- Учителю
- Доклад на тему Менің кәсіби жұмысымның динамикасы
Доклад на тему Менің кәсіби жұмысымның динамикасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Садихина Алмагүл Дюсенбаевнаның 2013-2014 оқу жылы, 2014-2015 оқу жылы, 2015-2016 оқу жылы бойынша кәсіби жұмысының нәтижелілік динамикасы
Әлемдік елдерден көріп отырғандай, педaгог мамандарға жоғары деңгейде оқыту үшін моральдық және біліктілік талаптар қойылып отыр. Педагог мамандар заман ағымына қарай күрделене түсетін кәсіби міндеттерді шеше алатын және соған сай әрекет ете алуы керек. Қоғам өзгерген соң баланың талабы да күшейеді. Ендеше бұрынғыша жұмыс істеуге болмайтын кезеңде қазақ тіліне деген талап та, сұраныс та жоғары болып отыр. Ал оның ішінде тіл үйренуші ортаның қызығушылығын оятып, мағынаны таныту, алған білімдеріне ой толғау жасата білу жаңашыл жұмыс істегенде ғана жүзеге асады. Ізденімпаз мұғалім сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі қажет. Наpық жағдaйындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім бeру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Саннан сапаға ауысқан бізге, яғни оқушыға сауатты білімді өзін сыни түрде ойландыра отыра, алған білімін өмірде қолдана ала алатындай жағдай туғызу. Бұл ескіше жұмысты көтермейтін, оқушы талабына қарай тиімді оқыту арқылы жол салатын бірден-бір сара жол. Әр алған біліміне критериалды бағалау арқылы нақты сапа анықталатын кез келді. Осы үш жылдың динамикасының соңғы жылында жаңаша оқыту курсынан кейінгі оқушылардың оқуға деген қызығушылығының артқанын сапа пайызының артқанынан байқауға болады.
Қазақ тілі сабағы 2013-2014 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген бағдарлама бойынша жүргізілді.
2014-2015 оқу жылына арналған 1-9 сыныптың тақырыптық-күнтізбе жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы 1080 қаулысымен бекітілген. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығы негізінде құрастырылған.
2015-2016 оқу жылына арналған 1-9 сыныптың тақырыптық-күнтізбе жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы 1080 қаулысымен бекітілген. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығы негізінде құрастырылған.
1-9 сынып оқушыларының осы оқу жылдарында сабаққа, мемлекеттік тілді меңгеру кезінде әр түрлі деңгейде білім, білік, дағдыларын көрсете білді. Әр сабақта тақырыпты меңгерту мақсатында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін ,дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді, топпен, жұппен, жеке жұмыс түрлерін,практикалық, репродиктивті, зерттеуші-ізденушілік, өз бетінше жұмыс істету арқылы жүзеге асыру көзделді.1 кестеде 2013-2014, 2014-2015, 2015-2016 оқу жылдарындағы қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың білім сапасы берілген.
1-кестеОсы кестеде берілген білім сапасына қарайтын болсақ, қазақ тілі пәні бойынша жыл сайын 4% ға, келесі оқу жылында 6% өсті.
Барлық сыныптарды үлгерім 100% ды құрайды.
1 сурет
1 суретте қазақ тілі пәнінің 2013-2014 оқу ж., 2014-2015 оқу ж., 2015-2016 оқу жылдарындағы оқу сапасының орташа көрсеткішінің өсу динамикасы (%) көрсетілген. Осыдан келе диаграммада 1-9 сыныптарда білім сапасы 2013-2014 оқу жылында - 48%, 2014-2015 оқу жылында-52%, 2015-2016 оқу жылында-58% сапа көрсетіп тұр.
Осы жүргізілген диагностикалық әрекеттерден орта буында қазақ тілі пәні бойынша білім сапасының неге төмен болғаны анықталды:
1. Қазақ тілі бойынша кейбір оқушылардың талдау түрлерін жете білмеуі;
2. Оқушылардың диалог, монолог кезінде өз ойын нақты, анық жеткізе алмауы ;
3. Кейбір оқушылардың каллиграфиясының әлі де болса талапқа сай еместігі;
4. Оқушылардың көркем шығармаларды аз оқуы;
5.Ғылыми- шығармашылық жобамен байқауларға аз қатысуы.
6.Кейбір оқушылардың тек баға үшін оқуы;
7.Ата-аналар тарапынан үй тапсырмасын орындауда бақылаудың аз болуынан;
8.Оқушылардың жас ерекшеліктерінен;
9.Денсаулықтарына байланысты;
10.Отбасындағы психологиялық жағдайлар.
Қазақ тілі пәнінен оқушылардың білім сапасын көтеру үшін мынадай жұмыс түрлерін жүргіземін деп жоспарлаймын:
1.Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында жаңа
технологияларды жиі және тиімді пайдалану, қоымша жұмыс жүргізу;
2.Оқу техникасының сапасын көтеру үшін қосымша көркем әдебиеттерді оқыту. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру, жиі өткізу;
3.Тестілер алу барысында қате кеткен тақырыптар бойынша жұмыс түрлерін нығайту;
4.Өз беттерінше жұмыс істеуге дағдаландыру;
5.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда шығармашылықты талап ететін жаттығуларды көбірек беру, топтық, жұптық жұмыстырды жүйелі түрде қалыптастыру;
6.Оқушыларды олимпиада, ғылыми конференцияларға көптеп қатыстыру;
</ 7.Дарынды, талантты балаларды басты назарда ұстап, жүйелі жұмыс жүргізу.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: __________ Садихина А.Д.