7


  • Учителю
  • 'Мектеп жетістігі көпке ортақ'

'Мектеп жетістігі көпке ортақ'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектебі жақсының - ертеңі жақсы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңы мен Мемлекеттік білім беру стандарты талаптарын орындай отыра мектептегі 63 мұғалім 453 оқушыға терең де тиянақты білім мен тәрбие беріп , үлкен ізденіспен еңбек етуде.

Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне өтуге бағыт алуда. Демек, бүгінгі таңда әрбір мұғалімнің мақсаты - сабақ сапасын көтеру түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін жоғарлату. Осыған орай, мектеп өмірдегі өзекті мәселердің бірі- сабақтың жаңа түрлерін дамыту. Қыркүйек айынан бастап жыл соңына дейін 43 мұғалімнің іс - тәжірибесі халықаралық, республикалық , облыстық, аудандық әлеуметік желі және баспа беттерінде таратылды.




Мектептің әдістеме жұмысының жоспары мен пән бірлестіктерінің жоспары әдістемелік тақырыпты және мектептің даму бағдарламасын басшылыққа ала отырып, алға қойған мақсат пен міндеттерді шешу барысында білім беруде жаңаша әдіс-тәсілдер қолдану, оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісінде пайдаланудың тиімді жолдарын анықтау, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, мұғалімнің кәсіби шеберліктерін айқындау, білім сапасын арттыру жолдары, дарынды балалармен жұмыс, өздік білімін көтеру, өзара сабаққа қатысу т.б. бағыттар негізінде құрылды.

Мектептің оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары мазмұндылығы, түрі және құрылысы мен әдісі педагогикалық ұжымның әдістемелік бірлестіктерге топтап, олардың жыл бойғы жұмыстары арқылы іске асырылады.



Кез келген білім ордасының білім сапасын арттырудағы туындайтын кейбір проблемалардан шығу үшін: нәтижеге бағытталған жалпы орта білім беруде мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамытуды талап етеді. Әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі -құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады.
екіге бөлашар оқушыҚұзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы. Осы мақсатта талмай еңбектенген пән мұғалімдері өз деңгейінің жоғары екенін аудандық өре байқауларда көрсете алды.



Косаева Бота Серикжановна - бастауыш сынып мұғалімі

аудандық "Үздік сынып жетекші-2015" байқауының

І орын жеңімпазы . Оқушылары республикалық қашықтан қатысу олимпиадасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом жеңімпазы



Габдулина Ляззат Калихановна -қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

аудандық "Үздік педагог-2015" байқауының

ІІІ орын жеңімпазы . Оқушысы Қасымбекова Назира "Алтын жұлдыз" сыйлығының иегері дипломымен және республикалық "ХХІ ғасыр көшбасшысы" апталық ойын жеңімпазы атанды . Аудандық пән олимпиадасы Сағатов Дидар ІІ орынмен мрапатталса , 11 сынып оқушысы Оспанғали Адай аудандық "Жас ақындар" мүшәйрасында ІІ орынмен марапатталды . «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы Досанова Аружан ІІІ орынмен марапатталды. 2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша ҰБТ-ден аудан бойынша 100 % білім сапасын көрсетіп, І орынға шықты . Оқушылары республикалық қашықтан қатысу олимпиадасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом жеңімпазы


Калкеева Балжан Ермухамбетовна - информатика пәні мұғалімі аудандық "Жыл мұғалімі-2015" байқауының "Жас ұстаз" номинациясының иегері және аудандық "Үздік информатик 2015" байқауының ІІІ орын жеңімпазы . Оқушысы Дорабаев Даурен аудандық олимпиадасында ІІ орынмен марапатталды. Оқушылары республикалық қашықтан қатысу олимпиадасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом жеңімпазы


Сыдыкова Багынгуль Сулейменовна - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі оқушылары "Керемет" КТК командасы облыстық, аудандық "Жайдарман" чемпионаттарында ІІ,ІІІ орын жеңімпаздары атанса, аудандық пән олимпиадасында Абдраим Арман -

ІІІ орынмен марапатталды. Оқушылары республикалық қашықтан қатысу олимпиадасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом жеңімпазы


Рымбаева Заурехан Адилхановна - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мұғалімнің деңгейлік курс бойынша сабақ жоспарлары халықаралақ, республикалық, облыстық баспа беттері мен әлеуметтік желіде жарияланды. Аудандық пән олимпиадасында Аман Тойгүл ІІ орынмен марапатталса , 10 сынып оқушысы Айтқабылова Жансая «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасында ІІ орыннан көрінді . 5 сынып оқушысы Тасывбек Гүлзат аудандық "Мұқағали оқуларында" жүлделі ІІ орынды иеленді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша аудандық Қ.Бітібаева атындағы олимпиадасында 10 сынып оқушысы Аман Тойгүл ІІ орынмен марапатталды . Оқушылары республикалық қашықтан қатысу олимпиадасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом жеңімпазы


Шарова Жулдыз Ондрысовна -қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі . Аудандық пән олимпиадасында 8 сынып оқушысы Мұрал Әтира ІІ орынмен марапатталса , «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасында ІІІ орыннан көрінді . 2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша ҰБТ-ден аудан бойынша 100 % білім сапасын көрсетіп, І орынға шықты. Оқушылары республикалық қашықтан қатысу олимпиадасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом жеңімпазы


Ибраева Асель Ертулевна - биология пәні мұғалімі 8 сынып оқушысы Деркач Руслан халықаралық фотосурет номинациясы бойынша ІІІ орын және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды . Аудапндық олимпиадасында Туланова Нигара жүлделі І орынмен марапатталды. Мұғалімнің деңгейлік курс бойынша сабақ жоспарлары халықаралақ, республикалық, облыстық баспа беттері мен әлеуметтік желіде жарияланды. Оқушылары республикалық қашықтан қатысу олимпиадасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом жеңімпазы


Жаканаев Санат Қызырович - дене шынықтыру пәні мұғалімі баскетбол қыздар командасы облыстық, аудандық чемпионаттардың І,ІІ,ІІІ орын жеңімпаздары

Бекмолдаев Нуржан Турымбекович - дене шынықтыру пәні мұғалімі - оқушылары еркін күрестен облыстық, аудандық чемпионаттардың І,ІІ,ІІІ орын жеңімпаздары

Мектепішілік дәстүрлі тәрбиелік іс-шаралар, ұжымдық,шығармашылық істер - мектеп өмірінің ең қажетті бөлігі. Бұл іс-шаралар алдын-ала жоспарланып, сынып оқушыларының толық қатысуымен іске асады. Мектепте мектепішілік дәстүрдің маңызы ерекше орын алады. Мектепішілік дәстүрлі істерде әр оқушы және жалпы ұжымға ерекше маңызды болып табылатын белгілі құндылықтар бекітілген. Ұжымға қажетті кез-келген іс-шараны қиналмай, шын ықыласпен орындай білу -болашаққа қажетті үлкен өмірлік сабақ екендігін әрбір мұғалім оқушыларға түсіндіріп, бақылай отырып нәтижеге жетуге тырысады.

Әрине, білім сапасын жақсартуда мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту үлкен роль атқарады. Мектебімізге бюджеттен арнайы қаражат бөлініп, мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Мектепте бүгінгі күні 2 информатика кабинеті, 1 мультимедиялық кабинет, жаңа типтегі биология кабинеті, 2 интерактивті тақта, әрбір пән кабинеттері қазіргі заман талабына сай эстетикалық тұрғыдан безендірілген. Әсем безендірілген салтанат залы, 24 орындық кітапхана, әдістемелік кабинет, 50 орындық асхана бар.
Мектептің тәрбие жұмысы өмірдің барлық салаларындағы ұлттық және дүниежүзілік жетістіктерді қабылдап, дамытуға қабілетті, рухани және адамгершілік қасиеті бай тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуына әсер етуді көздейді.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал