7


  • Учителю
  • Мұғалімдер семинары Сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар

Мұғалімдер семинары Сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары

Мектеп: Ғ.Мұратбаев атындағы №171, Қызылорда қаласы

Семинарды тыңдаушылардың саны: 20

Мерзімі: 05.10.2016 ж. Мұғалім: Абенова З.К.

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы:Сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтарМақсаты: Мұғалімдерге тұтас педагогикалық үдерістің негізі ретіндегі жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ұғындыру. Міндеттері:

1. Мұғалімдерді «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық- педагогикалық негіздерімен таныстыру;

2. Мұғалімдерге жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік беру;

3. Мұғалімдерді жалпыадамзаттық құндылықтарды пәндердің мазмұнына интеграциялауды іс жүзіне асыруды қажетсінуге тәрбиелеу.

Ресурс-

тары:

(материалдары, көздері) Слайдтар

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

  2. Тыныштық сәтi. "Нұрға бөлену"

Жоспар:

1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері (сананың құрылымы, сана арқылы оқыту, сананы тазарту)

Оқыту, ойлау және түсіну - осының бәрі бес сезім мүшелері арқылы сананың ішінде жүретін үрдістер.

Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады.

Бес сезім мүшелері арқылы ақпарат сыртқы әлемнен түпкі санаға (подсознание) түседі де (кейде саналы түрде, кейде санадан тыс) психикалық-эмоциялық реңге ие болады.Түпкі сананы үнемі тазартып отыру үшін табандылық керек,бұл үзіліссіз үдеріс:өз-өзімен, айналасындағылармен, бүкіл ғаламмен үндестік орната алған адам ғана түпкі санасын үнемі тазартып отыра алады.Даналарымыз айтқан екен: жақсыны есіте білу, әсемдікті көре білудің өзі-түзелу деп.

Сананы тазарту.

  • Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолданыңыздар. Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді ұғынуға арналған тікелей және тура әдіс;

  • Күні бойы барлық адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыныңыздар;

  • Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіріп, және одан да зорын жасауға шешім қабылдаңыз;

  • Жаныңызды тебірентетін, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән салыңыз;

  • Ашу-ызаңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрысып ренжіткен адам сізге өз ашу-ызаңызды бақылауға көмектесетінін есте ұстаңыз.

  • Жақсы компания, орта табыңыз;

  • Тыныштық сақтауға үйреніңіз. Жұмсақ және мейірімді интонациямен сойлеңіз. Тек қана жақсы нәрсе айтыңыз;

  • Тыныс алуыңызды бақылаңыз: әр уақытта баяу, терең және ырғақты тыныс алыңыз;

  • Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылыңыз.

  1. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар (ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау)

Аксиология (грекше-құндылық және ілім) - "құндылық" категориясын зерттейтін философия саласы.

Т.И.Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесінде оларды үш түрге бөліп қарастырады: табиғи, жүре пайда болған, абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар - ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі ілім болып табылады. Нағыз білімді адам деп өз бойында Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен, ақ пейілмен таратқан тұлғаны айтады.

Ішкі үйлесімдікке қол жеткізу үшін адамның ойы, сөзі, ісі бірлікте болуы тиіс.



  1. «Өзін-өзі тану» жалпыадамзаттық құндылықтарды пәндердің мазмұнына интеграциялау (интеграция туралы, интеграциялаудың жолдары, білім берудің екі аспектісі)

Білім өмір сүру үшін қаражат табу үшін емес, өмір сүру үшін берілу керек.

"Өзін-өзі тану" пәнін басқа пәндермен интеграциялау ең алдымен беріліп отырған білімді жандандыру, оның рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару. Бұл барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде және алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беру болып табылады.

Білім беруде жалпыадамзаттық құндылықтар негізгі түп қазық болуы тиіс. Яғни балаларға берілетін білім жанды, біртұтас, жүйелі болуы тиіс.

Интеграциялау жолдары:

  1. Ғылымдардың даму тарихы мен ұлы ғалымдардың өмірінен шабыттандыратын мысалдар келтіру.

  2. Қазіргі ғылыми жаңалықтармен таныстыру.

  3. Әрбір оқу пәндерінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.

Білім беру екі аспектісінің өзара үйлесімді дамуы:

1.Интеллектуалды (сыртқы білім, ақыл үшін)

2. Рухани-адамгершілік (ішкі білім, жүрек үшін)

Білім мен өмірді әдемі үйлесімге біріктіру қажет.



Топпен ән айту.



Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Ораловтікі.



Талдау

Үй тапсырмасы.

Өзін-өзі танумен өз пәніңіздің интеграцияланған сабақ жоспарын дайындаңыздар.



Жиналыстың қорытынды сәті.

- Бүгінгі айтылған барлық жақсылықтарды жүрегімізге сақтап алайық.

Семинар аяқталды. Рахмет!







Мұғалім: Абенова.З.К.



Директор: Сүлейменова. Г. К.

3







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал