7


  • Учителю
  • Коучинг на тему Мектепті басқару моделі

Коучинг на тему Мектепті басқару моделі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Коучинг жоспарыЫнтымақтастық орта қалыптастыра отырып, мектепті басқару моделінің жобасын жасауға жағдай жасау;

мектеп басқару ісіндегі кәсіби құзырлылықты дамытуда инновациялық әдістердің тиімді таңдау жолдарын айқындауға мүмкіндік тудыру.

Күтілетін нәтиже

Ынтымақтастық орта қалыптастыра отырып, мектепті басқару моделінің жобасын жасауға жағдай жасалады;

мектеп басқару ісіндегі кәсіби құзырлылықты дамытуда инновациялық әдістердің тиімді таңдау жолдарын айқындауға мүмкіндік туады.

Түйінді идеялар

Топтық жұмыс, көшбасшылық, басқару, бағалау, құзыреттілік

Ресурстар

АКТ, флипчарт, маркер, стикерлер, таныстырылым, бейнебаян

Коучингтің барысы

Ұйымдастыру

«Молекула» топқа бөлу әдісі арқылы үш топқа бөлінеді (қатысушылар санына қарай).

«Оркестр» жаттығуы арқылы ұйымдастыру жұмысы жүргізіледі.

«Оркестрдің» «дирижері» ауысып жүргізу ұсынылады.

Сұрақ: оркестрдегі «дирижердің» мақсаты қандай? Оркестрді қалай басқарды?

Ой қозғау

Бейнебаян: «Абылай хан»

Бейнебаянда Абылай ханның өмірі мен бойында кездесетін басқарушылық қасиеттері баяндалады.

Тапсырма:

Ойланайық, пікірлесейік!

Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі.

1-топ: Басшы бойына тән қасиеттер. Неліктен?

2-топ: Басшы ұстанымы қалай болу керек? Неліктен?

3-топ: Басқаруға инновация қажет пе? Неліктен?

Топтар өздерінің шығармашылығына байланысты жұмыстарын қорғайды.

Топты формативті бағалау

«Үш жақты пікір» стратегиясы

Топтағы ең құнды, өзіңізге ұнаған пікір

Ойлануды қажет ететін пікір

Түйіндеме: өз пікіріңіз

Тапсырма: Практикалық жұмыс

«Күрек» жаттығуы. Қағаздан жасалған күректі жіпке байлап, қатысушылар жіптен ұстау арқылы белгіленген затты топпен бірлікте көтеріп алу қажет.

Жаттығудан кейін қатысушыларға жаттығу кезінде қандай сезімде болғандығы туралы сұралады.

Таныстырылым

«Басқару шарттары» таныстырылым

Таныстырылым арқылы қатысушылармен сұхбат жасау (коучпен диалог)

Қорытынды

Басқару моделін құрастыру

Әр топ ең құнды басқаруға қатысты екі пікірлерін ұсынады. Пікірлерін бір қолданылымды ыдысқа жазып, ұжым болып пирамида жасайды.

Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы

</<font face="Times New Roman, serif">Әр қатысушыға екі сары, бір көк жұлдызша таратып беремін. Қатысушылар берілген ресурсқа өз пікірлерін түсіреді.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал