің сыртындағы қабырша...
Жапырақтың қызметі Өркеннің орталық тірек бөлімі Бүршіктің сыртындағы қабыршақтарының түсу мерзімі Сабақта органикалық заттар қозғалатын қабат Тамырсабақ өркен бе, әлде жеміс пе? Түйнекте жетілмеген жапырақтың қурап, түсіп қалған ізі? Гүлдің генеративті мүшесіне не жатады І. Білімділер сайысы 3- Түймедақ тобы
8
ІІІ жаңа тақырыпты түсіндіру Гүл бөлімдері – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры),...
ІІІ жаңа тақырыпты түсіндіру Гүл бөлімдері – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры), тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады . Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл (астра)). Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері. Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады.
9
Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады....
Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді. Бунақденелілер шірнелікті шеңбер, нүкте, сызықша-жолақтар сияқты белгілері арқылы ажыратады. Күлтенің ашық реңі тікелей түскен күн сәулесінің қызуын бәсеңдетеді. Аталық пен аналықты қызып кетуден сақтайды. Ішкі жыныс мүшелерін жаңбыр суынан, шық тамшыларынан қорғайды.
10
Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді. Гүл серігі жай ж...
Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді. Гүл серігі жай және қос гүлсерікті деп бөлінеді. Жай гүлсерікте тек тостағанша жапырақшалары болып, күлте жапырақшалары болмайды (қалақай, қызылша, қымыздық, еменнің аталық гүлдері, қарағаш гүлдері). Немесе керісінше, күлте жапырақшалары ғана болады (қызғалдақ, лалагүл, інжугүл).  Қос гүлсерікті гүлде тостағанша да, күлте де болады (алма, өрік, шие ағаштарының гүлдері). Гүл серігінің екеуі де болмайтындарды гүлсеріксіз гүлдер дейді (тал, шаған, терек, еменнің аналық гүлі).
11
Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орн...
Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады. Аналықтың ұшын – ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді Аналық аузы өсімдік түріне қарай түрліше (домалақ үлпекті, қостелімді, көптелімді, жұлдызша және т.б.) болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөлуі, тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады. Аналықтың мойны аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым аналық күлтеден озыңқы тұрса, соғұрлым жеңіл тозаңданады. Мойны болмайтын аналық көкнәр, қызғалдақ және т. б. Жатын (түйін) – аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір (бидайда) немесе бірнеше мыңдаған (көкнәр) тұқымбүршігі бар. Тұқымбүршігі жатында дамитындықтан, жатын қабырғасына бекінеді. Жатынның сыртын екі қабат қабықша (жамылғы) қаптайды. Қабықшасының түйіскен жерінде тесігі бар. Одан тозаң түтігі тұқымбүршігіне енеді. Тұқымбүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқажасуша (аналық жыныс жасуша) болады. Сондықтан ұрықтану аналықтың ішінде жүреді.
12
Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық – аталық жіпшесінен жә...
Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық – аталық жіпшесінен жәнетозаңқаптан тұрады . Аталықтың жіңішкерген жері – жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілгенде тозаңдары сыртқа шашылады. Тозаң – сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша, пішіндері де алуан түрлі .Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді. Әрбір тозаңның сыртында үшкір өсінділер, майда тікенектер, бұртиған төмпешіктер болады. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді. Сыртқы қабықшасында тозаң түтігінің өнуіне қажет көптеген тесіктері болады. Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, витаминдер бар.
13
Дұрысгүл мен бұрысгүл. Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлік...
Дұрысгүл мен бұрысгүл. Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе – дұрысгүл (алма, итмұрын, мақта және т. б.). Гүл бөлімдеріне бір сызық жүргізуге ғана болса, бірнеше сызықпен теңдей бөлінбесе – бұрысгүл (соя, үрмебұршақ, сәлбен және т. б.).
14
№14 Зертханалық жұмыс Тақырыбы: Гүлдің құрылысын зерттеу Қажетті құралдар: Қы...
№14 Зертханалық жұмыс Тақырыбы: Гүлдің құрылысын зерттеу Қажетті құралдар: Қызғалдақ, әйел бақыты, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине. Орындалатын тапсырмалар: Суреттен гүл бөлімдерін табу, пішініне,санына, реңіне көңіл аудару. Гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу Гүл бөліктеріне қарап, жәй немесе қос гүлсеріктігі екендігін анықтап ажырату. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып, құрылысымен танысу, суретін салып, атын жазу. Оқулықтың суретімен салыстыру.
15
Ой дамыту (Шығармашылық жұмыс) Гүлдер туралы тақпақтар айту
Ой дамыту (Шығармашылық жұмыс) Гүлдер туралы тақпақтар айту
16
Ой қорыту (нені білдік?) Сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлі...
Ой қорыту (нені білдік?) Сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер «ГС»-Гүлсағақ,«ГТ»-Гүлтабан, «Т»-Тостағанша,«К»-Күлте,«А»-Аталық,«Ж»-Аналық. 1.Гүлдің дәл ортасына орналасқан. 2.Тозаң ұясы бар. 3.Гүлдің жіңішкерген жері. 4.Үлпекке айналған бөлігі. 5.Жәндіктер қоректенеді. 6.Шірне бөлетін бөлігі. 7.Жабысқақ сұйықтық бөледі. 8.Ұшы ілмешекке айналған бөлігі. 9.Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі. 10.Хош иіс шығаратын бөлігі . 11.Мойыны бар. 12.Гүлсағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.
17
Қорытынды: сонымен балалар бүгінгі біз гүлдің құрылысы мен олардың биологиялы...
Қорытынды: сонымен балалар бүгінгі біз гүлдің құрылысы мен олардың биологиялық маңызы тақырыбын өттік. Табиғатта гүлдердің түрлері өте көп, олар саналуан. Гүлдер бізді әсемдікке ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған « Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгаландыру жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз!
18
РЕФЛЕКСИЯ
РЕФЛЕКСИЯ
19
Үйге тапсырма: Гүлдің құрылысы мен маңызы. тақырыбын оқу.
Үйге тапсырма: Гүлдің құрылысы мен маңызы. тақырыбын оқу.
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию