7


  • Учителю
  • ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ІС ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ІС ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әкелер кеңесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

1.1. Мектеп Әкелер кеңесінің ережесі ҚР «Білім беру» Заңы, ҚР «Бала құқығы» Заңы, ҚР «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» Заңдарын негізге ала отырып жасалды.

1.2. Әкелер кеңесі қызметі Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативті-құқықтық актілерімен іске асады.

1.3. Әкелер кеңесі мектептің ата-аналар жиналысының бөлімі болып табылады.

2. Мақсаты мен міндеттері

2.1. Әкелер кеңесін құрудың мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.

2.2. Өз қызметінде Әкелер кеңесі келесі міндеттерді шешеді:

2.2.1. Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету.

2.2.2. Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау

2.2.3. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру.

3. Әкелер кеңесінің құзіреті

3.1 Әкелер кеңесі құзіретіне кіреді:

- оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру;

- өмірлік қиын жағдайға тап болған ата-аналармен, оқушылармен қоғамға жат әрекеттер мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсініктеме жүргізу;

- педагог қызметкерлерге ішімдікке, темекі тартуға, қоғамға қарсы жат мінез құлықтар көрсетудің алдын алу шараларын ұйымдастыруда көмек көрсету;

- кеңеске жергілікті басқару мекемесінен, қоғамдық ұйымдардан өкіл, жеке кәсіпкерлерді, бұқаралық ақпарат қызметкерлерін шақыру;

4. Әкелер кеңесінің құқығы мен жауапкершілігі

4.1. Әкелер кеңесінің құқығы:

- жасөспірімдердің қоғамға қарсы әрекеттерімен, қиын отбасылармен жұмыс істеуге, шешімдер шығаруға;

- жасөспірімдердің құқығы мен заңды қызығушылықтарын қорғауда өз көзқарастарын кіргізе алады;

- жасөспірімдерді қоғамға жат мінез құлық көрсетуге, құқық бұзуға тартатын ұйымдарды, жеке адамдарды жауапкершілікке тарту мақсатында мемлекеттік орындарға шағым жасауға;

- сұрақтарға жауап беру үшін әкелер кеңесі құқық қорғау қызметкерлері, қамқоршы және қорғаншы орындарынан сұрақтарға жауап беру үшін қызметкерлер шақыра алады;

- әкелер кеңесі қабылдаған шешіммен барлық қызығушы адамдар мен жергілікті өзін-өзі басқарушы мекемелер таныса алады.



5. Әкелер кеңесі мүшелері

5.1.Әкелер кеңесі мүшесі болып ата-аналар ұсынған (заңды өкілдері) әкелер бола алады.

5.2. Әкелер кеңесі шақыруымен әкелер кеңесі жұмыстарына жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері, ОВД инспекторы, қамқоршылық бөлімінен қызметкерлер қатыса алады.

5.3. Әкелер кеңесінде дауысты тек әкелер кеңесі мүшелері, инспекторы, қамқоршылық бөлімі өкілі бере алады.

5.4. Отырысты бірінші жиналыста көп дауысқа ие болып сайланған председатель жүргізеді.

5.5. Хаттама жазу үшін кеңес мүшелері ішінен хатшы сайланады.

6. Әкелер кеңесі жұмысын ұйымдастыру және жүргізу

6.1 Әкелер кеңесі отырысы жылдық жоспар бойынша өткізіледі немесе кезектен тыс мәселелерді шешуде жылына 2-ден кем емес.

6.2 Әкелер кеңесі мүшелері мектеп бұйрығымен бекітіледі.

6.3 Әкелер кеңесі отырысы мүшелерінің 2/3 бөлігі жиналғанда өкілетті болып табылады.

6.4 Әкелер кеңесі шешімін мүшелерінің 50 пайызы дауыс берілгенде қабылданады.

6.5 Әкелер кеңесі хаттамамен рәсімделеді, онда уақыты, қанша адам жиналғаны және қаралған мәселелер көрсетіледі

6.6 Әкелер кеңесі отырысының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды.



«Бекітемін»

Мектеп директоры: Р.Сапаров

С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі бойынша

«Ұлағат» әкелер кеңесінің жұмыс жоспары 2015-2016 оқу жылы

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

1

«Ұлағат»әкелер кеңесінің жоспарын бекіту.

Қыркүйек

Әкелер кеңесің төрағасы:

Сүндетов Эдуард

2

Әкелер кеңесі мәжілісін өткізіу.

Тоқсанына 1 рет

Әкелер кеңесі мүшелері

3

Жалпы мектепішілік іс-шаралар кезінде ерікті жасақтың кезекшілігін ұйымдастыру.

Мектеп жоспары бойынша

Әкелер кеңесі мүшелері

4

Оқушыларды тәрбиелеу мәселелері бойынша әкімшілік жиналыстарға қатысу.

Әр жұма сайын

Әкімшілік, әкелер кеңесі мүшелері

5

Кешкі уақытта мұғалімдермен бірлескен рейдтер жүргізу.

Кесте бойынша

МДТІЖО

Психолог сынып.жет.

Ата-аналар комитетті, әкелер кеңесі мүшелері

6

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру рейдтері

Айына 1 рет

Әкелер кеңесі мүшелері

7

«Сәтсіз» отбасыларды; мектепішілік есепте тұрған оқушылармен құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөніндегі әңгімелер жүргізіп, балалардың отбасын аралау.

Жыл бойы

Әкімшілік, әкелер кеңесі мүшелері

8

Мектеп ережесін бұзушы балалармен алдын-алу жұмыстары.

Уақытында

Әкелер кеңесі мүшелері

9

Ер балалармен темекі шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың зияны туралы алдын-алу әңгімелері (мамандармен кездесу )

Жыл бойы

Әкелер кеңесі мүшелері

10

Оқушылардың денсаулықтарын сақтау жұмыстарына ықпал ету, оларды салауатты өмір салты құндылықтарына тарту.

Спорттық іс-шаралар жоспары бойынша

Әкелер кеңесі мүшелері

11

Әртүрлі жалпы мектепішілік шараларды ұйымдастыру мен өткізуге көмек жасау.

Жыл бойы

Әкелер кеңесі мүшелері


12

«Жыл ата-ана»байқауы

Қараша

Н.Жумалиева

Ата-аналар ,әкелер комитетті.

13

«Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен» тақырыбында кеш ұйымдастыру.

Қаңтар

Әкелер кеңесі мүшелері

14

. «Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы» мерекелік кеш

Наурыз

Әкелер кеңесі.

15


«Баламның болашақ мамандығы» педагогикалық-психологиялық кеңес


Г.Кубашева

16

7-9 мамыр мерекелерін ұйымдастыру.

Мамыр

Әкелер кеңесінің мүшелері


Әкелер кеңесің төрағасы: Сүндетов Эдуард

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Р.Сапаров



С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі бойынша

«Ұлағат» әкелер кеңесінің отырыстары

2015-2016 оқу жылы

Атқарылатын жұмыстар

Күні

Жауапты

1

1.Жылдық жұмыс жоспарын талқылау және бекіту.

2.«Ұлағат» әкелер кеңесінің төрағасын, мүшелерін тағайындау.

3.Ағымдағы мәселелер.

Қыркүйек

Н.|Жумалиева


2

1.Ата -аналармен атқарылған жұмыстардан хабарлама .

2.Мектеп оқушыларының сабаққа қатысы туралы хабарлама

3.«Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңының орындалысы » хабарлама

4.Ағымдағы мәселелер.

Қараша

Н.Баженова



Н.Жумалиева



П.Нуралина



Н.Жумалиева

3

1. «Ұлағат» әкелер кеңесінің жұмысынан хабарлама.

2. «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен»тақырыбындағы семинарды жоспарлау.

3. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар барысы.

4.Жайсыз отбасылармен атқарылған жұмыстар жайы.

Ақпан

Э.Сүндетов



Н.Жумалиева

А.Куанышева



Изтелеуова Н

К.Кубайдулина

4

  1. Тренинг. «Әке -отбасы қорғаны»

  2. 2.«Тұлпар» ұлдар ұйымының жұмысынан хабарлама

3.Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардан хабарлама.

4.Мемлекеттік рәміздердің орындалысы.

Сәуір

Г.Кубашева

А.Масалимов



Н.Жумалиева



Г.Харесова

Әкелер кеңесінің төрағасы : Э.Сүндетов





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал