7
  • Презентации
  • Презентация Жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары оның алдын алу ғылыми жұмыс 8-сынып

Презентация Жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары оның алдын алу ғылыми жұмыс 8-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Хамитов Ризабек 8 “а”сынып Махамбет атындағы орта мектеп Тақырыбы: “Жүрек қан...
Хамитов Ризабек 8 “а”сынып Махамбет атындағы орта мектеп Тақырыбы: “Жүрек қан-тамырлар жүйесі аурулары және оның алдын алу
2
Мақсаты: Жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары мен оның пайда болу себептерін...
Мақсаты: Жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары мен оның пайда болу себептерін, алдын алу шаралары және жеке бас тазалығы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үйрету .
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Жоспары Кіріспе Денсаулық сақтау ұйымдарының басты проблемасының бірі-жүрек а...
Жоспары Кіріспе Денсаулық сақтау ұйымдарының басты проблемасының бірі-жүрек аурулары.     Негізгі бөлім---------------------------------------- Жүрек қан-тамырлар жүйесінің аурулары Жүрек қан-тамырлар жүйесі ауруларының себептері Аурудың алдын алу немесе сақтандыру шаралары     Қорытынды: Жүрек қан тамырлар ауруларын емдеу жолдары----
4
Кіріспе Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулы...
Кіріспе Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады, немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды.
5
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақыттағы жүрек- қан тамыры аурул...
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақыттағы жүрек- қан тамыры ауруларының эпидемиясы тамақтану құрамының өзгеруіне тікелей байланысты деп отыр. Қоршаған ортаның 80 пайыздан артық жағымсыз факторлары адам ағзасына жеген тамағы арқылы әсер етеді. Артық салмақ және семіздік, жүрек- қан тамыры ауруларының, қант диабеті және басқа да күрделі аурулардың қауіпті факторы болып табылады.
6
Жүректің, мидың қан тамырларының қысылуы инфаркт, инсульт сияқты ауыр жағдайғ...
Жүректің, мидың қан тамырларының қысылуы инфаркт, инсульт сияқты ауыр жағдайға алып келуі мүмкін, немесе жүректің ишемиялық ауруы, гипертония, асқазан жарасы сияқты созылмалы ауруларға ұшыратады Жүрек-қан тамыры ауруларына әйелдерден гөрі ерлер көп шалдығады.
7
ІІ. ''Жүрек'' - көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің орталык мүше...
ІІ. Жүрек - көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің орталык мүшесі. Жүрек еті, қаңқа еттері сияқты, көлденең жолақ ет талшықтарынан құралады. Калың ет пердесі оны оң және сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен карыншаға бөлінеді,жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады
8
Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі қабаты эндокард, ортаңғысы — миокард...
Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі қабаты эндокард, ортаңғысы — миокард, ал сыртқысы - эпикард деп аталады. Эндокард жүректің ішкі бетін жауып жаткан жұка қабыкша Миокард — жүректің ет қабаты. Оның қалыңдығы жүректің әр бөлігінде әр түрлі және жүрек камераларының аткаратын кызметтеріне байланысты.
9
Эпикард — жүректің сыртын жауып жатқан, жұқа қабықша. Ол жүрек табанында жүре...
Эпикард — жүректің сыртын жауып жатқан, жұқа қабықша. Ол жүрек табанында жүректің сыртын қаптап жататын берік дәнекер тканьнен түзілген жүрек кабына — педикардқа айналады. Перикард пен эпикард аралығындағы куыста сұйықтық болады. Ол жүрек жүмысы кезінде қабықшалардың өзара үйкелісін азайтады. Перикард жүрек еттерінің шамадан тыс босаңсуына мүмкіндік бермейді
10
Жүректің негізгі қызметі организмдегі қанды кан тамырларына қуалау. Ол бұл жұ...
Жүректің негізгі қызметі организмдегі қанды кан тамырларына қуалау. Ол бұл жұмысты еттерінің жиырылуы мен босаңсуы арқылы аткарады. Жүрек еттерінің жиырылуын систола, босаңсуын — диастола деп атайды. Жүрек еттерінің бір рет жиырылып босаңсуын және тыныштық кезеңімен өтуін жүрек айналымы немесе жүрек циклі дейді. Жүрек циклі жүрекшелердің жиырылуынан басталады.
11
Адамның жүрегі 1 минутта 70-75 рет соғып, жүрек циклі 0,9-0,8 сек. созылады,...
Адамның жүрегі 1 минутта 70-75 рет соғып, жүрек циклі 0,9-0,8 сек. созылады, онын 0,1 секундында жүрекше жиырылады, 0,3-0,4 сек. карынша жиырылады, 0,4-0,5 сек. қарынша мен жүрекшенің босаңсуы мен үзіліс (пауза) болады. Жүрек циклына арналған уақыттың жартысы жиырылуға, ал калған жартысы босаңсу мен үзіліске кетеді. Сондықтан жүрек әрбір циклде жүмыс істеп те, дем алып та үлгереді. Сол себептен жүрек өмір бойы талмай-шаршамай қызмет етеді.
12
Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүй...
Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері:  ревматизм, гипертония, жүрекақауы,жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония,
13
Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңы...
Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар
14
Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты ж...
Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады
15
Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүр...
Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді. Жүрек және қан тамыр неврозы – жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы
16
Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т...
Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары.
17
Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қ...
Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады
18
Жүректің ишемиялық ауруы — ең кең таралған ауруларының бірі және әлемнің дамы...
Жүректің ишемиялық ауруы — ең кең таралған ауруларының бірі және әлемнің дамыған елдеріндегі халық арасындағы өлім-жітім мен еңбек қабілеттілігінен уақытша және біржолата айырылу себептерінің ішінде бірінші орын алады.Жүректің ишемиялық ауруы — миокардаға әкеп соқтырып, оның сорғыштық функциясының бұзылуына, осының салдарынан әртүрлі ауытқуларға әкелетін жүрек қан-тамырлары ауруы
19
Негізінен коронарлы артериялардың тарылу себебі болып атеросклероз, яғни, там...
Негізінен коронарлы артериялардың тарылу себебі болып атеросклероз, яғни, тамырдың ішкі қабырғасына холестериннің жиналуы табылады. Кей жағдайларда жүректің коронарлы артерияларының қысылуы байқалады,
20
Холестериннің жиналуы нәтижесінде артерияларлың ішкі саңылауы тарылып, миокар...
Холестериннің жиналуы нәтижесінде артерияларлың ішкі саңылауы тарылып, миокарданың қанмен қамтамасыз етуі азаяды да, әсіресе адамға физикалық күш түскен кезде жүрек жиі соғып, оған жеткізілетін ауа мен қан мөлшері жеткіліксіз болады да, жүрек аймағында аурыру белгілері пайда болады(жүрек талмасы).
21
Корнонарлы артериялар тарылған сайын болмашы жағдайдың өзінде-ақ, мысалы, сөй...
Корнонарлы артериялар тарылған сайын болмашы жағдайдың өзінде-ақ, мысалы, сөйлесу кезінде, тамақ ішкен соң, суықтың әсерінен, жүйкеге салмақ түсу кезінде ауыру белгілері байқалады.
22
Әдетте, кеуде тұсындағы ауру тыныштық жағдайында бірнеше минуттардан соң өзді...
Әдетте, кеуде тұсындағы ауру тыныштық жағдайында бірнеше минуттардан соң өздігінен тарайды. Ауру сол жақ жауырынға, қолға, астыңғы иекке, кейде асқазанға да беріледі. Бұл жағдайда адам оны гастрит немесе асқазанның ойық жарасымен шатыстыруы мүмкін.
23
Жүректің ишемиялық ауруы пайда болғаннан бастап, оның дамуының екі нұсқасы ба...
Жүректің ишемиялық ауруы пайда болғаннан бастап, оның дамуының екі нұсқасы бар. Біріншісі – науқас емханаға, дәрігерге қаралады да, ауруханаға жатқызылып, жоспарлы коронография жасалады, екінші нұсқасы – коронарлы артериялардың тарылуынан жүрек артериясында қанның ұюы пайда болып, жіті инфарктқа әкеліп соғады. Миокарда инфаркты бір-біріне ұқсас емес, барлығы қанның ұюы қай артерияда болғанына байланысты
24
Жүректің ишемиялық ауруы дамуының келесі себептері болып қант диабеті, шылым...
Жүректің ишемиялық ауруы дамуының келесі себептері болып қант диабеті, шылым шегу, артериалды қан қысымы, аз қимылдау, семіру, стресстер табылады. Жүректің ишемиялық ауруы келесі формаларда байқалуы мүмкін: стенокардия, инфаркт миокарда, инфарктан соңғы кардиосклероз, жүрек қағысының бұзылуы, жүрек жетімсіздігі мен кенеттен қайтыс болу
25
Дұрыс қойылған ЖИА диагнозы емделудң алғы шарты болып табылады. Емдеуді келе...
Дұрыс қойылған ЖИА диагнозы емделудң алғы шарты болып табылады. Емдеуді келесі формада жүргізуге болады: белсенді өмір салты, шылымнан, арақ-шараптан бас тарту, барлық май түрлеріне шектеу қоятын емдәм, тамақтану
26
Дәрілік терапия негізінен ацетилсалицил қышқылын – аспирин (тромбоасс, тромбо...
Дәрілік терапия негізінен ацетилсалицил қышқылын – аспирин (тромбоасс, тромбокард, кардиомагнил, аспирин-кардио), холестерин деңгейін төмендететін дәрі-дәрмектерді (статиндер), коронарлы тамырларды кеңейтетін дәрілерді (нитраттар, мысалы кардикет) және жүрек қағысын азайтатын (бисопролол, небилет, т.б.) препараттарды қабылдаумен шектеледі
27
Жалпы өркениетті елдерде 40 жастан асқан адамдарға күнделікті аспиринді пайда...
Жалпы өркениетті елдерде 40 жастан асқан адамдарға күнделікті аспиринді пайдалануды әдетке айналдыруға кеңес беріледі. Бұл әртүрлі органдар мен тіндердегі инфаркт пен инсульттің алдын алу болып табылады
28
Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары ең алдымен жүйкелік-психикалық ширығудың н...
Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары ең алдымен жүйкелік-психикалық ширығудың негізінде пайда болады. Осыған орай, олардың саны мен белсенділігін төмендету барлық жүрек-қантамыр ауруларына қарсы ең тиімді алдын алу болып табылады.
29
Көбінесе адам өзіне өзі разылық білдірмей жатады. Бұрыннан белгілі бір ақиқат...
Көбінесе адам өзіне өзі разылық білдірмей жатады. Бұрыннан белгілі бір ақиқатты қайталап айтқан жөн болар: бүкіл әлемді сүюді өзіңнен бастау алады. Әрбір адамға жақсы әсер ауадай қажет. Сондықтан да жақсы кітап, достармен қарым-қатынас, жақсы көретін және сені жақсы көретін адамдармен белсенді және қуанышты өмір сүру барлық аурудың алдын алатын қуатты құрал болып табылады
30
Белсенді өмір салты. Бұл – спортпен айналысу, таза ауада ұзақ уақыт серуендеу...
Белсенді өмір салты. Бұл – спортпен айналысу, таза ауада ұзақ уақыт серуендеу, суға жүзу, туристік сапарлар, яғни адамға рахат сезімін сыйлайтын кез-келген дене еңбегі
31
Тамақтану. Біздің дастарханымыздағы майлы, ащы, тұзды тағамдардың молдығы шек...
Тамақтану. Біздің дастарханымыздағы майлы, ащы, тұзды тағамдардың молдығы шектен тыс семіруге соқтырып қоймай, тамырларымыздың серпінді қызметіне де кері әсерін тигізеді, сондықтан қан айналымы бұзылады. Темекінің әсері. Жүрек-қан тамырлары жүйесіне кері әсерін тигізетін әдеттердің бірі темекі тарту екендігі баршамызға аян. Шылым шеккіштердің арасында жүрек-қан тамырлары аурулары кең тараған. Темекі тартудың зиянынан бөлек ештеңе алып келмейтіні белгілі. Сондықтан да бұл әдеттен толық бас тартуды ұсынамыз.
32
Күнделікті таңғы намаз жүрек ауруының алдын алып, артериосклероздан сақтайды....
Күнделікті таңғы намаз жүрек ауруының алдын алып, артериосклероздан сақтайды. Бұл тұжырымдаманы Иордания кардиологтарының Ассоциациясы жасады.Иордания дәрігерлерінің айтуы бойынша, жүрек қан тамырлары ауруларының басты себебі тым ұзақ ұйқы (8 сағаттан артық) болып табылады. Ұйқы кезінде адам жүрегі минутына 50 соғысқа дейін азаятын көрінеді (қалыпты жағдайда минутына 60-70 соғады), ал жүрек соғысының баяулауы өз кезегінде қан айналымды қиындатып, қан тамырлардың бітелуіне, жүрек бұлшықетінің әлсіреуіне әкеп соғады. Нәтижесінде инсульт пен инфаркт пайда болады.
33
Сонымен, жоғарыда айтылғандардың барлығын қорыта келе дене белсенділігі, өзің...
Сонымен, жоғарыда айтылғандардың барлығын қорыта келе дене белсенділігі, өзіңе және өзіңді қоршаған ортаға ізгі ниет, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден арылу және кардиологтың тексеруінен өту – жүрек-қан тамырлары ауруы сізге жақын жүрмейтініне сенімді болуыңызда. Осы жұмысымның барысында материал жинақтауда Атырау облыстық кардиологиялық орталығының жоғары санатты кардиолог дәрігері Тасқарина Марина Талғатқызымен әңгімелестім,ол кісінің көп көмегі тиді. Марина Талғатқызы жасайтын орталыққа барып, дәрігердің жұмысымен таныстым, маған үлкен әсер қалдырды. Сондықтан болашақ мамандығымды алған соң, еліме пайда тигізіп, үлес қосқым келді.
34
35
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында «Сал...
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» басым бағыттардың бірі деген болатын.
36
Назарлаңызға рахмет
Назарлаңызға рахмет
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию