7


  • Учителю
  • Сын -тұрғысынан ойлауды арттыру мақсаттары

Сын -тұрғысынан ойлауды арттыру мақсаттары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

КунгратбаеваМунираУбайдуллаевна Мұғалім портфолиосы А есебі

8-топ І деңгей

Шымкент қаласы 13.11.2015ж.



Өзгеріс не үшін керек ?

«Дүниені өзгертудің ең күшті қаруы-ол білім»

Нельсон Мандела

Әлем өзгеруде.Қазақстанда да барлық салада ,соның ішінде білім саласында да өзгерістер болуда. ХХІ ғaсырда білім сaласында болып жaтқан өзгерістің ең үлкені - мектеп алдына қойылған жаңa тaлап.

Халық қаhарманы Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық- ұлы құрмет,себебi ұрпaқтaрды ұстaз тәрбиелейді,болaшaқтың бaлaсын дa дaнaсын да,ғaлымын дa ұстaз өсiредi» -деп,болашақ ұрпақтың ертеңiне дұрыс жол салу-ұстаздың міндеті екенін анықтап берді. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» (Strong Ward МАН І деңгей 19 бет)Халқымыздың ертеңгі болашағы бүгінгі мектеп табалдырығындағы жасөспірімдер осы мұғалім деген қадірлі маманнан дәріс алады. «Оқушы табысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыру негізгі талап болып табылады»деп атап көрсетеді.(Джеймс 2005 МАН І деңгей 86 бет).

Сондықтан, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлік бағдарлама бойынша тыңдаушысы болғанымды мақтан етемін. Бұл бағдарламаның мақсаты-педагог қызметкерлердің білімі мен дағдыларының ауқымын кеңейтудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру; қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында қазақстандық мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету(МАН 1 деңгей 2015 9 бет) Бұл мақсат күрделі болумен қатар ,көп еңбек етуді талап етеді.Алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс енгізуге ықпал ете алады.Қазіргі болып жатқан қарқынды өзгерістер еліміздің білім беру жүйесін қайта қарау керек екендігін көрсетіп отыр.Яғни ақпараттың шамадан тыс көп болуы,экономиканың жедел дамуы,жаһандану үрдісі,ақпараттық коммуникациялардың жаңа формалары,қоғамда тұлға рөлінің өсуі тағы сол сияқты мәселелер. Сонымен қатар адам қоғамының қызмет көрсету қоғамына айналуы. Бұл дегеніміз біздің оқушыларымызға қандай білім,білік,дағды,құзырлылықтар қажет екендігін айқындайды.Әрине олар қарым-қатынас құзырлылықтары ,кез келген адаммен тіл табыса білуі,кез келген жағдаяттарда өз орнын табу (Әлімов2013).Ғылым мен өндіріс технологиясының дамуы білім беру ісін реформалауды қажет ететіні сөзсіз де түсінікті. Қазіргі қоғам қолжетімді жоғары сапалы жаңа деңгейге сай білім беруді талап етеді. Сол себепті дәстүрлі оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды,оқушы мен мұғалім арасындағы сандық және сапалық қарым-қатынасты ,білім беруді қамтамасыз етуді шешу қажет.Білім беру саласында озық мемлекеттердің үздік нәтижесін сындарлы оқыту жүйесін мемлекетімізге ендірудің өзінде үлкен мән бар екенін ұғынуымыз қажет деп есептеймін. Мен әлем елдерінің білім беру жүйесінін талдай отырып,өз елімнің соның ішінде өз мектебімнің білім беру ортасын жаңа деңгейге көтеруге үлес қосқым келеді.Бұл ретте әлем елдері тәжірибесінде әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп үлгісі,орта мектептердің әрқайсысының қалыптасқан өзіндік қүрылымына көз жіберсек.Мысалы ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап дамыған елдердің қатарына кіретін мемлекеттерде білім сапасында өте көп реформалар жүруде.Оның басты мақсаты -заман талабына сай жаңашаландырып отыру керек. Өйткені әлемде қоғамның даму қарқындылығы үдей түсуде,экономика қарқынды даму үстінде, білім беру мазмұнын құру әдістері өзгеруде,білім беруде өте көп жетілдірілген үлгілердің жасалуы білім саласында өзгеріс енгізуді талап етеді. Осы ретте айтар болсақ, Финляндия білім беру жүйесісәтті және дер кезінде реформалау нәтижесінде талай жетістіктерге жеткен мемлекет. Бұл ел білім саласын дамытуға бүкіл қоғамды жұмылдырды,мемлекеттік қаржыландыруға ерекше көңіл бөлінді,мұғалімдердің айлық жалақысы 2-3 мың евроға өсті және де оқушылардың дене шынықтыруы, денсаулығына қамқорлық жасау,үй тапсырмасын азайту,салауатты өмір салтын қолдау,білім беруді ең соңғы ғылым мен технология жетістіктерімен кіріктіру арқылы зор табысқа қол жеткізген.Фин жүйесінде мектеп,ата-ана,оқушы үштігі тығыз қарым қатынаста жұмыс жүргізеді. Финляндияда ата-аналармектеп өміріне белсене араласады екен.Мәселен апта сайын сәрсенбі күні ата-аналар күні өткізіледі.Ата-аналар алдын ала шақыру қағазын алады,оған қай сәрсенбіде және қай уақытта мектепке баратынын белгілеу керек.Шақыру қағазымен бірге ата-аналар сауалнама алады,онда мынадай сұрақтарға жауап беру ұсынылады, «Оқушы мектепте өзін қалай сезінеді?», «Оны қандай тақырыптар қызықтырады?», «Сыныптастарымен ара қатынасы қандай?»(www Bilimkz сайты) Ата-аналар мектеп қызметі туралы өздерінің пікірлерін білдіріп,өз баласының білім сапасын бағалау жөнінде үш жақты(ата-ана,мектеп және оқушы) аңгімеге қатыса алады.(Асқарбек Құсайынов. «Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы). Ал бізде ата-аналар мектеп өміріне белсене араласпайды.Жиналысқа да тек үздік оқитын оқушылардың ата-аналарының келуі жасырын емес.

Финляндия елінде жауапкершілікпен оқытылады,оқушының бойында жауапкершілік сезімі мол,мaтериалды меңгерген,үй тапсырмасы үнемі тестпен жұмыс істеу болып табылaды..Оқу үрдісінде оқытудың «Білім алу» қағидасы жоғары.Фин мұғалімдері оқушылар өз қалауы мен шықпаса,оны жауап беруге өздігінен шақырмайды.Барлық оқушының кемшіліктері бір-бірінің арасында айтылмайды. Финляндия мектептеріндегі ең тиімдісі сыныптa 2 педагог:мұғалім және оның көмекшісі жұмыс жасайды.Бағдарламалaрын толық меңгерген, мектеп түлектері оқуға мұқият дайындалу барысындa өзіне не керектігін ізденіп, дайындалады.Дүниежүзінің кез келген жоғaрғы мектептің мұғалімдері шет елдердің тілдерін меңгеріп,фин,швед және ағылшын тілдерін білген түлегі осы елде жұмыс істеуге мүмкіндігі aртады.

Финляндия мұғалімдер мен оқушы арасында көшбасшылық қабілеттері өте белсенді терең рөл атқарады.Қaрапайым мақсаттан күрделі мақсатқа жоспарлау жұмысы жүргізіледі.Оған бaсты мінез-құлқын тәрбиелеу де жатады. Оқушылардың білімге деген көзқарaсы,болашақта не істей алатындығына көзі жетіп, өмірі өз қолындa екендігіне толығымен сенеді.Ұстаз мәртебесі жоғары, сонымен Фин елінде мамaндық иесіне деген құрметі өзгеше, мектепті бітірген түлектер ұстаздыққа деген талпынысы, құлшынысы өте жоғарғы деңгейде. Финляндия Білім министрлігінде педагогикалық кадрларының құрамын жас талантты мамaндары көп тартылады.Еуропа елдері арасында Финлияндия білім беру жүйесінде алғa шығып отыр.Сондықтaн Финлияндия мектебінің іс-тәжірибесі еліміздің мектептерінде сабақ беру тәжірибесін және оқу үрдісінде оқушылардың білімін жетілдіруге көп көмегі тиеді деп ойлаймын.

Осы мәліметтерге сүйене отырып,Финляндия мектептері үшін тиімді болған әдістерді өз мектебіме енгізгім келеді.Мұндағы менің негізгі мaқсатым Фин мектептеріндегідей креативті тұлғаны, яғни дарынды дa,талантты оқушыларды қалыптастыру,үш тілді меңгерулеріне ықпал жасай отырып,өзін-өзі бақылау,сөйлеу мәнері,сөздік қоры,тыңдау дағдыларын жетілдіру,мектеп, оқушы, ата-ана үштігін тығыз қарым қатынаста жұмыс жүргізу туралы түйінді ой қорыттым.

Сингапур елі.Сингапур елінің білім жүйесі аз уақыт ішінде қалай табысқа жетті?Бұл елде білім беру жүйесінде нені басты назарға алады екен?

Әр елдің білім беру жүйесі өзгеше, мақсаттары әр түрлі және өзіне тән тарихи даму сатыларынан өтіп дамыған.Осы ел соңғы небәрі 45жыл ішінде құрылып,білім жүйесінде жоғары нәтижеге жетіп,әлемге танылды.

Сингапурдың мектеп оқушылары халықаралық тестілеуде тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсететіні белгілі болды.

Сингапурде оқушылар мектепті бітірген кезде алынуы тиіс жеті нәтиже анықталған. Олардың ішінде - «ойлай білу және өз ойын айта білу» және «айналасындағы заттарға қызығушылық таныту» да бар. Қарапайым айтыла салған сияқты. Айталық басқа 5 нәтиже академиялық оқуға қатысты емес, мысалы; «жақсыны жаманнан айыра білу», «достық қарым - қатынас орната білу», «Сингапурді жақсы көру» сияқты құндылықтарға аса назар аударады. Алайда осы нәтижелерге бағыттау сингапурлық оқушылардың табысты болуларына мүмкіндік береді. (Асқарбек Құсайынов." Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы") Әлем деңгейінде білім саласында өзінің орнын ойып алатын Сингапурдың тәрбие мәселесін де қарастырып өтсек. Сингапурда, батыстағыдай жеткіншек ұрпақ нашақор болып кетті немесе отбасын құрмай жатыр, болмаса отбасылы болған жастар ажырасып кетті деген айғайды тағы естімейсіз,ондай жәйт өте сирек орын алатыны кез келген адамды қызықтыратыны анық. Осылайша Сингапур елінің білім мен тәрбие беру жүйесінің біздің оқу үдерісінен әлдеқайда алшақ екендігін біз аңғарып отырмыз,себебі біз үнемі сапалы білім саналы тәрбие беру мәселесін көптеп айтамыз,алайда ол тек ұран ретінде қалатындай.

«Тіл-тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы.Негізінде,білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады.Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу-оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал». (Ман 34-бет.)Диалогтің негізі тіл арқылы жүзеге асады десек,дұрыс сөйлей білу,ойын жүйелі түрде жеткізе білу,сөйлеу мәнерін саналы түрде қолдана білу-білімді оқушының бейнесі. Ал біз оқушыларға білім беру барысында Ушинский айтқандай керек емес қоқысты баланың басына үйіп салып береміз,алайда бала өскеннен кейін де сол қоқыстан арыла алмай жүреді. А.Алимов айтқандай «Мен айтып берсем шәкірт түсінеді!»деген ұстанымды бүгінде педагогикада «сөз арқылы емес,әрекет арқылы үйрену,үйрету қажет!» деген ұстанымға аустырсақ, Сингапурдағы жүйе секілді білім мен тәрбие өзінен өзі ұштасып, ол кереметтей нәтиже берері ақиқат. Еліміздің болашағы болып табылатын жастарды өз елінің рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу, сондай - ақ жастарды жылдам өзгеріп жатқан қоғам мен әлемде өзіне сенімді әрі табысты болуға мүкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өз алған білімдерін өмірде, практикада жүзеге асыру, функциональдық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндіктер береді.

Жапонияда1984 жылы ХХ ғасырға арналған халыққа білім беру реформасының алғашқы дайындығы басталыпты.Жапондықтар оны реформа эпохасының басталуы деп сипаттаған және жекелеген жақтары ғана емесбілім беру жүйесінің негізі реформалануы тиіс деп есептейді.Жаңа реформаның негізгі міндеттері:

-Әр бір адамға өмір бойы әсер ететін,үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру.

-Балалармен жасөспірімдердің білім алу кезеңіндеоқытудың құрамы мен әдістерін қайта жасау.Барлық білім беру жүйелері тығыз байланысты және бір мақсатқа, өсіп келе жатқан ұрпаққа дамыған жапон қоғамының ұлттық мәдени құндылықтарын беру мақсатында жұмылдырылған. Міне сондықтанда негізінде американдық модель жатқан жапонияның білім беру жүйесі еуропалық мәдениеттің әсеріне ұшырамай ұлттық құндылықтарын сақтап қалған.Жапонияның білім беру жүйесінің басты ерекшілігі адамның тұлғалық белсенді қабілеттерін дамытуға бағытталған. Қазақстан мектептерінің мектептерінің оқу бағдарламасына Оқушының рухани -адамгершілік тұлғасынын дамытуға бағытталған « өзін-өзі тану» пәні енгізілгеніне бірнеше жыл болды. Жапонияның жалпы білім беру жүйесінің басты артықшылығы орта буында оқушылардың білім алу дағдыларын қалыптастыруда қосымша курстар, «шеберлік мектебінде » ақылы өз бетінше білім алу арқылы жетілдіру үлкен рөль атқарады.Ал біздің оқушылардың көбінде өздігінен білім алуға деген ұмтылыс қалыптаспаған,ауылдық жерлерде отбасының материалдық деңгейінің төмендігі өздігінен білім алуға мүмкіндік бермейді.

Жапонияда мектепке дейін білім беруге үлкен көңіл бөлінген. Себебі психологтардың дәлелдеуі бойынша адам 7 жасқа дейін бүкіл өмір бойы алатын білімінің 70 % ын,ал одан кейін 30 % ін ғана алады екен. Балалық шақта баланың өзге адамдармен сөйлесу мәнері қалыптасады,ал ұжым құндылықтарына негізделген жапон қоғамы үшін бұл маңызды сипаттқа ие екендігі даусыз.Мектепке дейінгі білім жанұяда басталады. Өзге адамдармен қарым-қатынас жасауды балалар ата-аналарын бақылау арқылы үйренеді,дегенмен тәжірибе жүзінде топтық қарым-қатынасқа үйрену балабақшаларда,мектептерде жүзеге асады екен.Жапон тәрбиешілері балаларды қарым-қатынасқа үйрете отырып,оларды жекелеген кішкене топтарға бөледі.(www Bilim kz сайты) Бұл мектепке дейінгі тәрбиенің негізгі айырмашылығы болып табылады. Бұл топтардың өз үстелдері, және балалардың топ болып ақылдасып, яғни топтың әр бір мүшесінің ойын ескеріп таңдаған аттары болады. Бұл әрекеттер балаларды бірлесіп шешім қабылдауға үйрететіндігі сөзсіздеп ойлаймын. Балалар сұхбаттасушыны тыңдау,өз ойын жеткізе алу және қатарластарының ойларымен санасу сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Жапон балалары бастауыш мектептеде, орта мектептеде топ болып білім алуды жалғастырады. Менің пайымдауым бойынша бұл жүйе оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектеседі. Себебі топта оқушылардың өзін жайсыз сезінуі, соның салдарынан пайда болатын стресске ұшырау болмайды.

Қорытa келгенде, шығыс елдерінің бірі- Жапония,-сенімділік,рухани aдамгершілік құндылықтарын үйретуі aрқылы білімге баулиды. «Ел боламын десең,бесігіңді түзе дегендей кішкентайынан білімге ынталандырып,дaмуына,өсуіне мүмкіндік жасаған шығыс елінен үйренер іс-тәжірибелеріміздің аз еместігі ойлaндырады.Өз мектебіме оқушы бойында сенімділік, жақсы қaрым- қатынасты үйретсем деген ойдамын.

Әлемдегі білімсаласы бойынша озық тәжірибелі Финляндия, Сингапур, Жапония сияқты елдердің білім беру жүйесінде жүргізілген реформаларға талдау жасай отырып , бұл елдердің жетістікке жетуіне ықпал еткен әдістер мен тәсілдерін Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне қалай ендіруге болады және несімен тиімді деген сұрақтардың туындауы заңдылық. Талдау көрсеткендей бұл елдердің білім беру реформаларында адамгершілікке тәрбиелеу,ақпараттық технологияларды пайдалану дарынды балаларға арналған білім беру жүйесі ,сыни ойлау қабілетін дамыту,шығармашыл,ерекше ойлай алатын, ынтымақтастық қарым-қатынаста болатын, сөйлеу мәдениеті жоғары,жан дүниесі бай тұлғаны қалыптастыру сияқты міндеттердің қойылуы өте орынды және еліміздің білім беру жүйесіне енгізуді тиімді деп санаймын. Сонымен бірге бастауыш мектеп ұстаздарының әлеуеттендіру стратегиясын яғни ,баланы толық тұлға етіп қалыптастыруы мен ұстаздардың өз еркімен білімін жетілдіруінің ынталандыруы секілді тәжірибеге ендіруге болатын озық үлгілерін алуға болады деп ойлаймын. Ал, өз мектебіңнің тәжірибесіне қалай енгізер едің деген сұраққа келер болсам,деңгейлі бағдарламаның бірінші деңгей тыңдаушысы ретінде көшбасшылық жасау арқылы,коучинг және тәлімгерлік үдерісі арқылы,желілік қоғамдастық арқылы енгіземін деп айта аламын. Ал, қандай өзгеріс ендіремін? Оқушылар қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе біліп, ынтасы, сенімі,сыни көзқарастары жүйелі дамып, сандық технологияларда құзырлылық танытып және өмірден өз орындарын тауып,еліміздің өркендеуіне үлес қосатын болады.(МАН І деңгей 7-бет)

Мемлекетіміз күрделі өзгеріске бағыт алған, алпауыт мемлекеттермен терезесі тең халыққа айналуды көздеп отырғанда, біздің мемлекет «болмасаң да ұқсап бақ...» деп Ұлы Абайдың бізге қалдырған аманатына қиянат жасамай, қай салада болмасын қазақ халқы өзінің зеректігімен ерекшеленген, сол сияқты білім саласында да ойып орын алатын мемлекетке айналатынына сенімдімін.

Өзгеріс қажет мұғалімдер өзгеріс енгізуге дайын, алайда қалай және қандай жолмен жұмыс жасау керек екендігін біле алмай отырған сәтте халық қамын ойлаған елбасы деңгейлік білім бағдарламасының оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдердің үлгісін әкеліп, мемлекет аясына кеңінен таратуға жол ашып отырған Н.Ә.Назарбаевтың іскерлігі тағы да бір қырынан танылды деп айтуға болады. Кез келген адамның қажеттілігін қанағаттандыратын іс - әрекеттер жасап, елінің әрбір азаматының жүрегіне үңіле білетін қабілеттілігін әлеуетінің жоғарылығы мен ерекшеленетін бір туар тұлға. Қазақ халқының саясатын таратушы жандандырушы ұлы тұлға - ол мұғалім деп айтуға болады.Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушының танымдық белсенділігін, өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы сындарлы білім беру моделіне көшу мемлекетке керек екендігін әрбір ұжым мүшесі, әрбір ұстаз сезініп отыр.Осы білім саласына еніп отырған реформасы түбегейлі өзгерістер енгізуге оның ішінде әдіс-тәсілдердің ұстаздар тарапынан кең қолдауға ие болатынына және де стратегиялық жылдамдықпен іске асатынына сенімдімін.Біздің елдегі мақсат баланы білімді етіп даярлап шығу болса,меніңде мақсатым баланы сөйлете отырып білім шыңына көтеру. Жоғарыдағы шетелдердің тиімді әдістерінің менің ойыммен үндесетін тұсы да осымен сәйкес келеді.Сондықтан осы ерекшеліктерді саралай келе, мен мектебімде диалогтік оқыту тәсілін қолданған тиімді деп ойлаймын.











</ Пайдаланылған әдебиеттер:



1.І деңгей тыңдаушыларына арналған Нұсқаулық

2. А.Құсайынов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы» Алматы 2013

3. А.Алимов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері

4. «Жас ғалым» балаларға арналған республикалық ғылыми танымдық жұрнал 2013

5.www Bilimkzсайты





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал