7


  • Учителю
  • Разработка внекласного мероприятия 'Тәуелсіздік- таң нұрым'

Разработка внекласного мероприятия 'Тәуелсіздік- таң нұрым'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Тәуелсіздік- таң нұрым»

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті жылыған қауым, мерекеміздің қонақтары! ұстаздар, оқушылар! бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік- таң нұрым» және арналаған мерекелік концертімізді ашық деп жариялаймыз!

Назар аударыңыздар! ҚР мемлекеттік гимні орындалсын.

Мемлекеттік гимні орындалады

1-жүргізуші:

Жанын қиған сен үшін

Тоқта достым сабыр ет.

Үнсіз тұрып бір минут

Басыңды иіп, тәжім ет.

Тәуелсіздік үшін күрескен батырларымызды 1 минут еске алайық. /Үнсіздік минуты/ Рахмет


1-жүргізуші:

Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне,

Тыңдарсын он жүректің сазын әлі

Шіркін-ай, жер жетпейді бір өзіңе,

Қойнауың тұнған байлық, қазыналы, -дей келе мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Мерекелік құттықтау сөзі

1. Ауылымыздың әкімі Ерлік Халиоллаұлы Нуралинге беріледі.

2. Мектеп директоры Мадина Танатовна Кабдыкаримоваға беріледі.


1-жүргізуші:

Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым,- дей келе кезекті мектеп алды даярлық сынып бүлдіршіндеріне берейік.


1-жүргізуші:

Кең байтақ , көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жаулау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан- елім менің.

Алдарыңызда мектеп оқушылары дайындаған «Мен азат елдің ұланымын» көрінісі.

Ата: Менің ұлтым - даналықтың даласы,

Арғы-бергі тарихына қарашы.

Тауқыметті тағдырына қарамай

Жүрегіңде сызаты жоқ, жарасы.

Менің ұлтым қасиетті, киелі,

Жасық емес, асыл оның сүйегі.

Қаным барда қадіріне жетпесем,

Рухына қайдан табам иені?!

Ымм. О жаратқан!

Ой заман-ай, тәуба-тәуба!

Жаратқанға мың тәуба!

Жайқалған егіндерді, жайнаған табиғатты көргенде жүрегім орнына түсті. Есімде, есімде аш қалған елім, боздаған халқым, «Елім-ай» әні есімде.

(«Елім-ай» әні - орындауында)

Ата: Ой, ой тереңінен кетіппін-ау! Менің құлыншағым қайда екен? Өзі көрінбейді ғой!

(ұлдар қаражорға билеп шығады)

Ата: Ой, құлыным, айналайын! (атасы баласының маңдайынан сүйеді)

Бала: Ата, «Тәуелсіздік» деген не?

Ата: Құлыным-ау, сен барлық адамдар тең өмір сүретін тәуелсіз Қазақстанның азаматысың. Елің де, жерің де сенікі, балам. Тәуелсіздік деген, міне, осы. Сен қазақ баласысың, Отаның - Қазақстан, туған елің - қазақ елі.

Бала: Ата, біздің еліміз қандай бай?

Ата: Ой құлыным, біздің жеріміз керемет бай, еліміздің табиғатына, жеріне, байлығына қызыққан жаулар да болған.

( ) (Қазыбек бидің сөзі)

Бала: Сонда біздің елімізді кім қорғады?

Ата: Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Баян сияқты батырларымыз балам.

( ) (Бұхар жырау)

Бала: Ата біз, Ресей мемлекетінің қарамағында болғанымыз рас па?

Ата: Иә, балам, біздің тарихымызда осындай да беттері орын алған... Екі жүз жылға жуық патшалы Ресейдің отары, 75 жыл Кеңес мемлекетінің құрамында болып дербестіктенде, тәуелсіздіктенде айырылған едік.

(

Бала: Ата, біз мектепте өлең жаттадық. Айтып берейін бе?

Ата: Айта ғой.

Бала: Жағасына жауының жетіп қолы,

Тартып алған Тәуелсіз күшпен өткен.

Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы,

Олжа емес салбырап түскен көктен.

Ата: Жарайсың, балам.

Бала: Біз Тәуелсіздікке қалай жеттік?

Ата: Балам, біз тәуелсіздікке оңай жеткен жоқпыз, талай-талай белестерден өттік...

(2 сынып оқушылары)

Бала: Ата біз сонда бүгінгі күні еркін халықпыз ба?

Ата: Иә, балам.

(1 сынып оқушылары)

(Барлық оқушылар шығып Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғаларды айтады)

Хор


Марапаттау

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік - тәтті ұғым, қандай ғажап!

Халқымның орындалды басты арманы.

Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,

Күмбез көкте желбірейді көк байрағы,-деп

«Тәуелсіздік-таң нұрым» атты концерттік бағдарламамызды жабық деп жариялаймыз! Назар қойып, тыңдағандарыңызға Рахмет!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал