- Учителю
 - Абай Кунанбаев шыгармашылыгы
 
Абай Кунанбаев шыгармашылыгы
Сабақтың тақырбы : Абай Құнанбаев шығармашылығын қайталау
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: А.Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы
бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау,
бекіту
2. Дамытушылық : Шығармашылық тапсырмалар,
сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін , тіл
байлығын дамыту
3. Тәрбиелік : Ұлы ақынға деген құрмет, мақтаныш
сезімге тәрбиелеу,адамгершілік қасиеттерге баулу .
Сабақтың типі : аукцион сабақ
Сабақтың әдістері : Баяндау, оқу, топтастыру әдісі, венн диаграмасы ,
«кубизм» стратегиясы , «Ой қозғау» т.б
Сабақтың көрнекілігі: А.Құнанбаев портреті, электронды оқулық, слайд
көрсету, кесте, кластер , эвро тарату
Сабақ барысы :
І . Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушыларды психологиялық жағынан дайындау, тілек тілеу, тақтадағы қол ұстасып тұрып оқиды.
К
үндей жадырап, 
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.!
2. Сабақ мақсатын қою. Топқа бөлу . Оқушыларды асықтың түсі арқылы топқа бөлу .
І топ- қызыл түс
ІІ топ- жасыл түс
«Сары» түс бақылаушы ретінде топтардың жұмысына баға береді.
ІІ . Үй тапсырмасын тексеру «Ой қозғау » стратегиясы
«Білгенің абзал»
-  
Абайдың туған жері /1€ /
 -  
Абай кім ? /5€ /
 -  
Абайдың бір өлеңін жатқа оқы /20€ /
 -  
«Ескендір » поэмасының негізгі идеясы не ? /50 € /
 -  
Ескендір неше жасында патша болды. Ол туралы не білесің? / 5 € /
 -  
Поэмада қандай қасиетер сөз болады ? /20€ /
 -  
«Ескендір » поэмасының түйіні неде ? /100€ /
 
ІІІ. «Білімдіден шыққан сөз, білімдіге болсын кез» .
«Кубизм стратегиясы » арқылы талда ,зертте, салыстыр
-  
тапсырма .Өлеңдерін құрылысына қарай талдау /20 €/
 
І топ
Абайдың «Күз» өлеңін құрылысына қарай талдау
ІІ топ
«Жазғытұры » өлеңін құрылысына қарай талдау
-  
шумағы
 -  
тармағы
 -  
бунағы
 -  
буын саны
 -  
ұйқас түрі
 -  
көркемдік ерекшелігі
 -  
идеясы
 
 
-  
тапсырма Қара сөздерінің мағынасынан не түсіндің, ой түйіндеп айт. /50€/
 
Қара сөздері
Не түсіндің?
І топ
Он тоғызыншы қара сөзі
 
ІІ топ
Жиырма төртінші қара сөзі
-  
тапсырма Венн диаграммасы арқылы салыстыру /100 €/
 
І топ
Абай Құнанбаев «Күз» өлеңі мен Хамит Есентаевтың «Күз » өлеңі
ІІ топ
Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры» мен І. Жансүгіровтің «Жазғытұрым » өлеңдерін салыстыру
Мысалы :

 
 
IV. Сергіту сәті
«Желсіз түнде жарық ай » әні орындалады.
V. Топтастыру стратегиясы
Постер қорғау
І топ «Абай- ақын, аудармашы »
ІІ топ «Абай - сазгер, ойшыл» Кластер толтыру / 50€ /
 
Орыс әдебиеті мен байланысы 
Х
ІХ ғасыр әдебиеті өкілі 

 
 

Ақын Семей жері 


 
сазгер , аудармашы ойшыл
 
VІ . Сабақты қорыту
«Есті болам десең, Абайды оқы ерінбе » эссе жазу /5 €/ /3 минут/
VІІ . Сабақты бағалау . Оқушылар бірін- бірі жауап парақтары арқылы бағалайды.
VІІІ. Үйге тапсырма 121-122 бет оқу, қосымша материал дайындау
Рефлекция кезеңі . Кері байланыс жасау
Оқушыларға өтілген сабақ бойынша
 
Ұнады Ұнамады
деген ойларын білу

 
Рымбаева Заурехан
Алматы облысы Сарқан ауданы
Екіаша орта мектебі КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қосымша 1