7


  • Учителю
  • Текствый файл Word, на тему на казахскому языку 'Жыл оқушысы-2015'сайысы 10 класс

Текствый файл Word, на тему на казахскому языку 'Жыл оқушысы-2015'сайысы 10 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№55 С.Қожанов атындағы мектептің «Жыл оқушысы 2015» сайысы

Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,№55 С.Қожанов атындағы орта мектебінің кәсіби бағдар беру ісі жөніндегі орынбасары Рима Шокибаева

«Жыл оқушысы» сайысының жоспары.

Мақсаты: жыл қорытындысы бойынша әр сыныптардан белсенді, лидерлік қабілеті мен қоса білімдегі жетістіктері бар оқушыларды анықтау; шығармашылық қабілеттерін дамыту; ұжымның намысын қорғай білетін және еңбексүйгіш азаматтарды тәрбиелеу;
Көрнекілік: 1Плакаттар: "Өнерлі бала - сүйкімді", "Өнерлі өрге жүзер", "Білімді мыңды жығар".
2. Залдың іші шарлар мен гүлдермен безендірілген
3. Әділқазылар бағалайтын көрсеткіш сандар
4. Проектор, компьютер,интерактивті тақта,музыкалық аспап.

Жүргізуші: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! «Жыл оқушысы» сайысына қатысушы жас қырандар!
«Асыл тастан, өнер жастан» деп дана халқымыз айтқандай бүгінгі дәстүрлі «Жыл оқушысы» сайысына қатысатын оқушылар өз білімдерімен ой ұшқырлығын сараптау мақсатымен білім сайысына түспекші. Орта сайыскерлерімізді шақырайық!

  1. Нысанбай Нұрдәулет -10 а сынып

  2. Мақанбетова ақерке -10 ә сынып

  3. Машарап Нұрханым- 9 а сынып

  4. Сұлтанбек Аружан- 9 ә сынып

  5. Әбтай Ерболат- 8 ә сынып

  6. Тасболат Бақнұр - 8 а сынып
    Музыка ойналып, ортаға оқушылар шығады.
    Жүргізуші: - Әділдікпен бұл сайысты байқайтын,
    Туралықтан ешқашан да қайтпайтын, - деп әділқазылар мүшелерін таныстыруға рұқсат етіңіздер. Музыка әділқазылар мүшелерін таныстыру

  1. Мектеп директоры - Мырзалиева Айнұр апай

  2. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Утетилеуов Бауыржан ағай

  3. Мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы - Жошиев Жамбыл ағай

  4. Жаратылыс тану бірлестігінің жетекшісі - Сәрсенова Ләззат апай

  5. Мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары - Нұрмаханова Гүлбаршын апай

Жүргізуші: - сайыстың ережесімен таныс болыңыздар.

І. Өзін - өзі таныстыру - «Мен Қазақстанның жарқын болашағымын» 5мин
(презентация түрінде, өлең жолдарымен т. с. с.)

ІІ «Өзім туралы...» видеоролик 3 мин сайысқа қатысушылардың оқушылар мен мұғалімдер, ата-аналармен бірлескен көрінісі

ІІІ . «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» (1 минуттың ішінде неше сұраққа жауап береді)
ІV . «Өнерлі өрге жүзер » - 3 мин (өз өнерін ортаға салу)

V. «Білімді мыңды жығар» (қазақ тілі,тарих,математика,физика,химия,орыс тілі пәндері бойынша сұрақтарға жауап беру, әр пәнен 2 сұраққа)

  1. VI. Сайыскерлердің «Портфолио» дайындау қажет. (оқушының жетістіктері, «Менің отбасым», «Мені қызықтыратын әлем», «Менің бос уақытым» тақырыптарын қамту қажет)

    Ән шашу.
    Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті
    Кімдердің жауаптары кәміл шықты
    Білім мен тапқырлықтың жарысында
    Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - деп «Таныстыру» бөлімін бастайық. Сайыскерлер өздерін таныстырады. Таныстыру бөлімінен соң 1 - музыкалық сәлем жолдау.
    Сөз әділқазыларға беріледі, бағалары жарияланады.

  2. Оқушының дайындаған видиео ролигін көрейік оған өз бағаларыңызды қойыңыздар

  3. Жүргізуші: - Сіздерді сайысқа шақырамыз
    Сұрақпенен бастарыңды қатырамыз, - деп үшінші бөлім - «Жүзден жүйрік, мықнан тұлпар» - бастайық. Әр оқушыға 10 сұрақ оқылады, дұрыс жауабына 10 ұпай беріліп отырады.

  4. Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай
    Жүйріктің бағы жанар ма
    Бұл бәйге ойдың бәйгесі
    Кім жүйрік ойға, сол алда
    «Өнерлі өрге жүзер» - өз өнерін көрсету.
    Әділқазылар қорытынды шығарғанша музыкалық сәлем жолдау.

  5. «Білімді мыңды жығар» қазақ, орыс тілі,тарих ,математика, физика, химия пәндері бойынша 2 сұраққа жауап беру.


Жүргізуші: Ұлылардың ізін басар
Бізде жоқ па талапкерлер?
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, - демекші бүгінгі сайыскерлеріміздің жан - жақты екенін көрдік. Ойының аты ойын. Ойын болған соң жеңімпаз болады. Сайыскерлеріміздің еңбегін бағалау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Марапаттау. «Жыл оқушысы» жеңімпазын анықтау.
Сайыскерлерге мақтау қағазымен, жеңімпазға төс лентасы тағылады.
Жүргізуші: - Құрметті оқушылар! Мектептегі «Жыл оқушысы» сайысы өз мәресіне жетті. Ертеңгі күнге ескерткіш болсын деп барлығыңызды суретке түсуге шақырамыз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал