7


  • Учителю
  • Әзірлеме 'Сыңғырла соңғы қоңырау' (1-11сыныптар)

Әзірлеме 'Сыңғырла соңғы қоңырау' (1-11сыныптар)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Жыл бойы жеңістерге үлес қосқан,өнерлі де білімді ұл қыздарымызды және осынау ұлы көштің бастаушылары, өлшеусіз еңбек иелері,бір топ озық көшбасшы сынып жетекшілерінарнайы грамоталармен ,алғыс хаттармен салтанаттытүрде марапаттау сәтінеқош келдіңіздер демекпіз.Бізд
предварительный просмотр материала

20.05.13. саг 12-00 / 2-10-с-р аралығы /

Оқу жылының салтанатты жабылуы және Сәтбаев спартакиадасының қорытындысы


1.Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар!

2012-2013 оқу жылының аяқталуына және Сәтбаев кубогы ХІІІ спартакиадасының жабылу салтанатына арналған мерекелік жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

2. Дайындалыңыздар!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кіргізілсін!

/Ту ұстаған оқушылар сапты қадаммен белгіленген орынға тұрады/

Әнұран орындалады : Дина,Ержан


1-жүрг :

Жыл бойы жеңістерге үлес қосқан,өнерлі де білімді ұл қыздарымызды және осынау ұлы көштің бастаушылары, өлшеусіз еңбек иелері,бір топ озық көшбасшы сынып жетекшілерін арнайы грамоталармен ,алғыс хаттармен салтанатты түрде марапаттау сәтіне қош келдіңіздер демекпіз.

2-жүрг:

Спартакиада!

Қызу қанды ұл менен қыз жарысы,

Арналатын мектебіне табысы.

Спартакиада!

Спортшы ұл қыз мекені,

Өз мектебін әр кез мақтан ететін.


2-жүрг : Иә,достар !

Біздер мектеп-лицейдің жас жеткіншектері білім мен тәрбиедегі ұлы жеңістерімізді ғалым бабамыз Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 114 жылдығына,мектеп-лицейіміздің 33 жылдығына,Ұлы Жеңістің 68 жылдық Ұлы тойына арнадық...

1-жүрг :

Сәтбаев біздің киелі биік шыңымыз,

Арналып келед білім мен еңбек жырымыз.

Бабаның біздер артында қалған бағымыз,

Спорттық дода ерекше дейміз бәріміз.

Спорт шеруінің мектеп-лицейдегі салтанатты қатарын толықтыратын спортшы ұландармен таныс болыңыздар! Олар - спорт жұлдыздар/легі/

/Спорттық киім киініп,медальдарын таққан жас спортшылар тобы ортаға шақырылады,қатысатын үйірмесі,жетістігі,аты,жөні айтылып тұрады/

1-жүрг :

Тыңдаңыздар !Қабылдаңыз қуанып,

СПОРТ-өнер,СПОРТ-бақыт,бұл-анық.

Жеңіс туын желбіреткен биіктен,

Қошемет ,Достар !Спортшыларға сүйікті.Спортшылар келіп көрсетілген орынға тұрады./

2. Начало формы


2.

Көк тудың желбірегені-
елдіктің асқақ өлеңі.
әр жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.


1-ж: Көк тудың желбірегені -
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту,жан емес,маған керегі-
Көк тудың желбірегені.


2-ж: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның өр рухын бейнелейтін асқақ ән «Көктудың желбірегені» . Қабыл алыңыздар!

/Алғыс Ән/


Құттықтау сөзді мектеп-лицей директоры : «Ерен Еңбегі үшін »медалінің иегері

Жумажанова Нурья Альмуханқызына береміз./ сөз сөйленеді/

1-ж:

Ата-ана Мектеп бірлескен одақ ұйымбыз,

Қызықты өтед бір күнімізден бір күніміз.

Бүгінде міне, ата-аналарымыз ортада,

Ұстаздарымызбен бірге қоятыны бірдей бір талап.


Ортаға барлық ата-аналардың атынан Ата-аналар қоғамының мүшесі -----------шақырамыз./Ата-ана сөйлейді/


Мектеп-лицейдің «Мейірімді қала-Жезқазған» атты жаңа әнімен ортаға мектеп-лицейдің жас әншілері Садуова Айханым және Аманжанова Аққу шығады :

Сөзін жазған: мектеп-лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары :Жаңыл Ақбайқызы.

Әнін жазған : мектеп-лицейдің «Вокал»үйірмесі жетекшісі :Ерлан Ержанұлы.

Вокалды дайындаған : мектеп-лицейдің «Вокал»үйірмесі жетекшісі : Дина Қойшығарақызы. Қабыл алыңыздар!


/2-ән жіберіледі/

2-ж:

365 күн! Бұл біздің есею жолымыз!

365 күн! Бұл біздің арманды жылымыз!

Бірлескен табыс пен әніміз,

Бұл біздің салтанат, сәніміз!

1-оқушы :

Алдымызда демалыс тұр көңілді,

Достарымыз,құрбылар бар жаны ізгі.

Жақсы аяқтап оқу жылын тек сәтті,

Орындадық алға қойған мақсатты.


2-оқушы :Міне,құрметті Достар! Жылдың жеңіскерін анықтайтын сәулелі сәтке де келіп жеттік.

1-оқушы: ХІІІ Сәтбаев спартакиадасының жеңімпаз спортшылары және Сәтбаев кубогының биылғы иегері кімдер болмақшы, біз оны санаулы минуттардан соң білетін боламыз!!!

Ортада спорттық жарнама!

Рауғаш ,Рахат /реклама/

Ортаға бірдей киінген асық ойнаушылар шығады :/Әр оқушы өз тақпағын айтады, бәрі асық ойнаудан көрініс көрсетеді/

1.Жарнама,жарнама,жарнама!

Үлкен де,кішкентай бала да.

Қатыса алады ойынға,

Жеңіліп қалсаң да мойыма...


2.Тәйкесі,бүк,шігі,алшысы,

Ойнайды адамның баршасы.

Ойыншы көп болса қызықты-ол!

Атқыш боп шығасың, қызық сол!


3.Қой асығы демеңіз,

Қолыңа жақса «сақа» тұт.

Жүгір,секір,бейім жат,

Дәлдеп тигіз,көздеп ат.


4.«Асық»жаңа түр емес,

Бұрыннан бар қазақта.

Таза спорттың түрі осы,

Көбейтетін жан досты.


5.Өтірік жоқ,арамдық,

Жалғандығы болмайды.

Бәсекең де тап-таза,

Мерген етпей қоймайды.

6.Биыл біздің мектепте,

Рахат мұғалім жол ашты.

«Асық ойнау»жарысы,

Спорт түріне жалғасты.


7.Сынап,сыйлап ойнайтын,

Асықтан біз көп ұттық,

Ойын екен бұл ұлттық,

Біз жеңімпаз боп шықтық.


8.Ұл да ойнай алады,

Қыз да ойнай алады.

Ми қыртысын дамытар,

Батыл шешім тағы бар.


9.Осы асық ойыны,

Денең шымыр,бой ұзын,

Асық өте таза өнім,

Қан тазарар,бой сергіп.

/асық ойыны көрсетіледі,1.5 мин/под музыкой/

1. физ.руки

2. физ.руки грамотамен марапаттайды :


1. «Жылдың үздік футбол командасы - 2013» номинациясымен 7 г сыныбы,

2. «Жылдың үздік баскетбол командасы » номинациясымен 10 а сыныбы

3. ХІІІ дәстүрлі «Сәтбаев кубогы»спартакиадасының иегері : 5А?

Футболдан жауапты мұғалім :Жакупов Рахат Сейтқалиұлы;

ІІІ орын 6Б Гулсум Жакупбекова,

6Г Жанар Бірімжанова ,

ІІ орын 6Д сыныбы ,сынып жетекшісі Қамария Жанайдарова,

І орын 7Г сыныбы,сынып жетекшісі Айжан Азбаева

Пионербол /екі жақты ойын/ жарысынан жауапты / Жакупов Рахат Сейтқалиұлы;

Нұрмағанбетова Рауғаш Қанатбекқызы

ІІІ орын 5Г сыныбы,сынып жетекшісі Рахметова Динара Бақытқызы

ІІ орын 5Д сыныбы, сынып жетекшісі Қожахметова Қымбат Бодыққызы

I орын 5А сыныбы, сынып жетекшісі Байжанова Майра Хамитқызы

Асық ойын/ жарысынан жауапты/Жакупов Рахат Сейтқалиұлы

Ш орын 5Всыныбы,сынып жетекшісі Бимурзина Алтынай Несіпбайқызы

II орын 5Б сыныбы,сынып жетекшісі Бахыткүл Ерғазина

I орын 5А сыныбы,сынып жетекшісі Байжанова Майра Хамитқызы

6- сыныптар арасында;

II орын 6А сыныбы, сынып жетекшісі Элмира Жаналиева

I орын 6В сыныбы, сынып жетекшісі Балмағанбетова Мадия Арынғазықызы


Волейбол өкінішке орай өткізілмеді.


ХІІІ дәстүрлі «Сәтбаев кубогы»спартакиадасының биылғы иегері

1. Ұлы жүрек иесі ұстаз, бұл жандар

Таң сәріден сыныбы үшін тұрғандар.

Телефонын ата-ана үшін толтырып,

Оқушы үшін күнде жоспар құрғандар.

2.Бір жақсы ісін көрсе мәз боп,күлімдеп,

Солар үшін дәптер,қалам түгендеп.

Болашаққа адал қызмет еткендер.

Бар өмірі үлгі болып кеткендер.


Екеуі бірге :

1.Бұл кісілер-ары биік асылдар,

Білім ,ғылым бәйгесіне асығар.

Баптайтыны ұрпақ атты тал шыбық,

Жақсылықтың,жаңа күннің жаршысы

2. Жылдың жағымды жеңіс көрсеткіштеріне өз үлесін қосқан сынып жетекшілерін марапаттау үшін мектеп- лицей директоры Жумажанова Н.А қызын ортаға шақырамыз!

1. «Жылдың жаңашыл сынып жетекшісі» номинациясымен Жұмажанова Жадыра Аллабергенқызы

2. Берлібекова Жұлдыз Молдабекқызы

3. Көпеева Жанар Тілегенқызы

4. Бекмағанбетова Бибісара Ысқаққызы

5. Хамзина Бикен Қорғанбекқызы

6. Ершаева Дина Таңатарқызы

7.Қозыбаева Гүлнұр Жұмабекқызы

8.Берлибекова Сарсенкүл Әбілқасқызы

9.Әлмағанбетова Данагүл Нұрлыбекқызы

10.Балабекова Сарсенкүл Ідірісқызы

11.Бектурова Баян Хамитқызы марапатталады.

12. Өнер бағытындағы «Жылдың белсенді сынып жетекшісі» номинациясымен Тілеубаева Әдемі Ерғалиқызы

13. «Жыл актеры-сынып жетекшісі»номинациясымен Балмағанбетова Мадия Арынғазықызы марапатталады.

14. «Жылдың үздік сынып жетекшісі» номинациясымен Жанали Меруерт Абдоллақызы марапатталады.

ІІ. Олар биылғы оқу жылының көшбасшылары.

2.Үздік,белсенді әрі жаңашыл сыныптарды,талантты да дарынды ұландарды марапаттау үшін ортаға мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жаңыл Ақбай қызын,Үмітжан Жасынбекқызын шақырамыз.

1. «ҮЗДІК СЫНЫП - 2013 » номинациясымен 3 Ә сыныбы , сынып жетекшісі Жамбаева АҚЖАРҚЫН Бимұқанқызы

2. « ЕҢ БЕЛСЕНДІ СЫНЫП - 2013 » номинациясымен 8 г сыныбы, Берлибекова Сарсенкүл Әбілқасқызы ,6 в сыныбы, сынып жетекшісі Балмағанбетова Мадия Арынғазықызы

3. «Ұлттық құндылықтарды насихаттаушы сынып» номинациясымен 5 б сыныбы ,сынып жетекшісі Ерғазина Бақыткүл ,

4. «ЖАҢАШЫЛ СЫНЫП - 2013 » номинациясымен 8 б Құдабаева Жазира Абдыхалыққызы , 6 б сыныбы , сынып жетекшісі Жакупбекова Гүлсім Мұхамедияқызы

5. «Салауатты өмір салтын насихаттаушы сынып » номинациясымен 4 в сыныбы , сынып жетекшісі Садуақасова Қымбат Жетпісбайқызы

6.«Жылдың спорт шебері - 2013 » номинациясымен 7 а сынып оқушысы Сұлтанбай Нұрбол , 10 техникалық сыныбының оқушысы Сарсенов Ербол , 3 Ғ сынып оқушысы Абдрахман Иса,


9.«Жылдың өнерлі оқушысы - 2013 » номинациясымен 9 г сынып оқушысы Урманов Алғыс ,

11. «Жыл ақыны - 2013 » номинациясымен 6 д сынып оқушысы Иманалиева Сара, 9 техникалық сынып оқушысы Әмірбеков Ернар ,

12. «Жылдың жас әншісі - 2013 » номинациясымен 8 а сынып оқушысы Сайлауов Шамшырақ, 5в сынып оқушысы Хамит Нұрлыбек, сынып жетекшісі Бимурзина Алтынай

13. «Жылдың шебер домбырашысы - 2013 » номинациясымен 9 г сынып оқушысы Хамитбек Нұрислам ,

14. «Жыл лицеисі - 2013» номинациясымен 9г сынып оқушысы Ибрагимов Нұрбек , 8г сынып оқушысы Мухамбетжан Темірлан , 8г сынып оқушысы Рахым Гүлім марапатталады.

1-ж :

Биыл біздер бір-бір жасқа есейдік,

Ұлан болдық,ұл мен қыз боп,көшелі.

Сапта тұрған тәртіпті боп бүлдіршін,

Сенімділеу мектеп ашқан кешегі.


Қымбатты оқушылар, ардақты ата-аналар, аяулы ұстаздар!

Бүгін -биылғы оқу жылының соңғы қоңырауы соғылмақшы. Соңғы қоңырау мерекесі-оқу жылының аяқталуы.

Бұл мереке жыл сайын қайталанып келуіне қарамастан аса құнды да қуанышты, жүрек толқынысының сан түрлі сәттерінің куәсі болатын ерекше мереке.


2.Оқу жылының соңғы қоңырауы өзімен жаңаша бір соны леп әкеліп, арманға толы ,жақсылыққа ұмтылған сан мыңдаған періште жүректі жақсылық пен жаңару, демалу мен есею жолына жетелейді.


1.Арнайы соққан қоңыраудан сабақ басталған,

Азамат болу, жақсы Адам болу-басты арман.

Сыңғырла соңғы қоңырау үні, сыңғырла,

Шақырып бізді көңілді демалыс шыңына.

  1. 2012-2013 оқу жылының соңғы қоңырауын мектепалды сынып бүлдіршіндері Аружан мен «В» тобының оқушысы Есқалиев Нұрдаулет Бақтиярұлы мен негізгі мектепті бітіруші ұландар , мектеп президенті 9 г сынып оқушысы Ибрагимовпен Нұрбек 9 Д сынып оқушысы Қадыров Нұрболат соғады.

/қоңырау соғылады/

/

1.Бағалансын «5»тік болып білімі,

Ұландардың сәтті болып әр күні.

Ал, Ұстаздар-қасиетті, жаны ізгі

Құтты болсын мерекеңіз бүгінгі.

2. Шәкіртке ыстық түсіндім мектеп екенін

Бағбаным ұстаз гүлім деп білім еккенің

Сыңғырла тағы қоңырау үні сыңғырла,

Шақырып бізді білім мен еңбек шыңына.


  • 1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкетілсін!/ ту әкетіледі/

2.Оқу жылын аяқтап, білімалушыларға арналған соңғы қоңырау салтанатын жабық деп жариялаймыз.

Келесі кездескенше бай-қуатты болыңыздар!


15.05.2013ж . Автор : Жаныл Акбаевна



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал